"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай әлем таныған дара тұлға

Ұлы ойшылдың есімі берілген көше мен ескерткіштер әлем картасында көбейіп келеді

06.08.2025
Абай әлем таныған дара тұлға
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл хакім Абайдың дүниеге келгеніне 180 жыл толып отыр. Абай – ұлтымыздың рухани ұстазы, бүкіл адамзатқа ортақ асыл мұра қалдырған ақын әрі философ. Оның есімі бүгінде Қазақстан шекарасынан асып, әлемдік деңгейде танылып отыр. Бұған төрткүл дүниенің әр қиырындағы көшелер мен ескерткіштер айғақ.

Абай есімі – Тәжікстанда

Тәжікстан астанасы Душанбеде Абай Құнанбаев атындағы көше 1963 жылы қазақ әдебиетінің онкүндігі аясында ашылған. Бұл – Кеңес Одағы дәуірінде бауырлас халықтар әдебиетінің өзара ықпалдастығының нақты көрінісі.

 

Үндістандағы  «Абай Мардж»

Ал алыстағы Үндістанда, нақтырақ айтсақ ел астанасы Делиде, Абай есімімен аталатын көше бар. Оның толық атауы – Abai Marg. «Marg» сөзі хинди тілінде «жол» деген мағынаны білдіреді. Бұл – Абайды Азия кеңістігі де қадір тұтатынының бір белгісі.

 

Украинадағы Абай көшелері

 

Украинаның астанасы Киевте де 1988 жылы Абай Құнанбаев атына көше берілді. Сонымен қатар ақынның есімі елдің Краматорск және Днепропетровск қалаларындағы көшелерге де берілген. Бұл – қазақ әдебиетінің Еуропа төрінде де өз орнын тапқанын білдіреді.

 

Лондонда – Абай үйі

1995 жылдың 15 ақпанында Ұлыбритания астанасы Лондонда жазушы Роллан Сейсембаевтың бастамасымен Абай үйі ашылды. Абай үйі ұлы ойшылдың шығармашылығын насихаттауға арналған мәдени орталық қана емес, қазақ руханиятының шетелдегі бірегей ошағына айналды.

 

Араб, Еуропа елдерінде де – Абайға құрмет

 

1998 жылы Каир қаласындағы бір көше Абай есімімен аталды. Ал 2000 жылы 18 ақпанда Германия астанасы Берлинде Abai Strasse – Абай көшесі ашылды. Еуропаның дәл жүрегіндегі бұл көше — қазақ зиялысының халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын дәлелі. Люксембургте де ақын атында көше бар.

 

 

Иранның Тегеран қаласында

2007 жылы Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында Абай мүсіні ашылды. Мүсін Ұлттық кітапханаға кіреберіс аллеяда орнатылған. Сондай-ақ Иран ұлттық кітапханасында да Абайдың мүсіні қойылған.

Қытайдың астанасы Бейжіңде

2014 жылы Қытай астанасы Бейжіңнің орталығындағы «Чаоян» саябағында Абайға арналған ескерткіш ашылды. Мүсіннің авторы — Юань Сикунь.

Түркия астанасы Ыстамбұлда

2021 жылы Түркияның ең ірі мегаполисі Ыстамбұлда Абай алаңы мен ескерткіші ашылды.

 

Венгрияның Будапешт қаласында

2014 жылы Венгрия астанасы Будапештегі Астана көшесіне Абайдың ескерткіші орнатылды. Қоладан жасалған бюстің биіктігі — 1070 миллиметр, ені — 900 миллиметр.

Болгарияның Свети Влас қаласында

Болгарияның Свети Влас қаласындағы танымал тұлғалар аллеясында Абай барельефі ашылды. Онда: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі», — деп Абайдың отыз жетінші қара сөзінен үзінді келтірілген.

Румынияның Бухарест қаласында

Румынияның Бухарест қаласының орталығына Абайдың бюсті орнатылды.

Чехия астанасы Прагада

Прага  қаласындағы Клементинум атындағы Ұлттық кітапханада «Абай» мәдени-ақпарат орталығы ашылды.

Францияның Ренн қаласында 

 

Францияның Ренн қаласындағы Абай ескерткіші 2016 жылы орнатылған. Бұл — Франция үкіметінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Алматының 1000 жылдық  мерейтойына жасаған сыйлығы.

 

Мысырдың Каир қаласы 

 

 

Ұлы Абай бюсті 2016 жылы Каир орталығындағы ең көрікті жерлердің бірі «Еркіндік және достық» саябағында орнатылған. Ескерткіш Қазақстанның Каирдегі Елшілігінің қолдауымен мысырлық меценат, Қазақстан мен Мысыр достығы ассоциациясының мүшесі доктор Хусейн Әл-Шафиидің қаражатына қойылған.

 

Үндістанның Нью-Дели қаласында

 

2022 жылы Нью-Дели қаласындағы Сан Мартин Парк скверінде Абай Құнанбайұлы бюсті ашылды.

 

ТМД кеңістігіндегі танымалдылық

 

Абай Құнанбаев атындағы көше Өзбекстан астанасы Ташкентте, Қырғызстан астанасы Бішкекте,  Әзірбайжан астанасы Бакуде де бар және Түрікменстанның Ақдаш ауылында да бар. Армения астанасы Еревандағы Ереван мемлекеттік университеті жанындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті орталығына Абай Құнанбайұлының аты берілді.

Ресейдің Алтай Республикасындағы Көш-Ағаш ауылында Абай көшесі бар.

Бұл елдерде Абай тек қазақ халқының ғана емес, ортақ рухани мұраның иесі ретінде танылған.

 

 

Ресейдің Мәскеу қаласында

Мәскеудегі Абай ескерткіші 2006 жылы Қазақстан елшілігінің маңына орнатылған. Сол жылы екі ел президенттерінің шешімі бойынша Ресейде Абай жылы, ал Қазақстанда Пушкин жылы деп жарияланған болатын. Соған орай Астана қаласында Пушкин ескерткіші, ал Мәскеуде Абай ескерткіші орнатылған болатын. Қоладан жасалған ескерткіш авторлары — Мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сулейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенко. Бұл ескерткішті орнату жұмысын Қазақстан қаржыландырған.

Қырғызстанның Бішкек қаласында

 

2022 жылдың 26 мамырында Бішкек қаласында Абай ескерткіші ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысып, бұл күнді екі ел арасындағы рухани байланыстың символына айналдырды. Президент Тоқаев бұл оқиғаны қазақ пен қырғыз халықтарының ортақ мәдени құндылықтарына көрсетілген зор құрмет ретінде бағалады.

 

Әзербайжанның Баку қаласында

 

Әзербайжан халқы түркілік туыстық жағынан да, ортақ болмыс пен тарихи тамыр жағынан да бізге жақын халықтардың бірі. Олардың қазақ мәдениетіне, сондай-ақ Абай мұрасына деген ынтасы да елден ерек. Бакудегі Абай ескерткіші 2011 жылдың мамырында Баку мемлекеттік университетіндегі Абай Құнанбайұлы атындағы орталыққа қойылған. Ақын бюсті осы орталықтың ашылуына орай орнатылған болатын. Орталық қызметкерлері ақын өлеңдерін тікелей әзербайжан тіліне аударып, Абай мұрасын сол тілде насихаттаумен айналысады..

Өзбекстанның Ташкент қаласында

Ақын ескерткіші 2013 жылы Ташкенттегі Абай көшесінде бой көтерді. Ескерткіштің биіктігі – 9,2 метр. Қазірге дейінгі Абай ескерткіштері арасындағы ең танымалдарының бірі деуге де болады.

Қарақалпақстанның (Өзбекстан) Мойнақ қаласында ашылған «Шайырлар» саябағына Абай мүсіні орнатылды.

Грузия астанасы ТБИЛИСИДЕ

 

Абай Құнанбайұлының ескеркіші 2022 жылы Грузия астанасы Тбилисиде ашылды.

Грузин мүсіншісі жасаған ескерткіш қаланың бас алаңдарының біріне орнатылды.

 

 

АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

Абай Құнанбайұлы – адамзаттың асыл қазынасы. Оның Қара сөздері, терең ойлы өлеңдері мен өмірлік ұстанымы қазіргі заман адамын әлі де ойландырып, ұрпаққа бағыт сілтейді. Әлемнің түкпір-түкпірінде Абай көшелері мен ескерткіштерін кездестіруге болады. Бұл қазақ мәдениетінің жаһандық кеңістіктегі бағасын айқындайды.

Бетті әзірлеген Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

13 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

14 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

14 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

14 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

14 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

24 часа бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС