"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЫҢ ИДЕЯ ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТІҢ БАСТАУЫ

17.01.2015
ТЫҢ ИДЕЯ ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТІҢ БАСТАУЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сәрсенбі күні Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов құрылыс материалдарын шығаратын бірқатар өндіріс орындарында болып, кәсіпорындардың тыныс — тіршілігімен танысты.

Айбек Мүталапханұлы алдымен қаланың сол жағалауында орналасқан тауарлы бетон шығаратын «Фирма Азия» ЖШС-не келді. Кәсіпорын басшысы қала әкіміне темір бетон бұйымдарын өндірудің технологиялық жай — жапсары мен кәсіпорынды дамыту жоспарлары туралы баяндады. “Фирма Азия” ЖШС-нің мақсаты — тұрғын үйлерді жылдам әрі сапалы салуға арналған бетон өнімдерін көптеп шығару. Зауыт италиялық техникалармен жабдықталып, заманауи құрыл-ғылармен жұмыс істейді.

— Кәсіпорын 2015 жылдың құрылыс маусымына қызу дайындық үстінде. Мұнда барлығы 56 адам қызмет жасайды. Өнім түрлері ұдайы өсіп, құрылыс материалдарының сапасы да жақсаруда. Өткен жылы 800 млн. теңгенің өнімін өндірдік. Биыл бұл көрсеткішті жоғарылату ойымызда бар. Негізгі мақсатымыз — толық жұмыс күшіне көшу. Комбинат бүгінгі күні 75 — 80 пайызға ғана жұмыс жасап тұр. Яғни, өңіріміздегі құрылыс қарқынының артуын ескерсек, алдағы уақытта өсіп — өркендеуімізге толық мүмкіндік бар, — дейді «Фирма Азия» ЖШС директоры Игорь Карпенко.

Айта кетуіміз керек, зауыт өнімдерінің басты ерекшелігі — шығарылатын бетондардың ұзындығы 15 метрге дейін жетеді. Қазақстанда мұндай көлемдегі бетон өндіру әлі қолға алынбаған. Семейде жасалатын бұл бетондар тұрғын үйлердің төбелерін жабуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін де құрылыс жұмыстары көптеп жүргізілген Семей қаласында алдағы уақытта көпқабатты тұрғын үйлерді салу қыза түспек. Қазір барлық құрылыс мекемелері биылғы маусымға дайындық үстінде. Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта қала бойынша барлық инженерлік — инфрақұрылым мәселесі айқындалмақ.

 

{jcomments on}- Алдағы уақытта тұрғын үйлерді көптеп салу керек болады. Өйткені, уақыттың талабы да соған келді. Екіншіден, қаламыздың Бас жоспары айқындалды. Қазір қай ауданды дамытуға болады соны анықтадық. Енді құбыр тарту, электр жарығы, кәріз мәселесін шешуіміз қажет. Одан кейін тұрғын үй құрылысымен алаңсыз айналысатын боламыз. Сондықтан біз барлық құрылыс компанияларының атқарып жатқан жұмыстарын қарап жатырмыз. Соның бірі «Фирма Азия» ЖШС болды. Жыл он екі айда бұл жердің жұмысы тоқтамайды. Өйткені өнімдері тек Шығыс Қазақстан облысына ғана емес, еліміздегі құрылыспен айналысатын компаниялар тұтынады. Жұмысшылары жеткілікті, жалақылары нақты. Өндіріс орнының болашағы зор, — деді Айбек Кәрімов кәсіп-орын басында берген сұхбатында.

 

Осыдан кейін қала басшысы іргелес орналасқан «Құрастырмалы темір бетон өндірістік бірлестігі» ЖШС – нің де жұмысын көрді. Ал мұндағы жағдайды жақсы деп айтуға келмейді. Тұралап қалған кәсіпорынның жұмысшылары маңдай термен тапқан жалақыларын бірнеше ай бойы алмаған. Кәсіпорында бұл күнде 200-ге тарта жұмысшы еңбек етеді. Жұмысшылармен кездесіп, жағдайларымен танысқан Айбек Мүталапханұлы барлық құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың алдағы маусымға қызу да-йындалып жатқанын, соңғы жылдары елімізде құрылыс саласы қарқынды түрде даму үстінде екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жаңа өндіріс орындары ашылып, жаңа технологиялар қолданылып жатқанын сөз ете келе, бәсекелес нарықта  тек аянбай жұмыс жасағандар ғана еңбек ете алатынын атап өтті.

— Зауыт кезінде бірегей кәсіпорындардың бірі болды. Менің ойымша, осындай ірі өндіріс жұмысының тұралап қалуына дұрыс менеджмент болмауы себеп. Сіздер түсініңіздер, біріншіден, әлемде экономикалық дағдарыс орын алып отыр. Одан қашып құтыла алмаймыз. Екіншіден, сіздердің мықты бәсекелестеріңіз бар. Бүгінде жақсы дәрежеге дейін жеткісі келетін кәсіпорын басшылары жыл бойы жұмыс жасайды. Өзге кәсіпорындарда жоспар бар, жаңа технологияларды игеруде. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін тың идеялар, жүйелі жоспар болуы керек, — деді А.Кәрімов.

Зауыт өткен жылды 40 млн. теңге шығынмен аяқтаған. Ал тауар айналымы бар болғаны 400 млн. теңгені құрапты. Қала басшысы өз кезегінде 200-дей жұмысшысы бар ірі кәсіпорын үшін бұл көрсеткіш тым мардымсыз екенін, соның салдарынан жалақы берілмей отырғанын атап өтті. Сонымен бірге Айбек Мүталапханұлы зауыт басшылығына құрылысшылармен келісім жасап, өнімдерін өткізу керектігін, кәсіпорынды дамыту мақсатында нақты бағдарлама әзірлеу керек деген ұсынысын айтты.

Қала басшысының сөзін қолдаған жұмысшылар бірегей зауытта теміржол өткелі, өзіндік шикізат базасы және өнім түрлері де басқа еш кәсіпорында өндірілмейтінін жеткізді. Сондай-ақ, олар бұлай жалғаса берсе, білікті мамандар тапшылығы туындайтынын ескертіп, қала әкімінен көмек сұрады.

Сондай – ақ, Айбек Мүталапханұлы жұмыс сапары барысында «Ж.Құрылыс компаниясы» ЖШС-нде де болып, кәсіпорынның қаланы абаттандыруға қажетті өнімдерімен танысты. Аталмыш кәсіпорын қаланы көріктендіруге қажетті  кез келген металл құрылғыларын жасап шығара алады.

— Кәсіпорын кез келген металл құрылғыларын жасап шығаруға қауқарлы. Тапсырыстар Астана мен Алматы қалаларынан да түсіп жатыр. Жақында цех аумағы кеңейтілді. Барлығы жүзге жуық тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалақылары 50 мың мен 120 мың теңгенің аралығында, — деген «Ж.Құрылыс компаниясы» ЖШС-нің директоры Жұмағазы Мұратбаев қала басшысын өндіріс орнында шығарылатын өнімдермен таныстырып өтті.

Ал тәуліктің екінші жартысында Айбек Кәрімов Семей қаласындағы құю — механикалық зауытында болды. Кәсіпорынның өндіріс қуатымен, жұмыс жағдайымен танысты. Зауыттың қаламыздың сәулет нысандарын салуға қажетті өнімдерді шығару мүмкіндіктері жайлы ақпаратқа қанықты. Қала басшысы «Семей құю — механикалық зауыты» ЖШС-нің жұмысымен танысу барысында мұнда өндірілетін өнім түрлері жайлы мағлұмат алды. Алдағы уақытта кәсіпорынның қаламыздың құрылыс нысандарына қажетті өнімдер жасау мүмкіндіктері туралы сұрап білді.

— Бүгінгі таңда қаламызды көркейтіп, инфрақұрылымын жетілдіру бойынша бірқатар мақсаттар қойып отырмыз. Құрылыс саласына қажетті металдан жасалатын өнімдерді осы кәсіпорыннан алу мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Бұл орайда, бастысы,  зауыттың өндірістік қуатының жеткілікті болуы, жасалған өнімдердің көркемдік, сәулеттік тұрғыдағы талаптарымызға сай, сапалы болуы ескеріледі, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

Сондай-ақ, қала басшысы кәсіпорынның қазіргі істеп жатқан жұмысының деңгейіне көңілі толатынын айтты. Өндіріс көлемін сақтай отырып, жұмысшыларын лайықты жалақы көлемімен қамтамасыз етуі, мұнда шығарылған өнімдердің сұранысқа ие болуы зауыттың алдағы уақытта жаңа қадамдар жасап, өркендеуге әлеуетінің жеткілікті екендігінен хабар беретіндігін тілге тиек етті.

«Семей құю — механикалық зауыты» ЖШС цемент зауыттарына арналған цильбепстер мен жеке тұрғын үйлердің пештеріне орнатылатын плиталар, оттықтар, тағы да басқа өнім түрлерін шығарады. Өндіріс ошақтарына арналған өнімдер болаттан, ал тұрмыстық өнімдер шойыннан жасалады. Қазіргі таңда кәсіпорында жүз қырық адам еңбек етеді. Оның он екісі инженерлік — техникалық мамандар болса, қалғандары — құюшылар, балқытушылар мен металл сынықтарын даярлайтындар сияқты әртүрлі бағыттағы жұмысшы мамандар. Зауытта шығарылған өнім сұранысқа ие көрінеді. Жасалған бұйымдардың елу пайызы отандық нарықта сатылса, қалған жартысы көршілес Ресей елінің нарығына жөнелтіледі. Пешке орнатылатын плиталар мен оттықтар көбіне Оңтүстік Қазақстан олысы мен Шығыс Қазақстан облысында саудаланатын көрінеді. Қазіргі таңда зауыт айына бес мың тонна өнім өндіруде.  Кәсіпорынның жұмысы жайлы осындай ақпарат бере келе, кәсіпорынның атқарушы директоры Борис Козырев мұнда еңбек ететін мамандардың біліктілігін арттыру жайы назардан тыс қалмайтынын да атап өтті. Жұмысшылардың бір бөлігі білімдерін жетілдіріп отырса, енді біреу-лері қайта даярлықтан өткен көрінеді. Сондай-ақ, зауыт басшысы алдағы жоспарлары туралы да мағлұмат берді. Мәселен, болашақта цемент зауыттарының ұнтақтағыштарына арналған цильбепстер шығарумен шектеліп қалмай, сол ұнтақтағыштарды жөндеуде пайдаланылатын тораптарды жасап шығаруды қолға алу жоспарланып отырған көрінеді. Қаламыздың құрылыс нысандарын салуға қажетті өнімдерді өндіруге қа-тысты ұсынысқа байланысты кәсіпорын директоры ойын да білдірді.

— Қала әкімі Айбек Мүталапханұлы кәсіпорнымыздың жұмысымен танысты. Қандай бағытта жұмыс жасауға болатыны жайлы айтты. Қандай өнім түрлері қажет екенін де сөз етті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы ұсыныстар нақтыланады деп ойлаймын. Соған орай біз де өзіміздің мүмкіндіктерімізді ескере отырып, қандай жұмыс-тарды қанша уақытта орындай алатынымызды, жұмсалатын металл мен қажетті қаржы көлемін есептеп, егжей-тегжейлі ойластырып, кешенді жоспар жасап ұсынатын боламыз. Егер біздің мүмкіндіктеріміз қала басшылығының қалауларына сай келсе, бұл бағыттағы шаруаларды қолға алуға толық мүмкіндігіміз бар, — дейді Борис Козырев.

Қазір нарық заманы. Тың идеяларымен тынымсыз еңбектеніп, тындырымды іс қылатын болсаң ғана, еңбегіңнің жемісін көресің. Оның үстіне құрылыс саласына материал дайындайтын кәсіпорындар арасында бәсекелестіктің бәсі жоғары. Сондықтан өзге де кәсіпорындар,  «Құрастырмалы темір бетон өндірістік бірлестігі» ЖШС сияқты тығырыққа тірелмес үшін осы бастан белсенділік танытып, тиянақты жұмыс істегендері абзал.

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                       «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады

22.01.2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Үкімет фармацевтикалық...

Толығырақ...Details

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамында кімдер бар

22.01.2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамында кімдер бар

Бүгін Президент Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссияның) құрамы мынадай: Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы...

Толығырақ...Details

Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

22.01.2026
Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ақорда Жарлық мәтінін жариялады. Конституциялық реформа жөніндегі...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық әртісі филармонияның директоры болып тағайындалды

22.01.2026
Қазақстанның Халық әртісі филармонияның директоры болып тағайындалды

Бүгін Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ж. Омарханның 2026 жылғы 20 қаңтардағы №10 бұйрығына сәйкес,...

Толығырақ...Details

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет экономиканың өсуі үшін нақты секторды қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды

21.01.2026
Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет экономиканың өсуі үшін нақты секторды қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды

Үкімет ЖІӨ өсімін кемінде 5% деңгейінде қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторын қолдауға шамамен 8 трлн теңге бағыттайды. Ұлттық құрылтайда...

Толығырақ...Details

Президент Қазақстан тарихына арналған жаңа жеті томдық қашан дайын болатынын айтты

21.01.2026
Президент Қазақстан тарихына арналған жаңа жеті томдық қашан дайын болатынын айтты

Қазақстанның академиялық тарихы бойынша көлемді жеті томдық шығарылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады

14 часов бұрын

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамында кімдер бар

15 часов бұрын

Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

15 часов бұрын

Қазақстанның Халық әртісі филармонияның директоры болып тағайындалды

15 часов бұрын

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет экономиканың өсуі үшін нақты секторды қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды

1 день бұрын

Президент Қазақстан тарихына арналған жаңа жеті томдық қашан дайын болатынын айтты

1 день бұрын

Ұлттық құрылтай: Президент қазақстандықтардың жүріп-тұру еркіндігін арттыруды тапсырды

1 день бұрын

Вице-президент, Конституциядағы өзгеріс, Парламент реформасы: Ұлттық құрылтайда не айтылды

1 день бұрын

Мемлекеттік құрылымдардың мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылмақ

1 день бұрын

Көз алдымызда халықаралық құқық әлсіреп келеді — Президент әлемдегі шиеленістер туралы

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС