"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Жастар Рухы»: рухтас жастар ұйымы

15.08.2025
«Жастар Рухы»: рухтас жастар ұйымы
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің ертеңі — жастардың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, білім алуына, дамуына, еңбекке араласуына жағдай жасау — аса маңызды міндет. Осы міндетті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарып келе жатқан ұйым — «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты. Жастар қанаты – еліміздегі жүз мыңнан астам белсенді, отаншыл және мақсатшыл жастардың басын біріктіріп отырған ұйым. Өз жолын еріктілер қозғалысы ретінде бастаған бұл ұйым бүгінде жастардың жетекші күштерінің біріне айналды. Осы орайда «Жастар Рухы» жастар қанатының Абай облысы филиалының атқарып отырған жұмысымен танысып қайтқан едік.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,

«Semey tany»

Жастар қанаты мемлекеттік жастар саясатының негізін қалауға белсене атсалысты және оның дамуына елеулі ықпалын тигізіп келеді. Жастардың шығармашылық және рухани қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқан  ұйым ауқымды әлеуметтік, экологиялық, патриоттық және мәдени жобаларды, сондай-ақ қайырымдылық бастамаларды табысты жүзеге асыруда.

«Жастар Рухы» жастар қанатының Абай облысы филиалының төрағасы Темірлан Бақтияровтың айтуынша, бүгінгі таңда өңірде «Жастар Рухының» 19 бөлімшесі жұмыс істейді. Оның ішінде 2 қалалық, 8 аудандық, 2 жоғары оқу орнындағы және 7 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер де бар. Құрамында 5 425 жас мүшесі бар бұл ұйым өңірдегі белсенді жастардың басын қосып,  нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік беріп отыр.

— Ұйым жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік тіл мен руханиятты дәріптеу. Осы мақсатта «Менің Елім – Менің тілім!» республикалық жобасы аясында «Сөйле» атты тіл үйрету клубы құрылып, қазақ тілін үйренгісі келетін жастар үшін ашық әрі қолжетімді алаңға айналды. Нәтижесінде 70-тен астам жас мемлекеттік тілді еркін меңгеріп шыққан.

Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі де басты назарда. Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аймақта, ауылдар мен қалаларда, сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары жиі ұйымдастырылуда. Жастар қанатының мүшелері акцияларға белсене қатысып, туған жердің табиғатына жанашырлықпен қараудың нақты үлгісін көрсетіп келеді.

Жастарды әлеуметтік және құқықтық тұрғыда қолдау – ұйым жұмысының тағы бір басым бағыты. Бұл ретте жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесте ұсынылған бастамалар негізінде жұмыс жүргізілуде. Соның бірі – «Абай жастары» баспана бағдарламасының талаптарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар.

Сонымен қатар электронды шылымның, вейптердің және есірткі заттарының жастар мен жасөспірімдер арасында таралуының алдын алу, жалпы, қоғамдық тәртіптің сақталуына атсалысу мақсатында полиция департаментімен бірлескен меморандум негізінде кешенді іc-шаралар атқарылуда. Тұрақты түрде өткізілетін «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында синтетикалық есірткіге қатысты жарнамалар жойылып, жаднамалар таратылады,- дейді «Жастар Рухы» Жастар қанатының Абай облысы филиалының төрағасы Темірлан Бақтияров.

Сол сияқты қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмайды. Мысалы, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылған «Қауіпсіз қала» акциясы аясында жастар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен суға шомылу ережелерін түсіндіріп, жаднамалар таратуға атсалысқан.

«Жастар Рухы» филиалының төрағасы екі жыл бұрынғы алапат өрт кезінде ұйым 300-ге жуық еріктіні жұмылдырып, 85,5 тонна гуманитарлық көмекті жеткізуге көмек көрсеткенін еске салды. Ал өткен жылы Бозай және Мамырсу ауылдарындағы су тасқыны кезінде жоғалып кеткен азаматтарды іздеу-құтқару жұмыстарына жастар қанатының мүшелері белсене қатысқан. Еріктілердің атсалысуымен 142 тонна гуманитарлық жүк жиналып, зардап шеккен аймақтарға жеткізілген.

Патриоттық тәрбие – ұйымның негізгі қағидаттарының бірі. Жастар арасында «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы кеңінен танылып келеді. Облыс бойынша өткен іріктеуде 15 команда бақ сынап, №49 мектептің командасы республикалық жарысқа жолдама алды. «Сарбаз болғым келеді» акциясы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін әскери бөлімдер мен өрт сөндіру бекеттеріне экскурсиялар ұйымдастырылған.

Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде  «Менің елім – менің туым!» акциясы ұйымдастырылып, жастар Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 33 мемлекеттік ту орнатқан. Жастар қанатының мүшелері әрдайым мұндай патриоттық тәрбие беруге бағытталған шаралардың басы-қасынан табылады. Бұл – жастардың отаншылдық сезімін нақты іспен көрсеткен жарқын мысал.

Жастар – еңбек нарығындағы басты күш. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында облыста жұмысшы мамандықтарды насихаттау шаралары да қарқын алған. Мәселен, кәсіпорындар жұмысшылары арасында ұйымдастырылған шаңғы жарысына 30-дан аса мекемеден 100-ге жуық адам қатысқан. Өндіріс орындарына ұйымдастырылған экскурсиялар да жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған.

— Ұйым тарапынан жастар көшбасшылығын дамыту, пікір алмасу, қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында «BIR TOLQYNDA», «Рухтастар CASES» сынды 15-тен астам диалог алаңдары ұйымдастырылып, өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ «Жас көшбасшылар платформасы» – қоғамдық-саяси өмірге қызығушылық танытқан жастарға арналған ашық алаң. Астана қаласындағы оқыту тренингтерінен өткен 15 белсенді жас алған білімдерін Семейдегі қатарластарымен бөлісті.

Сонымен қатар «Жастар Рухының» республикалық саяси лагері жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Абай облысының жастары аталған лагерьде ұйымдастырылған  түрлі тақырыптардағы тренингтер мен диалогтық сессияларға  қатысқан.

Қоғамдық-саяси қызметке қызығатын жастар үшін «Жас көшбасшылар платформасы» жұмыс істейді. Астана қаласындағы оқыту тренингтеріне қатысқан 15 белсенді жас Семейдегі қатарластарына білімдерін бөлісті. Ал «Жастар Рухының» республикалық саяси лагері жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Абай облысынан барған делегаттар түрлі бағыттағы тренингтер мен пікірталас сессияларына қатысып, тәжірибе жинақтады,- дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Абай облысы филиалының кеңесшісі Нұрай Занова.

«Жастар Рухы» қатарындағы жастар жаңа мүмкіндіктермен танысып, түрлі қызықты сынақтар арқылы шыңдалып келеді.  Түрлі шараларға қатысу арқылы олар жұмысқа және өмірге қажетті маңызды дағдыларды меңгеріп, жан-жақты даму мен саяси сауаттылықты қатар игеруде. Бұл – қазіргі заман жастары үшін аса қажет қасиеттер.

«Жастар Рухы»  ел болашағына қызмет ететін, қоғамдық жауапкершілігі жоғары саналы ұрпақты қалыптастыруға үлес қосып отырған үлкен платформа деуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

19.02.2026
Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

Американың The National Interest басылымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сенімділік – жаңа күш” атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ....

Толығырақ...Details

Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

19.02.2026
Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ел аумағында ғылымды қажетсінетін үш өңір қалыптастыру жоспарланып отыр, солардың...

Толығырақ...Details

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

19.02.2026
В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

Филиал Государственной корпорации «Правительство для граждан» по области Абай сообщает о запуске пилотного проекта по предварительному бронированию талонов электронной очереди....

Толығырақ...Details

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

19.02.2026
Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында өңірдегі бірқатар инвестициялық жоба мен шағын кәсіпкерлік бастамалар таныстырылды. Жиында облыстың...

Толығырақ...Details

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

19.02.2026
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Семей қаласының тұтыну нарығы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ)...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

19.02.2026
Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

АҚШ, Вашингтон Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

4 часа бұрын

Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

6 часов бұрын

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

9 часов бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

9 часов бұрын

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

9 часов бұрын

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

9 часов бұрын

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

16 часов бұрын

Жаңа Конституция педагогикалық ұжым алдында талқыланды

16 часов бұрын

Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

1 день бұрын

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістерін талқылады

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС