"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ЖІТІ НАЗАРДА

10.01.2015
ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ЖІТІ НАЗАРДА
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімдігінің кіші залында жақында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалған Димитрий Гариковтың төрағалығымен қаладағы жылу маусымының өту барысына арналған облыстық штаб отырысы өткізілді.

Штаб отырысына Семей қаласындағы 2014-2015 жылдардағы жылу маусымының өту барысы мен «Теплокоммунэнерго» МКК дебюторлық қарызы мен кредиторлық қарызын төмендету бойынша атқарылып жатқан жұ-мыстар барысын талқылады.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ағымдағы жылы қардың көп жауатынын, осыған байланысты тиісті мекеме басшылары көшелерді қардан уақтылы тазартып, жұмыстарды күшейту керектігін тапсырып, бұл жұмыстар өз кезегінде автокөлік қатынасын, жолаушылар тасымалы мен жалпы қала өмірін жандандырады деп атап өтті.

Димитрий Гариков штаб отырысын қайта жандандырып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу керектігін, сондай-ақ апта сайын қалада осындай отырыстар өткізілу қажеттігін жеткізді.

— Штаб отырысын қайта жандандырып,  жұ-мыстарды күшейткеніміз дұрыс болады. Отырыс-қа бірінші кезекте «Теплокоммуноэнерго» мекемесі, сот орындаушылары қатысып, атқарылған жұмыстар жайында ішкі саясат бөлімі мамандары халықты хабардар етіп отыруы керек.  Әрбір берешегі бар тұрғын қарызын қайтаруы қажет. «Теплокоммунэнерго» мекемесі де берешегі барларды жылудан ажыратудың жолдарын қарастырса дұрыс болады, — деген Д.Гариков бұл    бағытта ІІБ-мен бірлесе жұмыс жасауда жақсы тәжірибе барын атап өтті. Бұл ретте ол қарызы бар тұрғындармен   ішкі істер органдары қызметкерлерін тарта отырып, тиімді жұмыс жасауға болатынын, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін баса айтты.

Бұдан кейін жылу маусымында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған  «Теплокоммунэнерго» МКК-нің техникалық директоры Асхат Букатов биыл қаланы жылумен қамтамасыз ету мақсатында барлық 18 қазандық, 70 жылу пункттері қосылғанын атап өтті.

 

{jcomments on}- «Теплокоммунэнерго» МКК биылғы жылу маусымын өткізу үшін бірқатар жұмыстар ат-қарды, оған барлығы 169 млн. теңге қаражат жұмсалды. Әртүрлі дәрежедегі бюджеттен 127 млн. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, — деді А.Букатов. Ол, сондай-ақ, Ғаббасов көшесіндегі жылу көзінің барлық үш қазандығы жұмыс жасауға дайын екенін, орталық қазандықтағы үшінші қазандықты ауыстыру аяқталуға жақын қалғанынан да хабардар етті. Бұған қоса, 5,5 шақырымнан астам жылу жүйесі ауыстырылған.

 

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары биылғы маусымда аяқталмай қалған барлық жұмыстарды келесі жылу маусымында жүргізуді, оған қазірден дайындықты бастауды айтып, әсіресе дебюторлық қарызға ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл ретте қала әкімінің орынбасары Асхат Хосчанов бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын, нәтижесінде ағымдағы дебюторлық берешекті жинау ай сайын кем дегенде 90 пайызды құрап отырғанын атап өтті.

— Соңғы екі жылда тұтынушылардан берешекті жинау күшейтілген тәртіппен жүргізілді. Осы мақсатта 10 жедел топ құрылып, оның құрамына сот орындаушылары, ІІБ мен ТҮКШ, қалалық әкімдік өкілдері кірді. Осының нәтижесінде ай сайын кем дегенде қарыздың 90 пайызы жиналып отыр. Жергілікті жерлерде бұл 98 пайызды құрады, — деп атап өтті А.Хосчанов.

Жылу берушілер алдындағы қала тұрғындары мен кәсіпорындардың дебюторлық берешектері мен оны төмендету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде «Теплокоммунэнерго» МКК бөлім басшысы Гаухар Жетпісбаева толыққанды ақпарат берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні ағымдағы берешек 256 млн. теңгені құрайтын көрінеді. Соның ішінде  29 млн. теңге заңды тұлғалар еншісінде екен. Ал берешектің ең көп мөлшері тұрғындардың үлесіне тиіп отыр. Ол бүгінде 222 млн. теңгені құрап отыр.

— Ай сайын тұтынушыларымызға төлем түбіртектерін ұсынамыз, ал екі айдан астам төлем жасамаған тұрғындарға қызмет түрі ажыратылатынын және істің сотқа жолданатынын ескертеміз. Бүгінгі күні қала бойынша сот орындаушыларында жеке тұлғалардың 2543 ісі бар, ол 125 млн. теңгені құрап отыр. Заңды тұлғаларға қатысты 35 млн. теңгені құрайтын 53 іс бар,- дейді Гаухар Жетпісбаева.

Осы ретте Димитрий Гариков атқарушы билік пен коммуналдық қызмет саласының мамандары берешекті қайтару мәселесін әрдайым бақылауда ұстау керектігін атап өтті.

— Жағдайды тиімді бақылап отыру үшін әрдайым бақылау қажет. Ай сайын арнайы кесте жасалып, онда барлық көрсеткіштер болғаны жөн. Бұған қоса қарызды төмендетуде коммуналдық қызмет пен қала басшылығы ғана жұмылдырылмай, бұл іске құқық қорғау органдары және салық басқармасы, сот орындаушылары белсенді араласуы керек. Берешек болу тікелей жылу көздерін жанар-жағармай мен отынмен қамтамасыз етуде қиындық    тудырады. Ал ең бастысы жылу берушілердің жалақысы кешіктіріледі. Бүгінгі күні еңбекақы бойынша жалпы қарыз 69 млн. теңгені құрап отыр, — деді Д.Гариков.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындары алдындағы берешек мәселесі облыс әкімінің бақылауында екенін, тұтынушылардың берешегін қайтару бойынша атқарылып жат-қан жұмыстарды БАҚ арқылы халыққа көрсету керектігін, осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС