"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СҮТ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУДЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҚАЖЕТ

23.01.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сүт бағытындағы мал басын арттырудың маңызы зор. Бұл саланың өнімі азық-түлік өндірісінің шикізат көзі болып табылады. Сүт және сүт өнімдерінде адам ағзасына қажетті дәрумен көп болғандықтан күнделікті қажет тауар түріне жатады. Халықты сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету — азық — түлік қауіпсіздігіне қол жеткізудің маңызды бөлшегі. Бұл ретте ауданда қандай кешенді жұмыстар атқарылып жатқаны, сүт өндірісі бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың болашағы туралы Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рамиль Нығметжанұлы Сағындықовтан білдік.

{jcomments on}- Сүт бағытындағы мал басын өсіру — ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі. Сондықтан ШҚО әкімі Даниал Ахметов ауылшаруашылығы саласын дамытудың негізгі тетігі ретінде сүт өндіру саласын өркендетуді тегін белгілеген жоқ, — дейді Рамиль Нығметжанұлы.

Көкпекті ауданының аграрлық саласының үлес салмағы айқындалғандықтан, сүт бағытындағы мал басын арттыруға толық негіз бар. Сүт өндірудің өркен жаюына, әлбетте, оның өз қиыншылықтары бар деуге негіз бар: мал тұқымын асылдандыру, сауын сиырларды ұстау ерекшелігі, оларға берілетін жем – шөппен дайындалатын өнімнің сапасы да әсер етеді. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда мал табынын жаңартып отыру, мал азығы қорын нығайту, қолда бар мал қораларын жаңғырту, жаңашыл технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Мұның барлығы сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытудың жалпы концепциясында орын алып, оны жасаумен аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі айналысады.

— Әлбетте, бұл ретте кезең – кезеңмен жұмыс істеу міндеті тұр. Сүтті сатып алуды, оны тоңазыту мен өңдеушіге дейін жеткізуді ұйымдастыру өз алдына жеке қадағалауды талап етеді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары инновациялық — инвестициялық және бәсекеге қабілеттілік бағыттарын қамтамасыз етулері керек. Сонда ғана саланың тиімділігін арттыруға ықпал етуге болады. Бұл жерде ауданның шағын және орта бизнес өкілдері өздерінің қаншалықты бәсекеге қабілетті екендіктерін көрсете алады. Облыс әкімі аталмыш бағыттағы бизнес жобаларға қолдау көрсету жоспарланып отырғанын атап көрсеткен болатын, — дейді Рамиль Сағындықов.

 

Жекеменшіктің қорасындағы малының сүт бағытында дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Соңғы жылдары сүтті сатып алу бағасының өте төмен болғаны жасырын емес. Шыны керек, сүт бағасының төмен болуы ауыл тұрғындарының сүтті сатуға деген құлшынысын төмендетіп отыр.

— Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің басшыларына сүт өндірісі саласын дамытуға бағытталған ары қарайғы жұмыс алгоритмдерін анықтау үшін бірқатар маңызды мәселелерді нақтылап, сүтті сатып алуды ұйымдастырудың құқықтық – ұйымдастырушылық формаларын қалыптастыру, сүт бағасының құрылуын нақтылау, маркетинг әдісін үйрену сияқты міндеттер қойылады. Әлбетте, бұл жерде тек бөлім басшылары ғана емес, ауыл әкімдерінің де атқаратын жұмыстары баршылық. Ауыл әкімдері тұрғындар арасында сүтті мал басын көбейтумен айналысудың тиімділігі мен маңыздылығы жайында түсіндіріп, осы мәселеге қатысты бизнес жобалар мен бастамаларға қолдау көрсету және оларды жүзеге асыру жайлы тапсырмалар беріледі, — дейді сұхбат барысында Рамиль Нығметжанұлы.

Сүт өндіруді дамытудың негізі тұрақты әрі сапалы мал азығы қорын жасау болып табылады. Мал азығын дайындауда, сақтауда ешқандай ысырапшылдыққа жол бермей, қажетті әрі сапалы азық дайындауға қол жеткізу қажет. Бұл мәселені шешуге, ең алдымен, шаруа қожалықтарының басшылары жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Сүт бағытындағы мал басын арттыру жұмысы жолында шешімін күткен бірқатар мәселелер бар. Бұл жұмыста мемлекеттік және салалық бағдарламалардың барлық артықшылықтарын барынша тиімді пайдалана білу керек.

Аталмыш саланы дамытуда табыс кілті аграрлық құрылымдар басшыларының жаңашылдығы, іскерлігі мен белсенділігіне, ауыл тұрғындарының жаппай қатысуына тікелей байланысты.

Н. ШАРОВА,

Көкпекті ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС