"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

30.06.2025
Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Үржар ауданының Таскескен ауылында дәстүрлі «Ауыл – ел бесігі» атты мәдени-спорттық фестиваль басталды.

Белгілі меценат Талғат Сақанның ұйымдастыруымен, облыс әкімдігінің қолдауымен 27-28 маусым күндері республикалық айтыс, 70 шақырымдық аламан бәйге, 15 шақырымдық «Таскескен жүйрігі» ат жарысы, қыз қуу, теңге ілу, қой көтеру, садақ ату, киіз үй тігу сайыстары өткізіледі.

Шара барысында «Топжарған» этно-мәдени орталығы акробатикалық өнердің үлгілерін көрсетіп, ұлттық дәстүрді дәріптейді. Мерекелік шара аясында Таскескен ауылында қоғамдық сауықтыру кешені ашылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бой көтерген нысан бір уақытта 100 адамға дейін қабылдай алады.

Фестивальдің ашылуына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, бұл шараның ауыл тұрмысының жақсаруына қосар үлесі зор екенін атап өтті.

«Абай өңірінде Атымтай жомарттық пен туған жерге қызмет ету қашанда асыл мұрат болып келген. Осы дәстүрдің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген азаматтар өңірімізде аз емес. Солардың бірі – осы жердің тумасы, ел перзенті, белгілі кәсіпкер, туған ауылдың жанашыры Талғат Сақан екенін ерекше атап өткім келеді. Бүгінде оның демеушілігімен Таскескен ауылында бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылып жатыр. Таскескен ауылының кіреберіс қақпасы (арка) орнатылды. 2024 жылы 2 көшеге асфальт төселді. Қоғамдық сауықтыру орталығын халық игілігіне бергелі отыр. 100 орынға арналған балабақша құрылысы жүргізілуде. Бұл ел мен жерге деген сүйіспеншілігін сөзбен емес, нақты іс арқылы көрсеткен азамат. Бұдан басқа Атымтай жомарт азаматтар үлгі алады деп ойлаймыз», — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Үржар ауданында жеке инвесторлардың қаржысымен көптеген жобалардың іске асырылып жатқанын айтты. Мәселен, қытайлық тараппен бірлескен «Шың Жан Жуо Анг–Сункар» ЖШС күнбағыс майы мен ұн өндіретін және мал азығын дайындайтын кешен салуда.

Жобаның жалпы құны – 5,5 млрд теңге. Бұдан бөлек «Urdjar Agro Trade» ЖШС қуаттылығы тәулігіне 100 тонна болатын майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізіп жатыр. Инвестиция көлемі – 800 млн теңге.

Облыс әкімі «Ауыл – ел бесігі» фестивалі аясында арнайы тігілген киіз үйлерді аралап көрді. Ұлттық нақыштағы көрме-экспозициялар мен қолданбалы өнер бұйымдары, ауыл кәсіпкерлері мен шаруалардың өнімдері, киіз үй ішіндегі дәстүрлі тұрмыс үлгілері таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

7 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

7 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

7 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС