"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҚЫТЫН БАЛАДАН ТАУЫП, 100-ГЕ КЕЛДІ

23.01.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ежелден келе жатқан ата дәстүрімізде де, тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде де анаға деген қадір-құрмет, әрине, ерекше. Ертеден батырлар мен ақындардың алтын бесігі атанған Жарма өңірі облыс халқына көп жасайтын жандарымен де бүгінде аты мәшһүр. Қарты бардың қазынасы бай екендігін ертеден бағамдаған дана халқымыз. Киелі мекеннің береке бастауы болып отырғаны да көңілі дария қарияларымыздың еншісі деп білеміз. Аптаның төртінші жұмыс күні Жаңаөзен ауылының тұрғыны Майшыбаева Әдемі Батталқызы 100 жасқа толып, ғасырды еңсерген қариялардың қатары кейуанамен толықты. Көңілі дария қарияны мерейлі жасымен аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов арнайы шаңырағына барып құттықтады. Балалары мен жақын туыстарының ортасында қуанышқа кенеліп отырған қарияның қолын алған аудан басшысы туған күнімен құттықтап, үлкен әулеттің алтын діңгегі болған анаға алдағы уақытта да шаңырақтың шырайын ашып, берекесін келтіріп отыра беруіне тілектестігін жеткізіп, зор денсаулық тілеп, арнайы құттықтау хаты мен сыйлығын табыс етті.

{jcomments on}Әдемі әжей — өмірдегі қиыншылықты да, қиянатты да, жақсылық пен жамандықты да басынан өткерген жандардың бірі. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған кейуана Тәуелсіздіктің баянды заманына куә болғанына мың да бір шүкіршілік етеді. Жолдасынан жасынан айырылса да, дүниеге әкелген жеті баласын өсіріп-жеткізіп, бақытын балаларынан іздеген қария бүгінде мұратына жетіп отыр.

– Отағасы дүние салған соң, амал жоқ үйдiң бар ауыртпалығы менің иығыма түстi. Тағдырдың тауқыметiне төзіп, кездескен сыннан сүрінуге болмады. Қиналып жүріп адал еңбек еттім. Балаларымның бәрін де тарықтырмай өсірдім. Құдайға шүкір, ешқайсысы да жаман болмады. Соның арқасында Алланың берген жасын жасап, еңбегімнің зейнетін көріп отырмын, — деген Әдемі әжей, бүгінде 16 немересінен 7 шөбере сүйіп отыр.

Көңіл бөліп, қамқорлық танытқан аудан әкіміне аналық алғысын білдіре келе, егемен еліміздің бір парасы болып отырған ауданымыздың игілігі артып, жетістігі молынан болсын деген тілегін жеткізіп, ақ батасын берді.

Жетімі мен жесірін жылатпаған дана халықтың бүгінгі ұрпағы да басты ұстанымнан таймай келеді. Мемлекеттің тікелей тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың арқасында біздің елімізде Әдемі апа тәрізді қарияларымыздың көбейе беретіндігі сөзсіз. Ал бүгінгі күні 100 жастың төріне шат-шадыман күймен өрлеген той иесін мерейлі шағымен шын жүректен құттықтаймыз.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

Жарма ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС