"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚЫСҚАРТЫЛМАЙДЫ

06.02.2015
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚЫСҚАРТЫЛМАЙДЫ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында жаһандық экономикалық дағдарыстың кезінде даму көрсеткіштерін сақтай отырып, еліміздегі ахуалдың қиындауының алдын алу шаралары туралы айтқан болатын. «Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр», — деді Елбасы. Осы орайда атқарушы билік дағдарыс кезінде кәсіпорындарда жұмыс орындарын сақтау шараларын қолға алуда. Өткен жұма күні қала әкімі Айбек Кәрімов пен өндіріс орындары мен өнеркәсіп ошақтары басшылары арнайы меморандумға қол қойды.

{jcomments on}Жиын барысында алғашқы болып сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде жергілікті атқарушы билік пен кәсіпорындар жетекшілері арасында жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша келісім жасаудың үлкен мәнге ие екендігін атап өтті.

— Шағын және орта кәіпорындарда жұмысшылар алдындағы кепілдіктер мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, өндірістік процесті тиісті қалпында сақтау туралы арнайы меморандумдарға қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып келеді. Сондай шаралардың бірі – жұмыс орындарын қысқартпау және еңбек қатынастарын реттейтін заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін бүгін біз қаламыздың бірнеше кәсіпорындарының басшыларымен арнайы меморандумға қол қоятын боламыз, — деді Айбек Мүталапханұлы.

 

Қала әкімшілігімен келісім жасасу үшін жиынға «Семей цемент зауыты» ЖШС бас директоры Геннадий Каменев, «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-нің бас директоры Бейсенғазы Тастекеев, Семей азбест-цемент бұйымдары зауытының басшысы Константин Бужилов, «Ай-ар» ЖШС бас директоры Ербол Қабдрахманов, «Семей құю-механикалық» ЖШС-нің директоры Борис Козырев шақырылған болатын. Тараптар дағдарыс кезінде жұмыс орындарын қысқартпау бойынша меморандумға қол қойды. Келісім жасасу рәсімі аяқталғаннан кейін, қала басшысы жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі бастамаға қолдау білдіріп, атсалысуға ниет танытқан азаматтарға алғысын айтты.

 

— Мен бүгін меморандумға қол қойған кәсіп-орындардың басшыларына өндірген өнімдерінің сұранысқа ие болуын тілеймін. Ең бастысы, шығарылған дүниелеріңіздің бәсекеге қабілеттілігі жоғары болсын. Және осы тауарларды жасап шығаратын жұмысшыларыңызды қысқартып, жалақыларын уақтылы төлеп отыруларыңыз шарт, — деді Айбек Кәрімов.

Өз кезегінде кәсіпорын басшылары да қала әкіміне қажетті кездерде қолдау білдіріп келе жатқандығы үшін алғыстарын білдірді. Дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтап қалу  бойынша атқарылатын шараларға атсалысуға әзір екендіктерін жеткізді. Мәселен, «Семей бройлер құс фабрикасы» ЖШС-нің бас директоры Бейсенғазы Тастекеев:

— Әрине, бүгінгі меморандумға қол қою дегеніміз — жай ғана рәсім емес. Бұл – үлкен    жауапкершілік. Себебі біз кәсіпкерлер қазіргі экономикалық дағдарыстың өте шарықтап тұрған шағы екенін білеміз. Бір экономикалық одақта болғандықтан, солтүстіктегі көршіміздің аумағындағы ахуалы бізге де өз әсерін тигізетіні түсінікті. Дегенмен де қазіргі таңда кәсіпорын басшылары келісімге қол қою арқылы кепілдік беріп отырмыз. Өз өндірісім туралы айтатын болсам, бұл өндіріс – аяғына нық тұрған өндіріс. Қазіргідей қиыншылықтарға төтеп бере алатын өндіріс. Әсіресе осында еңбек етіп жатқан мамандардың, ұжымның әлеуметтік жағдайына қатысты ешқандай кемшілікті болдырмауға кепілдік береміз.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанатжан Төлесбаев қала кәсіпорындарының 2007 — 2009 жылдардағы дағдарыс кезінде жергілікті атқарушы билікпен жұмыс орындарын сақтау, жұмысшылар алдындағы кепілдіктер мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істеп, бұл бағыттағы шараларға жан-жақты қолдау білдіргендерін айта келе, осы жолы да қол қойылған меморандумның барлық шарттарын лайықты деңгейде орындайтындықтарына сенім білдірді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 часа бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

3 часа бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

3 часа бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

6 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

6 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

7 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

7 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

8 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС