"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ҰШАҚ – ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ

23.01.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының санитарлық авиация қызметі үшін жағымды жаңалық орын алды. Сала мамандарының жұмыс нәтижелілігін арттыру, жетуі қиын жерлердегі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен АН-2 маркалы ұшағы берілді.

{jcomments on}Ұшақ Тараздың «Тараз Жаңа Әлем» компаниясынан жеткізілген. Енді Семей қаласынан шалғайдағы Абыралы өңірі, Абай, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, Шар, Курчатов сынды қалалардың жедел медициналық көмекке зәру тұрғындары жедел түрде қалаға жеткізілетін болады.

Айта кетерлігі, ұшаққа дейін Семей қаласының санитарлық авиация қызметі мамандарына өткен жылдың сәуір айында тікұшақ берілген. Алайда 3 ай уақыттан кейін тікұшақ кері қайтарылған екен. Әуе көлігі семейліктерге қызмет еткен қысқа мерзімді уақыт аралығында санавиация мамандары нәтижелі жұмыс көрсеткішін байқатқан.

— Тікұшақ берілген уақыт аралығында 41 рет әуеге көтеріліп, оның ішінде 39 науқасты қаладағы онкологиялық, кардиологиялық  орталыққа, перзентханаларға жеткізіп, медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік жасадық. Үш ай уақыт аралығында сонша адамға көмек көрсету өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймыз,- дейді Семей қаласы санитарлық авиациясының меңгерушісі Нажия Пронина.

 

Жалпы, санитарлық авиация басы ауырып, балтыры сыздаған жандардың барлығына емес, жүкті әйелдер, балалар, жүрек, инсульт алған науқастарға, жол — көлік оқиғасына тап болған адамдарға қызмет етеді. Оларға қаладағы білікті мамандармен жасалған келісімшарт негізінде медициналық мекемелерде тиісті жәрдемдер беріледі. Жаңа ұшақ әзірге халыққа көмек көрсету үшін әуеге көтерілген жоқ. Қазіргі таңда ұшақты медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету ісі жүргізіліп жатыр. Санитарлық авиация басшылығының айтуынша, тікұшақпен салыстырғанда, ұшақтың мүмкіндігі мол. Уақыт үнемдеу жағынан да, дәрігерлер мен науқастарға арналған орындар санынан да ұтымды. Санавиация меңгерушісінің пікіріне сүйенсек, егер қызмет мамандары жемісті жұмыс жасаса, жоғарыда аталған аудандардан өзге, шалғайдағы аудандарға да қол ұшын созу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан жүктелуі бек мүмкін. Бұл тек халыққа тиімді болмақ. Қалай десек те, барлық жағдай қазақстандықтардың игілігі үшін жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы тұрғындардың жасын 80 жасқа дейін арттыру қажеттігін, ол үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек, санитарлық авиация саласын дамытуға тапсырма берген. Жаңа ұшақ Елбасымыздың халық денсауылығын жақсарту бойынша берген тапсырмаларына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижесі деуге болады.

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

4 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

4 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

4 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

4 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

4 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

4 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

4 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

4 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС