"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлеумет

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар жайлы баяндама жасап, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Алдымен аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев 2024–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін таныстырды. Бұдан кейін сөз алған облыс әкімі Берік Уәли өңірді аралау барысында шалғай ауылдар мен бұрынғы аудан орталықтарының жай-күйімен жеке танысқанын айтты.

– Ауылдардағы жол, ауыз су, медициналық қызмет және білім мен мәдениет нысандарының жағдайы басты назарда. Бұл мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндалды. Президент Үкіметпен бірлесе отырып, Абай облысындағы қордаланған түйткілдерді шешу туралы тапсырма берді. Осы кездесуге атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісу үшін келіп отырмын, – деді облыс әкімі.

Берік Уәли Бесқарағай ауданында жүзеге асып жатқан нақты жобаларға тоқталды. Аудан бойынша 77,7% тозығы жеткен 39 шақырым ауыз су желісін жаңарту үшін 5,1 млрд теңге бөлінген. Глуховка, Жыланды, Мостик, Баскөл және өзге елді мекендерде бұл жұмыстар басталып кеткен.

Жол саласына биыл 974,7 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар 30 отбасыға арналған тұрғын үйлердің құрылысы да жүргізіліп жатыр.

Білім беру саласында 9 мектепке жөндеу жұмыстары жоспарланған. 2 мектептің шатыры күрделі жөнделіп, 5 пәндік кабинет пен 3 мектеп автобусы сатып алынады. Денсаулық сақтау бағытында аудандық аурухана шатыры мен үшінші қабатына күрделі жөндеу жүргізу үшін 100 млн теңге, ал жаңа медициналық техника алуға 82,9 млн теңге бөлінген. Канонерка ауылында амбулатория, Беген мен Бозтал ауылдарында жаңа медпункттер салу жоспарда.

Мәдениет пен спорт нысандары да назардан тыс қалған жоқ. Бесқарағай ауылында жүзу бассейні, Ерназар ауылында спорт модулі, ал Глуховка, Беген және Ерназар ауылдарында 100 орындық клуб үйлері бой көтеруде.

– Бесқарағай – аграрлық және туристік әлеуеті зор, тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан. «Омбы–Майқапшағай» халықаралық жолының бойында тұрғаны да үлкен артықшылық. Ауданға осымен жетінші мәрте келіп отырмын. Бұған дейінгі сапарымда Канонеркадағы Мәдениет үйі мен колледждің жағдайымен таныстым. Бұл нысандарға жөндеу жүргізу үшін қаржы бөлінеді. Ауданның өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешіледі, – деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС