"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

17.01.2015
ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Балалар мен жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық ашық біріншілік жалауын көтерген болатын. Аталмыш жарысқа өңіріміздің 80 спортшысы қатысып, боз кілемде өзара мықтыларды анықтады. Сайысқа ШҚО – ның Семей, Өскемен, Риддер қалаларынан және Үржар, Жарма, Бесқарағай, Шемонайха мен Глубокое аудандарының 23 жасқа дейінгі балуандар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев және спорт ардагері Сүлейман Чотчаев сөз алып, жастарға жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді және ел мерейін асыратын жастарға сенім артатындарын жеткізді.

— Бүгінгі күні ел спортына айрықша көңіл бөлініп келеді. Спортшыларымыз да айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Қазақстанның атын әлемге танытуда. Еліміздің болашағы, жас спортшылар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан байрақты бәскелерде аянбай тер төгіп, еңбек етулеріңіз керек. Бүгінгі жарыста әрқайсысыларыңызға тек жемісті жеңіс тілеймін, — деді спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев.

Боз кілемдегі тартысты белдесулер Дүние-жүзілік күрес федерациясының жаңадан бекіткен ережесіне сәйкес, сегіз салмақ дәрежесінде өткізілді. Ал сайыс қорытындысы бо-йынша іріктелген балуандар алда өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғамақ.

— Қазір дарынды спортшымыз Данияр Қайсанов жаттығу жиындарымен Осетияда жүр. Одан кейін Қазақстан біріншілігіне дайындалады. Сол себепті осы жарыстан босатылып отыр. Сондай-ақ, 55 келі салмақта күресетін мықты спортшылар өте көп. Мәселен, семейлік спортшылар Асхат Сләмханов, Азамат Дәулетбеков сынды балуандарымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Жалпы, еркін күрес Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жақсы дамыған. Семей қаласы балуандары да ешкімге дес бермей жүр. Бұған қоса Риддер мен Зырян, Катонқарағай спортшылары алдыңғы шепте. Мәселен, өткен жылы Жарма ауданының тумасы Расул Қа-лиев алғаш рет чемпион атанды, — дейді ШҚО жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы Мейірбек Байжанов.

 

{jcomments on}Өңірде еркін күресті дамыту жолға қойылған. Әсіресе ерлер арасында бұл жұмыс өзінің жемісін беріп жатыр. Биыл аталмыш күреспен айналысамын дегендерге жаңа ережеге сай жаңаша талаптар қойылған.

 

— 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына аз ғана уақыт қалды. Сондықтан биылғы жылы лицензиялық жарыстар басталады. Шығыс Қазақстан облысы рейтинг бойынша төртінші орында тұрған Расул Қалиевке зор үміт артады. Спортшы өткен жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанса, одан кейін Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды. Жас спортшыларымыздың Қазақстанның атын әлі талай әлемге танытатынына сенеміз, — дейді аға жаттықтырушы.

Екі күндік сайыс қорытындысы бойынша 50 келіде семейлік Мақсат Шақамаев топ жарса, 57 келіде жармалық Данияр Гульмановқа қарсылас шақ келмеді. Ал 61 келіде жерлес спортшымыз Ерасыл Тұрсағұловтың мерейі үстем болды. 65 келіде бесқарағайлық Амантай Қошқарбаев, 70 келіде Жарма ауданының балуаны Нұрдаулет Дәулетқазыұлының мерейі үстем болды. Ал 74, 84, 97 келі салмақ дәрежелерінде семейдің намысын қорғаған Мейір Көшкінбаев, Ержан Сапарханов пен Әмір Сұлтановтар үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Енді же-ңімпаз атанған спортшылар Ақтау қаласында өтетін ел чемпионатында ШҚО-ның намысын қорғамақ.

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                       «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС