"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНЕРЛЕРІМЕН СУСЫНДАТТЫ

17.01.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қасқалдақ» ойын — сауық отауының мүшелерімен қысқы демалысқа келген Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері Фархат Молдағали мен Нұрқанат Молдахан «Ауылымды сағындым» атты әдеби- музыкалық кешті Қайнар ауылындағы мәдениет үйінде дүбірлете өткізіп, тегін концерт қойды.

«Қасқалдақ» отауының өнеріне көптен сусындаған жұрт залға лық толды. ҚР Халық әртісі Маман Байсеркеұлының драма театр режиссеры сыныбында дәріс алып жүрген Фархат ауылдастарымен жүздесіп, киелі сахнада табиғи өнерімен сусындатты.

Фархаттың бірге оқып жүрген досы, өмірін өнерімен өрнектеген өрелі жас Нұрқанат та ауылымызға келіп, әсем әуезді әндерімен ауыл тұрындарын тәнті етті.

Олар оқытушылары ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Д. Тұранқұлованың басшылығымен жаз айында Жапония елінің Хиросима, Нагасаки қалаларында сахналауға дайындап жатқан ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, жерлесіміз Бауыржан Жақыптың «Жан дауысы» поэмасының қойылымнан үзінді көрсетті. Қойылым көрермендер көзіне жас үйірді.

«Қасқалдақ» ойын-сауық отауының белді мүшесі Ербол Қадыров «Адамның төрт мінезі» әзілін шебер орындауымен  баршаны бір күлдіріп алды. Концерт ерекше бір тартымдылыққа ұласты. Жалғас Имамов, Думан Төкенов орындағын ойнақы әуезді әндер тыңдармандарды ерекше әсерге бөлеп, шаттық сыйлады.

«Әкеден ұл тумас па, әке жолын қумас па» деген бабаларымыздың есте жүрер ойлы сөзі Фархатқа айтылғандай. Ол тегіне тартып туған, әке жолын қуған, сегіз қырлы, бір сырлы жас дерсің. Қысқа өмірінде өнер өлкесіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған, кезінде «Қасқалдақ» ойын-сауық отауын және «Көңілді тапқырлар» клубын ұйымдастырған Ерландай әкесіне деген сағынышын ол өзінің жазған «Әке туралы поэзия», «Жан әке» өлеңдерімен жеткізді. Көпшілікті жүректері жырға, көңілдері ән мен сырға толы Фархат пен Нұрқанат қос дауыста «Туған ел» әнінің бесігінде тербеді.

 

{jcomments on}Бұл кештің өтуіне ат салысқан саз мектебінің ұстазы Ернап Сағындықов бірнеше күйді күмбірлете шертіп, баршаны желпіндірітіп тастады. Кеш соңында қайнарлықтардың ән  ұранына айналған сазгер, ақын С. Қалыбековтың «Абыралым — Қайнарым» әні шырқалды.

 

Жерлестеріне кереметтей тамаша көңіл-күй сыйлағандарына ризашылық білдіру үшін сахна төріне Абыралы өңірі емхана бірлестігінің бас дәрігері Ә. Шахантаев, Семей қаласы әкімінің Абыралы өңірі бойынша штаттан тыс кеңесшісі Қайрат Бәкенұлы олардың өнерлеріне тәнті болғанына ризашылығын жеткізіп, шығармашылық табыстарға жетулеріне ақ тілегін білдірді.

Әке жолын ардақ тұтып, бала күнінен музыка аспаптарының әліппесін үйреніп, өнер бұлағынан сусындап, бойына жақсы қасиеттерді сіңірген Фархат Молдағали  ауыл халқына келер жылы тағы да сахна төрінде үлкен концерттік бағдарламамен бас қосатынын жеткізді.

 

МҰЗ АЙДЫНЫНДА

Қайнар ауылындағы Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің спорт алаңына мұз айдыны мен қардан сырғанақ жасалды. Бұл шаруаны атқаруға «көп көмегі — көл» дегендей барлық мекеменің басшылары мен ауыл азаматтары Нұрлан Шыныбаев, Қуат Әлібаев, Әсет Жексенбеков,Түсіпжан Қайроллиндер жанар — жағар майдан көмектесті. Сондай-ақ автокөліктерімен Әсет Нүркин, Сұңғат Оспанов мұз алаңына қар тасып, жеткізіп берді. Болат Ермеков трактормен қар үйіп, тиеп беруге қолғабысын тигізді. Өрт сөндіру пунктінің жігіттері А. Шыныбаев, С. Оспанов, С. Дүйсенбеков, Ө. Әнуарбеков бірнеше күн бойы мұз айдыны мен биік сырғанақтың айнадай жалтырап,теп — тегіс болуы үшін су тасып құйып,аянбай еңбек етті. Мектептің дене шынықтыру мұғалімдері мен оқушылар да қарды тегістеп жаюға атсалысты.

Биыл мұз айдынында балалар коньки теуіп, хоккей ойнап,  қысқы демалыстарын көңілді өткізді. Кешкі мезгілде де балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мұз айдынында электр жарығы орнатылып,самаладай жанып тұр. Оқушылардың кешкілікте конькимен сырғанаған мәз — мейрам күлкісі естіліп жатады.

Қазима ҚАЖЫБЕКОВА,                                                                                                                       «Семей таңы» t-inden�Pml�aV�mt:normal’>Жүкті әйелдерді уақытында тіркеу, отбасын жоспарлау бо-йынша жұмыстар жүргізілуде. Жүкті әйелдердің скринингі «Перинаталдық орталық» МҚКК жанындағы медициналық-генетикалық консультациямен жатырішілік инфекцияларды, шарананың бойындағы туабітті ауытқуларды ерте анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

Бала жасы ауруларын интеграциялай отырып, бақылау бағдарламасының енгізілуі үйдегі сәбилер өлімінің азаюына септігін тигізді. Пневмококтік инфекцияға қарсы екпе егу енгізілді, бір жасқа дейінгі барлық балалар уақытында егіледі, өкпе қабы-нуымен ауыру және олардан өлу деңгейінің көрсеткіштерінің төмендеуі байқалуда. Республикалық бағдарламаға сәйкес, балаларды вирусты гепатитке тексеру жүргізіледі, сондай-ақ, алғаш рет балаларды вирусты гепатиттен емдеуге тегін дәрілік препараттар бөлінді. Жаңа туған сәбилерді реанимациялауға, денсаулық жағдайын бақылауға арналған медициналық құрал-жабдықтармен, босандыру мекемелеріне арналған эксперттік кластағы УЗИ қондырғыларымен жабдықтау жүргізілді.

«2011-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «Oncology» ақпараттық госпитальдық жүйесі, «Семей қаласы аймақтық онкологиялық диспансері» МҚКК референс орталығы құрылды, иммунгистохимиялық зертхана мен амбулаториялық химиотерапия кабинеті, үш онкологиялық         кабинет, алты маммологиялық кабинет, бір проктологиялық  кабинет ашылды. Сұйықтық цитология аппараты сатылып алынды. 16 маман республикалық емханалардың және Кореяның, Словакияның, Белоруссияның, Ресейдің емханаларының базасында біліктіліктерін арттырды. Тағы бес маман Словакияда біліктіліктерін арттыруда.

Ұлттық скринингтік жүйе ауруларды ерте кезеңдерде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Халықтың мақсатты топтарының денсаулығының жағдайын бақылау бойынша 2014 жылдарға арналған бағдарламалар кешені енгізілді.

Сапалы медициналық көмекті ауылды жерлердің тұрғындарына жақындату мақсатында консультативтік-диагностикалық орталықтың қозғалмалы медициналық кешені бойынша мамандары 4200 адамды тексеруден өткізді. Кезектерді азайту және мамандардың қабылдауларын реттеу мақсатында қаланың амбулаториялы-поликлиникалық мекемелерінің тіркеу бөлімдерінде қосымша телефон нөмірлерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды жазылу, қосымша алдын ала жазылуға арналған терезелер ашылды. Медициналық тіркеушілердің қосымша штаттары, пациенттердің өздерін-өздері жазуы, құжат айналымы мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды түрлері енгізілді.

Қазіргі таңда емдеу-алдын алу мекемелері 18 республикалық бағдарлама аясында жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, алты портал: бекітілген тұрғындар регистрі, қан айналымы жүйесі аурулары, стационарлық аурулардың электронды регистрі және тағы басқалары жұмыс істеуде.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек штаттарына қосымша учаскелік медбикелердің, әлеуметтік қызметкерлердің және психологтардың қабылдануымен учаскелерде әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін мақсаттық топтарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілген. Қаламыздың медициналық ұйымдары халық арасында, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша, санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, аурулардың алдын алу және зиянды әдеттерді жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Алдағы уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ары қарай дамыта түсу, жанбасылық кешенді нормативті енгізудің екінші кезеңін жүзеге асыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі алдын алу шараларын күшейту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін жетілдіре түсу көзделуде. Медициналық көмектің жалпы денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық туризмнің дамуына инновациялық жобаларды енгізу мен озық технологиялар трансферті (Радиологиялық орталық пайдалануға берілгенде Cyclone 18/9 радиофармпрепараты, ПЭТ-КТ зерттеуі, ОФЭКТ-КТ зерттеуі, радиойодтерапия енгізіледі) жалғасын таппақ. Заманауи менеджмент әдістері, мемлекеттік секторда корпоративтік басқару қағидаттары енгізіліп, ұйымдарды ПХВ-ға ауыстыру жүзеге асырылып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі дамып, ресурстарды сақтаудың тиімді механизмдері енгізілетін болады.     

Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ақпараттық Қазақстан- 2020» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласының бірың-ғай ақпараттық жүйесінің дамуына көңіл бөлінеді.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Семей өңірінің ақпараты бойынша   дайындағын

Мирас ҚҰСАЙЫН.

Ұқсас жаңалықтар

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

11.03.2026
Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

Мемлекеттік қызмет кез келген елде мемлекеттікфункциялардың тиімді әрі ашық орындалуынқамтамасыз ететін маңызды институт болыптабылады. Қазақстанда соңғы жылдары мемлекеттікқызмет жүйесін реформалау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

11.03.2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттікқызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылаужөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жәнеөз...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

11.03.2026
Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Негізгі міндеттердің...

Толығырақ...Details

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

11.03.2026
Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Конституциялық комиссия мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабеков модераторлық...

Толығырақ...Details

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

11.03.2026
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Семей қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Абай облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы кездесулерін...

Толығырақ...Details

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

11.03.2026
Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалының мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында конституциялық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

17 часов бұрын

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

19 часов бұрын

Көкпекті ауданында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылады

23 часа бұрын

Абай облысының қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституцияны қолдайтындарын жеткізді

23 часа бұрын

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

23 часа бұрын

Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті

23 часа бұрын

Діни сауаттылық не үшін қажет?

23 часа бұрын

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

23 часа бұрын

Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

2 дня бұрын

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС