"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардағым ардагерім» акциясы бастау алды

11.04.2025
Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардағым ардагерім» акциясы бастау алды
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Жеңіс туы желбірегеніне 80 жыл. Ел көлемінде аталып өтіп жатқан айтулы датаға орай, ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігін жас буынға үлгі ету – басты парызымыз.

Осы мақсатта «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Qazaqstan Medisina Jastary» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ардағым ардагерім» атты акциясы өтті.

Ізгілікке толы шара барысында ұйымдастырушылар тыл ардагері Ахатова Ақанның шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Ардагермен жылы жүздесу ұйымдастырылып, жастар шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар ардагерге медициналық көмек көрсетілді. Шара соңында азық-түлік себеті мен сый-сияпаттар табысталды.

Кездесу барысында жастар атынан сөз алған Ерсінбек Өрлеубек ардагерге алғысын білдіріп, кейінгі ұрпақтың атынан ізгі тілегін жеткізді.

– Сіздердің еңбектеріңіз бен өмір жолдарыңыз – біздің ел тарихының бір бөлігі ғана емес, үлкен тәрбие мектебі. Біз бүгін бейбіт өмір сүрудің, еркін ой айтып, білім алып, еңбек етудің қадірін жақсы түсінеміз. Мұның бәрі – сіздер сияқты аға буынның жанқияр еңбегінің арқасы. Отан үшін аянбай еңбек етіп, қиын-қыстау кезеңдерде жұдырықтай жұмыла білдіңіздер. Біз, жас ұрпақ, сол тәлімді жалғастырып, еліміздің болашағы үшін адал еңбек етуіміз керек. Сіздерге деген алғысымыз шексіз, — деп риясыз алғысын білдірді жастар өкілі.

Ахатова Ақан өз сөзінде сол бір зұлмат жылдарды еске алып, қазіргі бейбіт заманның қадірін бағалауға шақырды.

—  Соғыс жылдарында елде аштық пен ауыр еңбек қатар жүрді. Әйелдер мен балалар таңнан кешке дейін еңбек етті. Көп нәрседен таршылық көрдік, бірақ Отан үшін, елдің амандығы үшін барымызды салдық. Әрбір майданнан келген хат – үміттің сәулесі болатын, ал Жеңіс туралы хабар – бар халықтың көз жасымен қарсы алған қуанышы болды. Бүгінгі бейбіт өмірге қарап, сол күндер еске түседі. Шүкір деймін. Қазір ел тыныш, жастар білім алып, еңбек етіп жүр. Менің арманым – осы бейбіт күннің қадірін біліп, соғыс деген сөзді тек тарихтан ғана оқитын ұрпақтың көбеюі. Елге, жерге деген сүйіспеншіліктеріңізді жоғалтпаңыздар. Бірлікті, татулықты бағалаңыздар. Тек алға ұмтылып, ел игілігі үшін еңбек етіңіздер, — деді тыл ардагері.

Бұл іс-шара – тек бір ардагерге көрсетілген көмектен ғана тұрмайды. Бұл – болашаққа бағытталған тәлім мен тәрбие. Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, өткенге құрмет, ерлікке тағзым көрсету – басты мұрат. Осындай істер арқылы ел рухын көтеріп, жас буынды отансүйгіштікке баулуға болады.

«Ардағым ардагерім» – бір күндік акция емес, бұл – жүректен шыққан алғыс пен ұзақ жылдарға жалғасар рухани көпір.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

23 часа бұрын

Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қандай мәселелер көтерілді?

23 часа бұрын

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

23 часа бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

23 часа бұрын

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

2 дня бұрын

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

2 дня бұрын

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

3 дня бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

3 дня бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

3 дня бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС