"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰРЫЛЫС БАҒЫТЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

10.01.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімов биылғы жылдың бірінші аппараттық кеңесін өткен жылға талдау жасау мен алда атқарылатын істерді пысықтап алуға арнады. Қала басшысы 2014 жылы барлық сала бойынша жоcпарлар болжамға сәйкес жүзеге асқанына тоқталып, барлық же-тістіктер тиісті мекеме басшылары мен мамандардың өз істеріне тиянақтылығына және халқымыздың еңбекқорлығы мен жауапкершілікті сезіне білуіне қатысты екенін атап өтті. Семей өңірінің әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, қоғамдық бағыттағы жұмыстарын жүргізу келешекте де биік деңгейден көріну керектігі жүктелді. Әкімшілік аумақтағы тұрғындар саны 350 мың адамға жақындап қалуы – өңіріміздің халық тұрмысына жайлы екендігін білдіретін көрсеткіштердің бірі. Сол себептен де әр басшыдан, жауапты қызметкерлерден жұмыс нәтижесі өте қатаң талап етілетін болады.

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Қасенова былтырғы жылдың көрсеткіштері бойынша мәлімет берді. Әлеуметтік-экономикалық даму рейтингі кестесі бойынша қала 15 орынға көтерілген. Бұл көрсеткіш кезінде облыс бойынша 19 орындарда болғанын ескерсек, өңірдің өрлеуі алдыға әжептәуір жылжығанын байқаймыз. Бірқатар мысалдар келтіре кетсек, өнеркәсіп саласы былтырғы 12 ай ішінде 133,0 млрд. теңгенің өнімін игеріп, көздеген межені 108,5 пайызға орындаған. Рейтинг бағанасында 13 орынды иеленген. Алдыға қойған жоспарды өндіріс орындары 107,6 %, тау — кен өндіріс орындары 119,7 %-ға жүзеге асырған. Ауылшаруашылық саласында да жаңа табыстар жоқ емес екен. Бұл бағытта былтырғы жылға қарағанда 1,5 млрд. теңгенің өнімі артық игеріліп, ет өндіру мәселесі 4,5%-ға, жұмыртқа өндіру 2 есеге артқан. 1 қаңтарға сақталған ірі қара саны 45 мыңға тақаса, жылқы 26 мыңды құраған.

Семей қаласында кең қанат жайған саланың бірі  шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады. Бюджеттің де негізгі бөлігі осы ортадан құйылатыны рас. Шағын бизнес бағытындағы белсенді мекемелер қатары 1100 бірліктен асқан. Бөлшек    саудадағы тауар айналымы 138 млрд. теңгеге жетсе, салынған инвестиция 50 млрд. теңгені құраған. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 12,5 млрд. теңгеге жақындаған.

Соңғы жылдары қала аумағында тұрақты дамып, қалыпты қарқынын сақтап отырған бағыт ретінде құрылыс саласын айтуға болады. Келтірілген деректерге қарағанда, тұрғын үй құрылысы алдыңғы жылдардан 1,5 есеге көбейген. Бұл көрсеткішті 2014 жылы 500-дей семейлік отбасы өзінің қоныс тойын тойлағаны туралы мәліметтер бекіте түседі. Осынау қарқын биыл тіптен үдей түседі деп күтілуде. Ендігі кезекте тұрғын үй құрылысының жалпы көлемін кем дегенде 150 мың шаршы метрге дейін ұлғайтудың жобалары жасалыпты. Қаланың ішкі аумағында тұрғын үй құрылысына жер тапшы болып келгеніне қарамастан, соңғы бірер жылдағы құрылыс көлемі 70 мың шаршы метрден 115 мың шаршы метрге дейін өскен болатын. Бұл көрсеткіштер алдағы жаңа жобалардың да өз мерзімінде орындалатындығына мысал бола алады.

 

{jcomments on}Біздің қаладағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының тағы бір ерекшелігі — осы салаға инвестиция жекеменшік тараптан көптеп тартылуда. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасына сәйкес салынған балабақша санына (18) келсек, Семей рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында да жекеменшік әріптестіктің үлесі 50 пайызға дейін барған. Бас жоспардың бекітілуімен кең тыныс алған құрылыс екпіні үстіміздегі жылы, тұрғын үйлермен қатар, 1200 орындық мектеп пен 1290 орынды балабақшаның іргесі көтерілмек.

 

Биыл өңірімізде құрыш білек құрылысшылардың еңбегіне жылдағыдан да жоғары сұраныс болатынын тағы бірнеше дәйектермен толықтыра кетсек. 2015 – 2017 жылдарға арналған өңір экономикасын дамыту Моделінде аталмыш бағытқа басымдық беріліп отыр. Оның үстіне Семей аумағында құрылыс кластері толық қалыптасқан, құрылысқа қажетті материалдың шегеден шиферге дейінгі барлық түрі жергілікті жерде өндіріледі. Облыс әкімі Даниал Ахметов соңғы келген сапарында жергілікті құрылыс материалдарының көрмесімен танысып, Семей кәсіпкерлерінің мүмкіншілігіне көз жеткізіп, өңір құрылысына тиісінше жергілікті материалдарды пайдалану қажеттігін қадап айтқан еді.

Сонымен, қой жылына арналған жоба-жоспарларды орындаудың нақты қадамдары басталып кетті. Қала әкімі А. Кәрімов барлық мекеме басшыларын әр сала      бойынша нысанаға алынған жұмыстардың тиянақты орындалуын қадағалауға шақырып, бірқатар міндеттемелер жүктеді. Жоғарыда аталған шаруалармен қатар, магистралдық көшелер мен инфрақұрылымды жаңарту — жаңғырту, коммуналдық қызмет, жолаушылар тасымалы мәселелерін ілгері бастыруға күш жұмылатындығын жеткізді. Қала басшысы алда атқарылатын жұмыстарға шолу жасай келе, аппараттық кеңесті коммуналдық автопарк ашу, бұрынғы балабақшаларды кері қайтару, Ертіс өзені жағалауын бекіту, көшелерді абаттандыру сияқты тағы бірнеше мәселелер бойынша тапсырма берумен аяқтады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС