"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАЗАҚТЫҢ ПАГАНИНИІНЕ» АРНАЛҒАН КЕШ

23.01.2015
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кезінде әйгілі Әнет бабамыздың «Тауына қарай – қыраны, жеріне қарай – құланы, ұлысына қарай – ұраны, ұранына қарай – ұланы» деген даналық сөзінде айтылғандай, қазақтың маңдайына біткен үш алыбын дүниеге әкелген, кие қонып, құт дарыған Шыңғыстаудай шежірелі өлкенің даңқты перзенттері аз болмаған. Осындай қайталанбас текті тұлғаның бірі, 1924 жылы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген Ұлы Абайдың ұрпағы, қазақ скрипка мектебінің негізін салушы Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған танымдық кеш Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы аудандық кітапханада өтті. Абай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған рухани-танымдық кеш көптің көңілінен шықты.

{jcomments on}Кеш аясында жиналған қауым алдымен марқұмның қабірі басына барып, құран бағыштап,  Әйткеш Толғанбаевтың ескерткіші де орын тепкен «Ғасыр тұлғасы» монумент- тақтасына  гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Мұнан соң кітапханада кеш шымылдығы түріліп, жиналған жұртшылық назарына «Хабар» телеарнасының шығармашылық ұжымы «Тағдырластар» жобасы бойынша түсірген Әйткеш Толғанбаев жайындағы деректі фильм ұсынылды. Деректі фильмге Әйткеш Толғанбаевтың өмір жолы, басынан кешкен қиын да күрделі тағдыры арқау болған.

Қарауыл мектебінде оқып жүргенде-ақ бала Әйткештің музыкаға бейімділігі байқалады. Кейін өзінің жазған «Исповедь судьбы жестокой» атты кітабында: «Мен өмірге, музыка әлеміне музыкант болып келгендеймін… Домбыра мен сыбызғының үні мені халқымыздың баға жетпес қазынасына жетелесе, өлеңі бабаларымыздың тарихынан сыр шертетін. Бәрінен де шешем Бибісара Өтелбайқызының айтқан әндерін сүйіп тыңдайтынмын. Ол кісінің дауысы өте әдемі, әсерлі болатын. Музыка тілімен айтқанда, сирек кездесетін мецо — сапроноға жатады»,- дейді.

 

Асқақ армандар бойын кернеген дарынды жас ерекше қабілетімен танылып, алдымен Алматының музыкалық училищесінің скрипка ойнау бөлімінде оқиды. Училищені бітіріп, консерваторияда оқып жүрген шағында, 1942 жылы, қолына қару алып, қатарластарымен майданға аттанады. Жау қоршауында қалған полктың құрамында контузия алып, аяғынан ауыр жараланған Әйткеш тұтқынға түседі. Адам төзгісіз күйдегі тұтқындардың ішінен Әйткешті тауып алып алдырған комендант скрипкада ойнауды бұйырады. «Бәрібір өлім» деп ойлаған Әйткеш Венявскийдің музыкасын, батыс классиктерінің бірнеше  шығармаларын, Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын», қазақтың «Елім-айын» орындап шығады. Бах, Моцарт, Гайди, Бетховен, Шуберт шығармаларын тамылжыта орындағанын естігенде, түрегеп тұрып қол соғады. Тұтқын Толғанбаев, осылайша, Түркістан Ұлттық комитетінің легионына жіберіліп, мәдени взводқа алынады. Тағдыр айдап Римде болып, айдауда жүріп-ақ Италияның Верда, Паганини, Вивальди, Карузо сияқты таланттарының шығармаларын терең меңгергендігін танытады. Туған жеріне деген сағынышы, еліне деген сүйіспеншілігі болар, Әйткешке италиялық өнерсүйгіш мамандар, соғыс аяқталған соң, оның Италияда қалуын қанша өтінсе де, илікпей, елшілікке өтініш беріп, талап қойып, елге қайтады. Бірнеше жыл хабарсыз кеткен оны өлдіге балап қойған туыстарының ортасына Әйткеш қазан айында жетеді. Бірақ 1946 жылы 22 жасар өнер адамына деген саяси сенімсіздік оған 25 жылды арқалатып, Магаданнан бірақ шығарады. Сол тұстағы солақай саясаттың салдарынан жас скрипкашыға адам төзгісіз қорлық көрсетіледі. Табиғатынан адал, арлы азаматтың КСРО Жоғары Кеңесіне жазған өтініші бойынша тек 1955 жылы түрмеден босатылады. 1956 жылдан бастап Мұхтар Әуезов пен Ахмет Жұбановтың қамқорлығының арқасында консерваториядағы оқуын жалғастырып, Қазақ радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрінде, филармония оркестрінде қосымша еңбек етеді. Әйткеш дүниежүзінің ең күрделі классикалық шығармалары мен қазақтың халықтық және атақты сазгерлерінің  шығармаларынан 200 ән-күйді өңдеп, өзінің репертуарына кіргізген. Ол өз өнерімен тыңдарманның ыстық ықыласына ие болады. Бірақ қаншама әрекеттенгенімен, әлемдік конкурстарға қатысуға бір де бір жолдама ала алмайды. Бұл да солақай саясаттың соққысы еді. Ұзақ жыл К.Байсейітова атындағы музыка мектебінде, сондай-ақ, консерваторияда қызмет жасады. Скрипкада оқытудың қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.

 

Скрипка мектебінің негізін салған тұңғыш скрипкашы, «Шығыстың Поганиниі» Әйткеш Толғанбаев еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған өтінішіне орай 1992 жылы мамыр айында ҚР Прокуратурасының анықтауы бойынша кінәсіз деп толықтай ақталғандығы жөнінде шешім шығарылды. Өз өмірінің ауыр азап, кінәсіз мазақ болған бар шындығын бүкпесіз жазған «Қатал тағдыр тәлкегі» атты (қазақшаға тәржімалаған Манатай Толғанбаев, Алматы 2001 жыл) кітабында: «Бұл минутты мен көп күттім. Бұл үшін мен 40 жыл 33 күн өмір кешіп жүрген уақытымның жартысынан артық күрестім, Ақыры, мен бостандықтамын!» — деп аяқтайды. Ақиқат үшін күрескен әділ, арлы, өнерпаз азаматтың жаралы жүрегі 1994 жылы кенет тоқтады. Көзі тірі кезіндегі аманаты бойынша туған жерінен топырақ бұйырды. Осылайша, Әйткеш Толғанбаев жайлы көрсетілген деректі фильмнен көп ой түйдік. Онда көптеген деректер қамтылып, жазушылар Тұрсын Жұртбайдың, Сұлтан Оразалиннің, ақын Төлеген Жанғалиевтің, немере інісі Манатай Толғанбаевтың, інісі Валерий мен қызы Сәулеттің айтқан естеліктері қамтылыпты.

Шараның екінші бөлімінде жерлестері естеліктер айтты. «Мені өлімнен алып қалған -өнерім» деген тақырыпта арнайы сөз кезегін алған аудандық мәслихаттың хатшысы Төлеубек Аманғазы:

– Әйткеш Толғанбаевтың өнері мен өмір жолы — үлкен тарихи соқпақ, жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Терең талант иесіне А.Жұбанов, І.Жансүгіров, Л.Хамиди сынды тұлғалар үлкен баға беріп кеткен. Халқының ықыласынан асқан теңеу болмас, — деді өз сөзінде.

Ұлы талант иесі Әйткеш Толғанбаев жайында шәкірті Рахымғали Мыржықбаев, ақын Төлеген Жанғалиев, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Малгаждар Жүнісжанов, Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің скрипка сыныбының ұстазы Нұргүл Төлемісова, ардагер Байбота Орынбаевтар сүбелі ойлар айтты. Әйткеш атаның немере інісі Манатай Толғанбаев шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді. Семейдің облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Қарауылдағы филиал ұжымы Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өткен аталмыш  шарада әйгілі музыканттың өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық жылжымалы көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, Ә.Толғанбаевтың «Түнгі сарын» әнін «Қаламқас» ән-би ансамблінің әншілері Еркін Жолжігітов, Азамат Елужан және Дәулет Сағатов әуелете шырқады. Ал Әйткеш Толғанбаев музыкаға лайықтап өңдеген халық әні «Ғайниді» Ж.Кәрменов атындағы музыка мектебінің жас скрипкашылары ұстаздарымен бірігіп орындады. Әйткеш атаның шәкірті, ҚР Мәдениет қайраткері Р.Мыржықбай да өз өнерін көрсетті. Рухани-танымдық шара соңында Әйткеш Толғанбаевтың рухына арналып Құран-қатым бағышталды. Оған аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков қатысып, арнайы сөз сөйледі.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

4 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

4 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

4 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

4 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

4 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

4 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

4 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС