"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Орнықты даму және оның аймақтық аспектілері

31.03.2025
Орнықты даму және оның аймақтық аспектілері
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Мықты аймақ – мықты мемлекеттің негізі», ал орнықты даму әр өңірдің әлеуеті мен басқару жүйесіне байланысты. Абай облысы – болашағы зор, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктері мол аймақтардың бірі. Өңірдің орнықты дамуы экономикалық өсіммен қатар, экологиялық тепе-теңдік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтауды көздейді. Осы үш бағыт бойынша негізгі көрсеткіштерді талдасақ:

1) Экономика

1.1 Абай облысы бойынша жалпы өңірлік өнім соңғы 3 жылда тұрақты түрде артқан (млн.теңге)

ҚР ҰСБ мәліметі

1.2. 2028 жылға дейінгі облыстың инвестициялық жобалар пулына жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын 28 жоба енгізілген, бұл 7,7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Негізінен, бұл жобалар түсті металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен өндірісі, тамақ, ағаш өңдеу және құрылыс индустриясы салаларында жүзеге асырылады. 2023 жылы жалпы құны 22,3 миллиард теңге болатын 4 инвестициялық жоба аяқталды

  • Экология, қоршаған орта

2.1. Абай облысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығындыларын төмендету жұмыстары жалғасуда, нәтижесінде 2021 ж – 40,9 -дан  2023 ж 38,5 мың тоннаға азайған

ҚР ҰСБ мәліметі (мың тонна)

2.2. Өңірде 2024 жылдың сәуір мен қазан айлары аралығында 266 қоқыс жиналу орны анықталып , бүгінгі күнге дейін 133 заңсыз орны жойылған .

  • Әлеуметтік бағытта

2.1 2023-2025 жж. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында облыста 5 700 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы жоспарланған (Семей қаласында – 3 600 орындық 5 мектеп, Аягөз ауданында – 900 орындық 2 мектеп, Ақсуат ауданында – 600 орындық 2 мектеп, Бесқарағай ауданында – 300 орындық 1 мектеп, Жарма ауданында – 300 орындық 1 мектеп).

2.1 «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін облыста 10,8 миллиард теңгеге 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланған.

Дегенмен, өңірде өндіруші саладан өңдеуші салаға өту күрделі жағдайда тұр. Жаһандық сын-қатерлерге дайындық әлсіз, ал инфрақұрылымның тозуы экономика мен тұрмыс сапасына кері әсер етуде (энергожүйе – 84,4-95%, жылу жүйесі – 64,2%, су құбырлары – 50%-дан астам тозған). Қоршаған ортаның ластануы аймақтың денсаулық жағдайына да ықпал етеді. Зерттеулер бойынша, жалпы аурулардың 20%-ы және онкологиялық аурулардың 50%-ы экологиялық факторлармен байланысты. 2022-2023 жылдары өңірде қатерлі ісік диагнозы алғаш рет қойылған науқастар саны 7,3%-ға өсіп, 1530-дан 1652 адамға жетті.

Облыста ластаушы заттардың шығарындысы азайғанымен, Семей қаласындағы ауа сапасы әлі де күрделі. Әсіресе, жылыту маусымында қазандықтар мен өндіріс орындарынан шығатын түтін тұрғындардың басты шағымына айналған.

Экономикалық дамуды тек дәстүрлі көрсеткіштермен бағалау тұрақты даму моделіне көшуге кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан макроэкономикалық өсімнен гөрі экологиялық және әлеуметтік аспектілерді қамтитын индикаторлардың маңыздылығы артуы қажет. Бұл өңірдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына және қоғам әл-ауқатын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Осы ретте, Абай облысының экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнімнің (жалпы қосылған құн) құрылымын талдасақ:

ҚР ҰСБ мәліметі

Диаграмма мәліметтеріне сәйкес, жалпы өңірлік өнімнің негізгі үлесін өнеркәсіп (40,2%) және кен өндіру (28,1%) құрайды. Ал орнықты дамудың маңызды көрсеткіші – экологиялық қызметтер үлесі небәрі 0,26%. Бұл өңір экономикасының ресурстық модельге негізделгенін және фронтальді дамудың басым екенін көрсетеді.

Болашақта әлемдік қауымдастықтың даму сценарийлері техногендік экономикалық өсімге шектеу қоюы мүмкін. Осы тұрғыда ауыл, орман және балық шаруашылығының маңызы артады, бірақ олардың өңірлік өнімдегі үлесі әзірге 7,7% ғана. Өңірмен шекаралас елдерде өнім өткізуге қолайлы ірі нарықтар бар, ал онда сапалы азық-түлік тапшылығы байқалады. Сарапшылардың болжамынша 2030 жылға қарай әлем халқының азық-түлікке деген сұранысы 50%-ға, ал бағалар 30-50%-ға өсуі мүмкін. Бұл жағдай белгілі бір қауіптер тудырғанымен, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндік ұсынады. Басты міндет – осы әлеуетті тиімді пайдалану және аграрлық секторды сапалы дамыту.

Орнықты экономикалық дамудағы келесі аймағымыздағы өзекті мәселелердің бірі – су ресурсы. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес.

Жыл өткен сайын аймақ тұрғындарының саны да, экономикасы да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай аймағымызда су тапшылығы артары анық. Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ. Бүгінде жергілікті билік тек тарифтік әдістер арқылы ғана мәселені шешуді қолға алуда (әр тұтынушыға шекті пайдалану нормасын бекіту, дифференциалды төлем және тб). Мәселені шешудің бірнеше жолдары да бар, 95%-ы құрғақ аудандардан тұратын, тұщы ауыз су алудың жаңа тәсілдерін іздеуді үнемі жүргізіп отырған Израильдің озық тәжірибесін ғана мысал ретінде айтуға болады: желілерден судың ағып кетуін анықтаудың прогрессивті әдістері, жаңбыр суын жинау және өңдеу жүйелері, кәріз суларын қайта тазалап, тұтыну технологиясы, сондай-ақ су шығынын өлшеу, су бағасының саясаты, жоғары құнды дақылдарға көшу, термалды суларды қайта пайдалану, компьютерлендіру және суаруды қашықтан басқару сияқты инновациялық әдіс — тәсілдері аталған мемлекетті толық су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Абай облысының орнықты дамуы үшін мемлекет пен жергілікті билік, бизнес және азаматтық қоғамның бірлескен жұмысы маңызды. Яғни, орнықты дамуға қол жеткізу үшін өңірімізде келесідей бағыттарды жетілдіруге назар аудару қажет:

— білім беруді барлық деңгейлерде экологияландыру, үнемді тұтынуға тәрбиелеу, шешімдер қабылдауда барлық мүдделі тараптар пікірлерін ескеру;

— экологиялы экономиканы құраушы пргрессивті жаңа экономикалық модельдерді аймақта жеделдетіп іс – жүзінде енгізу; қалдықтарға қоқыс ретінде емес, ресурс, тауар ретінде көзқарасты қалыптастырып, қайта өңдеу, циркулярлы өндірісті дамыту;

— аймақта ауанының, судың, топырақтың ластану деңгейін көрсетіп тұратын ақылды технологияларға негізделген құрылғыларды орнату;

— экологиялық таза технологияларға негізделген қоғамдық транспорт жүйесін қалыптастыру (электробус, трамвай және тб), велосипед инфрақұрылымын жасақтау, оны тұрғындар арасында кеңінен насихаттау;

— «мықты аймақ – мықты мемлекет кепілі» қағидасын негізге ала отыра, аймақ аудандарының әлеуметтік – экономикалық, орнықты дамуы бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеп, жедел шешімдер қабылдауда, төтенше жағдайлардың алдын алуда пайдаланып, орнықты даму деңгейінің өлшем – шарттарын анықтау мақсатында қарапайым, түсінікті экологиялық факторларды ескеретін индикаторлар көрсеткіштерін  енгізу;

— тіршілікті қамтамасыз ету мен қауіпсіздікке байланысты тауарларды өңірімізде мейлінше жеткілікті өндіруге қол жеткізу міндетті (тұрмысқа қажетті заттар, азық – түлік, маңызды инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін заттар, техника және тб.);

 Берік Кадыров,

PhD, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-ың Абай облысы бойынша өкілі, Өңірлер бойынша жұмыс Бөлімінің бас эксперті

Ұқсас жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

10.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!   Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10.08.2026
Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы және қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына...

Толығырақ...Details

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

10.08.2026
eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Gov.kz порталында азаматтарға алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын...

Толығырақ...Details

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

10.08.2026
Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері Абай облысына келді. Жұмыс бағдарламасы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

8 часов бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

12 часов бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

12 часов бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

12 часов бұрын

Абай күнінде «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семейге келді

12 часов бұрын

«Алакөл толқыны» фестивалі әлемнің алты елінен бес мың қонақтың басын қосты

2 недели бұрын

Облыс әкімі Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

2 недели бұрын

Абай облысының делегациясы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатыр

2 недели бұрын

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС