"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЕПЛОВОЗДЫ ТІЗГІНДЕГЕН…

15.08.2025
ТЕПЛОВОЗДЫ ТІЗГІНДЕГЕН…
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Темір жол – тәртіп пен табандылықты талап ететін сала. Осындай ауыр да абыройлы қызметті адал атқарып жүрген азаматтардың бірі – қырық жылға жуық ғұмырын темір жол саласына арнаған Семей локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Қайрат Жұмаханов. Іргесін Түрксіб құрылысшылары қалаған әйгілі Шар станциясының тумасы бала жастан осынау алып машинаны тізгіндесем деген арманмен өсіпті.

Кейіпкеріміз еңбек майданындағы алғашқы қадамын 1986 жылы 22 жасында Аягөз локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастапты. Жас жігіт үйренуден жалықпады, білмегенін сұраудан ұялмады, там-тұмдап тәжірибе жинауды мақсат тұтты. Араға екі жыл салып, Алматыдағы жол-техникалық мектепке түсті. Оны үздік бітіріп шыққан соң алдынан даңғыл жол ашылды. Аягөзге оралып, локомотив пайдалану депосының жұмысына қайтадан кірісті.

Бірнеше жыл машинист көмекшісі болып тәжірибе жинаған соң өзі де тепловоз тізгіндейтін дәрежеге жетті. Жолаушылар пойызын алғаш жүргізген сәті әлі күнге дейін жадында. Бала кезінде жүйткіген пойыздың соңынан ұзақ қарайтыны есіне түсті. Ол үшін ең күшті де батыр адам сол темір тұлпарды тізгіндеген машинистер болатын. Енді, міне, өзі де машинист.

Содан бері де бір адамның ғұмыры дерлік уақыт өтіпті. Қайрат Жұмаханов — 2000 жылдың қыркүйегінен бастап Семей локомотив пайдалану депосының 1-ші класты машинисі. Жұмысқа тиянақты, жауапты қарайтын техникалық сауатты маман ретінде ол әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Жас машинистер жиі кеңес сұрайтын білікті маман өзінің тәжірибесі мен білімін бөлісуге әрдайым дайын.

Тепловоз машинистеріне жүктелер тағы бір үлкен жауаптылық — техникалық пайдалану ережелерін мүлтіксіз орындау, өзіне бекітіліп берілген көліктің ақаусыз, қалыпты жұмыс істеуін қадағалау. Бұл ретте Семей локомотив пайдалану депосында дәл Қайрат Алтайұлы тәрізді маман жоқтың қасы дейді әріптестері. Тәжірибелі маман  тек пойыз тізгіндеп қана қоймай, темір тұлпардың техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қажет болса, жөндеу жұмысына да өзі араласады. Техникалық жөндеу ісінің де кәнігі шеберіне айналған. Темір тұлпардың «құйрық-жалын» сүзіп шығып, жолға шығар алдында өзі баптайды.

Күрделі әрі қауіпті техникалық сипаттағы жағдайларда тез әрі дұрыс шешім қабылдай білу – Қайрат Алтайұлының басты артықшылықтарының бірі. Ұзақ жол үстінде орын алған ақауларды дереу анықтап, өз күшімен жөндеп, апаттың алдын алған кездері аз емес.

— Тепловоз машинисі болу зор жауапкершілік жүктейді. Алып машинаны басқару оңайға соқпайды. Мәселен, алдыңнан кедергі шықса, оны бірден тоқтату мүмкін бола бермейді. Мыңдаған тоннаны сүйреп келе жатқан пойыз автокөлік немесе трактор емес. Сондықтан сақтықты әрдайым есте ұстауға тиістісің. Біздің жұмыста бірінші кезекте темірдей тәртіп қажет,– дейді Қайрат Жұмаханов.

Кейіпкеріміздің бойындағы өзгелер ұнататын тағы бір қасиет — өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыруы. «Көргенім көп, көңілге түйгенім одан да көп, кәсіби тұрғыда толыстым» деген ұшқары ойдан ада. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бәлкім, сондықтан да болар, Қайрекеңнің жеткен жетістігі аз емес. Жыл сайын жолаушылар және жүк тасымалы жоспарын уақытында әрі сапалы орындап, дизель отынын үнемдеу, техникалық жылдамдық көрсеткіштері бойынша үнемі жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Қайрат Жұмаханов – қарапайым машинист қана емес, кәсіби білігімен дараланған, темір жол саласының өркендеуіне үлес қосып келе жатқан еңбек майталманы. «Бәрінен де өзімнің жұмыс орным — тепловоз кабинасында өткізген сағаттарым қымбат» дейді кейіпкеріміз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

12 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

13 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

13 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС