"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде қоғамдағы бірлік пен келісімнің рөлі талқыланды

11.04.2025
Семейде қоғамдағы бірлік пен келісімнің рөлі талқыланды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің болашағына арналған жиынның негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы бірлік пен келісім құндылықтарының маңызын терең ұғыну және Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айқындаған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу болды.

Іс-шараны Абай облысы «Қоғамдық келісім орталығы – Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Кездесуге орталық қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, жас ғалымдар клубы мен журналистер клубының өкілдері, сондай-ақ құрметті ақсақалдар қатысты.

Жиынды ашқан ұйымдастырушылар мұндай шаралардың қоғамда өзара түсіністік, құрмет пен төзімділікті қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды. Абай облысы Ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімінің басшысы Мағжан Құрманов дөңгелек үстел – пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді алаң екенін атап өтті.

– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты республика көлемінде бірқатар іс-шаралар өткізілмек. Сондай-ақ, сәуір айының соңында Мемлекет басшысының төрағалығымен ҚХА сессиясы өтеді. Баршаңызды бүгінгі жиынмен құттықтап, нәтижелі жұмыс тілеймін, – деді Мағжан Құрманов.

Кездесу барысында қатысушылар аға буынның жастар тәрбиесіндегі тарихи рөлі, қоғамда төзімділікті нығайту жолдары және жас ғалымдардың болашағы жайлы пікір алмасты. Alikhan Bokeikhan университетінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов өзара құрметсіз тұрақты әрі бейбіт қоғам құру мүмкін еместігін айтты.

– Бәрінің негізі – сенім мен құрмет. Бірліктің де мәні зор, өйткені ол көп жағдайда шешуші рөл атқарады. Адамды бағалағанда біз оның ұлтына немесе сырт бейнесіне емес, ең алдымен оның тұлғалық қасиеттеріне қарап баға беруіміз керек. Міне, осы – толеранттылықтың шынайы көрінісі, – деді Айрат Базенов.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Алексей Кливенко өз баяндамасында жастар – жас мемлекетіміздің үміт күттіретін ғылымының басты қозғаушы күші екенін жеткізді.

– Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Президент ІТ мен инновация салаларындағы білім сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі жаһандық жүйеге бейімделген. Студенттер тек елімізде ғана емес, шетелде де академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы білім ала алады. Сіздердің міндеттеріңіз – білім алу, ғылыммен айналысу және берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, – деді Алексей Кливенко.

Кездесу соңында қатысушылар бір тұжырымға келді: өткеннің тағылымы, тарихи жады, биікке ұмтылыс – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құндылықтар. Осындай сабақтастық қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың негізін қалайды.

Жиын мазмұнды әрі пайдалы өтті. Қатысушылар мұндай шаралар қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық үйлесімділікті нығайтуға септігін тигізетінін, сондай-ақ жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саясатын іске асырудың тиімді тетігі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи атамекеніне оралғандар да қазақ жұртының жақсылығы мен қамқорлығын ұмытпайды

24.04.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи атамекеніне оралғандар да қазақ жұртының жақсылығы мен қамқорлығын ұмытпайды

Сессияның шымылдығын ашып, сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде Қазақстанға миллиондаған адам жер аударылғанын әрі оны халқымыз еш жатсынбай, бауырына...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

15.04.2025
Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық институттардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

4 дня бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

4 дня бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

4 дня бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

4 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

4 дня бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

4 дня бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

4 дня бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

4 дня бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС