"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

 Интернет сапасы назарда

08.08.2025
 Интернет сапасы назарда
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Интернеттің ел аумағында кеңінен қолжетімді болуы – қазіргі таңда Қазақстанның цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызға ие мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық теңсіздікті жою, әрбір азаматты сапалы интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы осы бағытта бірқатар ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы мәлімдеді.

Еркежан ҚАЙСА,
«Semeı tańy»

Абзал Серікұлының айтуынша, бүгінде облыстағы 252 ауыл сымды және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. 93 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желісі бар. 233 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту қажет.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында еліміз бойынша 2991 ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту көзделген. Бұл тізімде облысымыздың 179 ауылдық елді мекені де бар. Жоба аясында 2027 жылға қарай өңірдегі ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту көрсеткіші 96 пайызға дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар облыс аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда интернет пен мобильді байланысқа қолжетімсіз учаскелер бар. Ұлттық жоба аясында республикалық маңызы бар автожолдар бойында 40 антенна-діңгек құрылысын салу көзделген. 2027 жылдың соңына дейін барлық негізгі жолдар мобильді интернетпен толық қамтылатын болады. 2023 жылы облыста шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасы шеңберінде жергілікті әкімдіктер мен жеке инвестиция есебінен 23 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 15 антенна-діңгек пайдалануға берілді, 4-еуі жеке қаржы есебінен салынды. Қалған 8 ауылда құрылыс және жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы жиында облыстағы туристік орындардағы интернет сапасын жақсартудың маңызын атап өтті. Цифрлық технологиялар басқармасына байланыс операторларының қызметін қатаң бақылауға алып, сапасыз қызмет үшін заң аясында шара қолдануды, салалық министрлікпен бірлесе жұмыс жүргізіп, нәтижесін ай сайын баяндап отыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС