"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН

17.01.2015
ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН

Сәрсенбі күні қалалық ақпарат орталығында Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Қанатбек Ордашев пен Семей қаласы ІІБ тіркеу бөлімшесінің аға автоинспекторы, полиция майоры Дархан Қажиевтің және Семей қаласы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер жылдың басында өз күшіне енген жол жүру ережелерінің өзгерістеріне қатысты сансыз сауалдарын жолдады. Сөзінің басында Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Қанатбек Ордашев Заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға шолу жасап өтті.

— 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап ҚР Әкімшілік Кодексіне бірқатар өзгертулер мен толықтырулардың енгізілгені белгілі. Атап айтатын болсақ, көлік жүргізушісіне салынған айыппұл 7 күннің ішінде төленетін болса, оған 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Алайда қала көшелеріндегі камера құрылғыларына түскен жағдайда автокөлік иелеріне ешқандай жеңілдік берілмейтінін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар барлық автокөліктерге күндізгі уақытта қала ішінде де шамдарын жағып жүру және 3 жастан 12 жас-қа дейінгі балаларды автокөлікпен тасымалдау үшін автокресло қою міндеттелді, — деген Қанатбек Ордашев, — әрине, автокресло төңірегінде әртүрлі қоғамдық пікірлер туындауда. Бұл тұрғыда қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бірақ мұның жол қауіпсіздігін сақтау үшін маңызы жоғары. Айта кету керек, егер 12 жасқа дейінгі баланың бойы 135 см-ден, ал салмағы 36 келіден жоғары болса, автокреслоға отырмауға құқылы, — деп, атап өтті.

 

{jcomments on}Тәртіп сақшыларының мәліметінше, өткен жылы 396 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көлік апаты салдарынан 39 адам әртүрлі жарақат алса, 27 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың төртеуі балалар көрінеді. Ал жыл басынан бері 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Оның салдарынан 10 адам жараланса, жаралан-ғандардың біреуі анасының қолындағы балғын. Сондай-ақ, жүргізушілер ішімдік ішіп көлік тізгіндеп, жол сақшыларының назарына іліксе, бірінші жолы көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылады екен. Ал бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанса, істің сотқа жіберілетінін айтады тәртіп сақшылары.

 

Сонымен қатар  құқық қорғау органдарының мамандары ҚР Әкімшілік Кодексіне өзгертулер енгізілуіне сәйкес, Еуразиялық Экономикалық одақ құрамына кіретін Қазақстан, Ресей, Белорусь елдері арасында көлік тасымалдау барысында құжат рәсімдеуде де біршама жеңілдіктердің қарастырыл-ғанын жеткізді. Бұл тұрғыда әзірге тек бір-ақ қиындық бар көрінеді. Мәселен, үш ел арасында құжат рәсімдеуде әзірге ортақ база құрылмағандықтан, автокөлік құжатын растайтын хаттаманы 1 немесе 2 ай күтуге тура келетінін тілге тиек етті мамандар. Алайда бұл мәселенің көп ұзамай бір қалыпқа келетінін айтады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                                                «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

16 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

16 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

16 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

20 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

2 дня бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

2 дня бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

2 дня бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС