"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Д. АХМЕТОВ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

17.01.2015
Д. АХМЕТОВ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер мен ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында этносаралық бірлестіктердің мүшелері өткен жылы аймақтағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылық аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Шараға облыстағы этномәдени бірлестіктер мен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми — сараптамалық тобының мүшелері, Достық үйлерінің директорлары, облыстық басқарма жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

{jcomments on}

 

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев мәлімдегендей, этносаралық келісімді сақтау жобаларының бастамашысына айналған Шығыс Қазақстанда өткен жылы бірқатар жұмыстар атқарылған. «Облыста мәдени даму, этносаралық келісім мен халықаралық байланыстарды нығайтуда біршама істер тындырылды. 2014 жылы Республика мен облыстың 113 елдімекенінде 200 мың адамның қатысуымен 137 шара ұйымдастырылды. Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі түрде әртүрлі шаралар өткізілуде. Аталмыш салада ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы Өскемен мен Семей қалаларының ЖОО профессорлық-тәлімгерлік құрамымен белсенді жұмыс жүргізіп келеді», – деді Е. Аязбаев.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми — сараптамалық тобының төрайымы Люция Абдуллинаның айтуынша, аймақта өтіп жатқан шаралардың барлығы бейбітшілік пен келісімді насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, этносаралық келісімді нығайту жұмыстарында аймақтағы жастардың белсенділігі артқан.

Жиында айтылған бірлестік басшыларының ұсыныстары келешекте қаралатынын айта келе, облыс әкімі этносаралық келісімнің маңызына тоқталды. «Тәуелсіздік алғалы бері бірқатар посткеңестік елдердегі ұлтаралық қақтығыстардың кеселінен қарапайым халық жапа шегуде. Біз, ең алдымен, жан — жақты дамудың, өркендеудің негізі бейбітшілікте екенін естен шығармауымыз керек. Этносаралық келісім — экономикалық тұрақтылықтың кепілі, Елбасымыздың сарабдал саясатының бір бөлшегі. Демек, біз осы ұғым аясында еңбек етуді жалғастыруымыз керек», – деді Даниал Ахметов.

Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Владимир Акулов пен «Башкуль» аудандық татар мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің төрағасы Ринат Хамитов, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобынан Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаты Вячеслав Харченко «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Ал ШҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Алексей Алексеенко мен белорусь этномәдени бірлестігінің төрайымы Галина Жампеисоваға Қазақстан халықтар Ассамблеясының Алғыс хаты табысталды.

ШҚО Ақпараттық орталығы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС