"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жыр мүшәйрасының жүйріктері анықталды

08.08.2025
Жыр мүшәйрасының жүйріктері анықталды
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде ұлт руханиятының темірқазығына айналған дара тұлға — хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты халықаралық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті.

Ұлы ойшылдың шығармашылық жолын жалғап, оның рухани-эстетикалық әлемін бүгінгі жас буынға насихаттауға арналған шығармашылық сайысқа еліміздің әр өңірінен және Қырғызстан, Түркия, Моңғолия елдерінен 80-ге жуық ақын өз өлеңдерін ұсыныпты.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып танылған ақындар Ә.Бөкейханов университетінде өткен қорытынды кеште бас қосты. Жыр додасына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, ҚР мәдениет саласының үздігі, күйші Дүйсебай Шаштайұлы,  республикалық айтыстардың жеңімпазы ақын Серікзат Дүйсенғазин, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ербол Алшынбай төрелік етті.

— Мүшәйра шарты бойынша, ақындар екі өлеңнен ұсынды. Бірі — Абайға арнау өлең, екіншісі еркін тақырыпта. Жыр сайысына қатысқан ақындардың көбі — елімізге белгілі азаматтар. Қаламы қалыптасқан ақындар болғандықтан, олардың ішінен 8-ін ғана іріктеп алу оңай болған жоқ. Осалы жоқ. Әр ақынның поэзияда өз стилі, өз бағыты бар. Жас ақындар тіпті бөлек бағытта жазады. Барлық дүниені ескердік деп ойлаймын.  Бүгінгі қазақ поэзиясы көркемдігі жағынан әлемдік деңгейдегі поэзиядан еш кем емес. Оны талантты жас ақындарымыз жалғастырып келеді,- дейді әділ қазылар алқасының мүшесі Серікзат Дүйсенғазин.

Мүшәйраға қатысқандардың басым көпшілігі 20-30 жас аралығындағы жастар екен. Сонымен қатар Ринат Зайытов, Шалқарбай Ізбасар, Ұларбек Нұрғалым, Дәулет Сметов сынды аға буын ақындар да өлеңдерін ұсыныпты.

Поэзия кешінде ұлы ақынға арналған үздік шығармалар оқылды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша, бас жүлдені Ұмтыл Зарыққан (Астана қаласы) жеңіп алып, 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. I орын Нұрбек Кеңесбайға (Астана қаласы, 500 000 теңге), II орын Бауыржан Жақыпқа (Алматы қаласы, 300 000 теңге), III орын Дәурен Тілеуханға (Түркістан қаласы, 200 000 теңге) бұйырды.

Сондай-ақ Әлия Іңкәрбек (Алматы қаласы, 100 000 теңге) «Жылы жүрек» аталымына, Қуаныш Оспан (Көкшетау қаласы, 100 000 теңге) «Ерекше қонақ» аталымына, Бауыржан Игілік (Семей қаласы, 300 000 теңге) «Көрермен көзайымы» аталымына, ал Ерлан Аманғожа (Павлодар қаласы, 200 000 теңге) «Жас Абай» арнайы жүлдесіне ие болды.

— Ұлы ақынның мерейтойы аясында ұйымдастырылған жыр бәйгесіне Астана қаласынан келдім. Ақынның нұр сипатына, дидарына ең жақын қауым ақындар, ғалымдар, сөз зергерлері деп білемін. Абайдың тойына қатысу – үлкен мәртебе. Бас жүлде иеленіп жатырмын. Өте қуаныштымын. Тойымыз құтты болсын!- дейді байқау жеңімпазы Ұмтыл Зарыққан.

Шығармашылық сайыс Семей қаласы әкімдігі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жазушылар одағының Абай облысы филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

15 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

16 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

16 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС