"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абыройлы азамат

11.02.2025
Абыройлы азамат
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кез келген мекеменің тазалығы мен тәртібі – оның бет-бейнесі. Үшбиік ауылының Ақтайлақ би атындағы орта мектебіне бара қалсаңыз, мұнтаздай таза,
жинақы ауласын көріп, көзің қуанады. Бұл тазалықтың артында үлкен еңбек жатыр. Көп жағдайда біз оны байқай бермейміз.

Мектеп ауласын сыпырып, тазалықты қадағалайтын — Бақытбек Қалиев деген азамат. Ол Үшбиік ауылының Ақтайлақ би атындағы орта мектебінде аула сыпырушы болып 15 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Бақытбек аға жұмысына таңертең ерте кіріседі. Ауланы қоқыстардан тазартады, қыс мезгілінде қар күреп, мұз ойып, мектеп айналасын күтіп ұстайды. Кей кездері тіпті кішігірім жөндеу жұмыстарына жәрдемдесіп жатады. Оқушыларға көмектесіп, кеңес беріп жүреді.

Әр мектептің өзіндік тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері болады. Сол дәстүрді қалыптастырушылардың қатарында мұғалімдер ғана емес, білім ордасының тазалығына жауапты жандар да бар. Сондықтан еңбегі елене бермейтін аула сыпырушыларға да алғыс айтып, құрмет көрсету па-
рыз. Олардың адал еңбегі – біздің күнделікті жайлылығымыз бен қауіпсіздігіміздің кепілі. Қоғам үшін ұстаздың, дәрігер мен өрт
сөндірушінің маңыздылығы қандай болса, аула сыпырушы мен еден жуушының да маңыздылығы дәл сондай.

Өзгелерге көмектесуді өмірлік ұстанымына айналдырған адамдар болады. Мұндай азаматтар әр ауылда бар. Жерлестерінің қамын ойлап, әрдайым жанынан табыла білетін, қайтарымын күтпей, риясыз жақсылық жасайтын олар ауылдың нағыз жанашырлары. Біреуінің үйіне отын түсіріп берсе, енді біріне ауласын реттеу ге көмектеседі, шаруасын шешіп береді. Тағы бірде ауруханаға жете алмай қиналған адамдарды өз көлігімен апарып тастайды. Мұндай қайырымды азаматтар – қоғамның нағыз тірегі. Осындай жандардың еңбегі мен жанашырлығы — ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау. Олар жастарға еңбекқорлық пен қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді. Ауылда қиын жағдайға тап болған кез келген жан олардың есімін біледі және көмек сұраудан қымсынбайды. Сондай жандардың бірі – осы Бақытбек аға. Бақытбек Қалиев секілді жанашыр жандар көпке үлгі болып, ауылдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға өз үлестерін қосады. Олар үшін ең үлкен марапат — ауыл тұрғындарының алғысы мен құрметі.

Бақытбек аға — сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Ат баптайды, аңшылық пен құсбегілік өнерге де жақын. Қамшы өруді де жақсы меңгерген. Қамшының түрлерін, ерекшеліктерін жақсы білетін ол бұл қолөнер түрін жастарға насихаттап жүр. Қамшы тек мал айдайтын құрал емес, қазақы дәстүрде тәрбие құралы, батырлардың серігі, билердің символы болған. Шебер мектепте үзіліс уақытында және сыныптан тыс шараларда оқушыларға қамшы
өрудің әдістерін үйретіп келеді.

Бақытбек аға жұбайы Мейізгүл апай екеуі екі ұл өсіріп, келін түсіріп, немере, шөберелерінің қызығын көріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

3 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

3 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

3 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

4 дня бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС