"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

23.01.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Айнабұлақ ауылдық округінің аумағындағы «Қадиша» қыстағындағы тіршілік тынысы ауыл өмірінің айшықты келбетін әйгілеп тұрғандай. Дарқан дала төскейіндегі еңбек әуені күнделікті толастамайды. Таңмен таласа тәтті ұйқыларынан оянатын азаматтар төрт түліктің төресі – ірі қара малдарын бағып-күтуді өз жауапкершіліктеріне алған.

{jcomments on}Мұнда тәжірибелі мал маманы, Айнабұлақ ауылының тумасы, туған жерінің өсіп-өркендеуіне өз еңбегімен сүбелі үлес қосып жүрген, жерлестерінің мақтанышы Ризабек Шәкенұлы басқаратын «Шәкен» шаруа қожалығы тауарлы сүт фермасын құрып, мақсатты істерін жүзеге асыруда.

— Ауылда туып өскендіктен бала кезімізден бастап мал шаруашылығының қыры мен сырын біліп есейдік. Кішкентай кезімізде үйге көмектесуді бұзау бағудан бастағанымыз есімізде. Отбасында 13 бала болдық. Шаруашылықтың жүргізушісі болған әкеміз, әртүрлі шаруаларды атқарған анамыз бізді еңбекке баулыды. Үйдегі меншік малдың үлкен-кішісінің күтімі балалардың еншісіне тиетін. Бәлкім, соның да нәтижесі болар, еңбек жолымыз өзіміз өскен ауылдан басталды. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында  экономиканың алтын қазығы саналатын ауылды дамытуға, онда ауылшаруашылығы саласын өркендетуге қолдау көрсетіп, арнайы міндеттер жүктеп келеді. Менің мыңдаған әріптестерім оған куәгер болуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиеге қол жеткізіп, қалаған кәсіптерін ашып, өз тіршіліктерін өркендетуде. Мен де солардың бірімін. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да тауарлы сүт фермасын ашу туралы нақты тапсырмалар атап айтылған. Соған нақты іспен жауап берудің қамына кірістім. Аудандағы сүт зауытына күнделікті сүт өнімдерін өткізу – жоспарымдағы шаруаның бірі, — дейді шаруа қожалығының  басшысы Ризабек   Ыдырышев.

Ол бүгінгі күні екі түрлі тұқымды сүт бағытындағы сиырларды республиканың әр аймағынан сатып алып, өткен жылы 50 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашты. Қыс айларында сиырлар тұратын, талғамға сай жаңа қора салды. Бүгінде қарамағындағы ірі қараның алғашқы төлдерін қабылдап алып, бұзауларды да ерекше күтімге алған. Бұл істе атажұртқа оралған қандастарымыз Сұлубай Уәлихан, Әсетбек Қастер мал күтімін өз жауапкершіліктеріне алған. Күнделікті күтімде тұрған сиырларға бірнеше уақыт жемі мен шөбін, құнарлы азықтарын дайындап береді. Шөпті турайтын техника да солардың жауапкершілігіне бекіген. Отаналары сиыр саууда өз еңбекқорлықтарын көрсетуде. Сонымен қатар аталмыш қыстақта ет бағытындағы ірі қара да өсірілуде.

Жақында Зайсан ауданында арнайы іссапармен болған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар тауарлы сүт фермасына ат басын бұрып, оның тынысымен арнайы танысқан болатын.

Ардақты БӨЛДЕКБАЙ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС