"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОЙ ЖЫЛЫН ҚУАНЫШПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

10.01.2015
ҚОЙ ЖЫЛЫН ҚУАНЫШПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейліктер жылдағы дәстүр бойынша 31 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесін Орталық алаңдағы биік те әсем шырша маңында мерекеледі. Алаңға жиналған жұртшылық үшін қаладағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы мен театрландырыл-   ған қойылымдары ұсынылды.

{jcomments on}Мерекеге арнайы дайындалған концерттік бағдарламалар тұрғындарды шаттыққа бөледі. Ал балалар жағы Аяз ата мен Ақшақармен естелік суретке түсіп, қуаныштан жүздері бал-бұл жанды. Орталық алаңдағы алып шырша маңына жиналған жұртшылық бір-бірін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

— Жаңа Қой жылы құтты болсын! Құтты жыл болсын. Елімізде әрдайым тыныштық болып, әр отбасы қуанышқа кенеле берсін. Өткен жыл да есте қаларлықтай жыл болды. Қой жылында да, лайым, жақсылық болсын. Семейіміз гүлдене берсін, — деді қала тұрғындарының бірі Дидар Байғазинов.

Мерекелік кешке сән берген Аяз ата мен Ақшақар да сахна төріне көтеріліп, өз тілектерін жеткізді. «Жаңа жылда тек жақсылықтар көп болсын»,- десті. Ертегілер әлемінің кейіпкерлері де театрландырылған көріністер көрсетіп, көпшіліктің көңілін сергітті.

Орталық алаңдағы жаңажылдық мерекеге қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов келіп, жұртшылықты Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

— 2014 жыл – еліміз үшін, соның ішінде Семей үшін, табысқа толы жыл болды. Алға қойған барлық жоспарлар сәтімен жүзеге асты. Оған қала жұртының да қосқан үлесі зор деуге болады. 2015 жыл да Семей үшін табысты жыл болады деп сенеміз. Қой жылы ырыс пен молшылықты ала келсін. Дендеріңіз сау болсын. Әр шаңырақтан сәбидің сыңғырлаған күлкісі кетпесін. Әрбір отбасына береке-бірлік тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! — деп, өзінің тілегін айтқан Зәуреш Исабаева жұртшылықты қала әкімі Айбек Кәрімовтің атынан да құттықтады.

Өз кезегінде сөз алып, Орталық алаңға жиналған көпшілікті жаңа жылмен құттықтаған қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов жұртшылыққа зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, ынтымақ пен ырыс, береке-бірлік тіледі.

Жаңа жыл кеші өнер ұжымдарының концертімен жалғасты. Концертте бірқатар өнер майталмандары әннен шашу шашты. Осылайша, қала жұрты ескі жылды шығарып салып, қой жылын салтанатты түрде қарсы алды. Күннің суықтығына қарамастан, семейліктер Орталық алаңдағы әсем шырша маңында Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен мерекеледі.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС