"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жастарды жат ағымнан сақтайық

15.08.2025
Жастарды жат ағымнан сақтайық
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жастарды радикалды идеологиялардан сақтау және олардың бойында рухани иммунитет қалыптастыру. Бұл ретте діни ағартушылық жұмыстың маңызы зор. Семей қаласында осы бағытта жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді.

Қазақстанның рухани және мәдени кеңістігінде деструктивті діни ағымдардың таралуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мұндай ағымдар радикалды идеяларды насихаттап, әсіресе жастарды өз қатарына тарту арқылы оларды ұлттық және рухани құндылықтардан алыстатып, қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Семей қаласында діни экстремизмге қарсы күрес Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуда. Құқық қорғау органдары радикалды ұйымдардың қызметіне қатаң бақылау жасап, заңсыз діни әдебиеттерді таратушылар мен экстремистік идеяларды насихаттаушыларға қарсы шаралар қабылдап келеді. Сонымен қатар тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырылуда.

Бұл ретте діни ағартушылық жұмыстары ерекше рөл атқарады. Мектептер мен университеттерде семинарлар мен дәрістер өткізіліп, дәстүрлі ислам мен басқа да діндердің тарихы мен құндылықтары таныстырылады. Ақпараттық материалдар таратылып, теле-радио арқылы арнайы бағдарламалар көрсетіледі.

Мешіттерде имамдар, дінтанушылар мен психологтер бірігіп, жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған тренингтер мен дөңгелек үстелдер өткізуде. Бұл – жастарды теріс ағымдардың ықпалынан қорғаудың тиімді жолдарының бірі.

Сондай-ақ деструктивті ағымдардың ықпалына түскен азаматтарды оңалту бағытында кешенді бағдарламалар жүзеге асырылады. Оларға психологиялық кеңес беру, кәсіби білім беру және әлеуметтік бейімдеу арқылы қоғамға қайта бейімделу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл істе мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар бірлесе жұмыс атқарады.

Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын қоғамдық ұйымдар мен жергілікті әкімдіктер де белсенді жүргізуде. Олар жастарды спорттық, мәдени және шығармашылық шараларға тарту арқылы теріс ықпалдан сақтап қалуға күш салуда.

Семей қаласында теолог мамандардың қатысуымен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мамандар теріс ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жеке кездесулер өткізіп, дәстүрлі исламның мәні мен мазмұнын түсіндіреді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде көптеген азаматтар дәстүрлі дінімізге қайта оралуда.

Бүгінде облыс аумағында 168 діни бірлестік тіркелген, оның ішінде 134-і мұсылмандық, 12-сі православие, 5-еуі католик, 17-сі протестанттық бағытта. Сонымен қатар 19 намазхана мен 20 діни атрибутика және әдебиеттер сататын орын жұмыс істейді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 490-бабына сәйкес, мұндай орындар тіркеуден өтіп, арнайы рұқсат алғаннан кейін ғана жұмыс істей алады.

Қазіргі таңда облыс бойынша 11 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істесе, оның екеуі Семей қаласында. Бұл топтар жастар, студенттер мен оқушылар арасында жат ағымдардың зияны жөнінде заңдық және діни тұрғыда кеңес береді.

Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бас теологі, дінтанушы Мақсат Дүйсенбекұлының сөзіне сүйенсек, қаладағы мектептер мен жоғары оқу орындарында дәстүрлі исламның қоғамдағы орны жайлы дәрістер оқылып, әлеуметтік желілерде теріс ағымдарға қарсы бейнероликтер мен ақпараттық материалдар таратылады.

– Қазіргі таңда Семейде бұл іске қоғамдық ұйымдар да белсенді араласуда. Олар теолог мамандарды шақырып, жастармен кездесулер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады. Сонымен қатар жастар арасында спорттық және мәдени шаралар өткізіп, оларды жат ағымдардың ықпалынан қорғауға үлес қосып келеді, – дейді дінтанушы Мақсат Ботаханов.

Құқық қорғау органдары да бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп отыр. Арнайы бөлімшелер профилактикалық жұмыстармен айналысып, заңсыз діни ұйымдардың қызметін бақылауға алып, олардың таралуына жол бермейді.

Бұл тұрғыда отбасының да рөлі ерекше. Баланың бойына рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ананың басты міндеті. Имандылыққа негізделген ұлттық тәрбие ғана жас ұрпақты жат идеологиялардан қорғай алады.

Қоғам да бұл істен тыс қалмауы тиіс. Жастарға дұрыс бағыт беру, рухани дамуына жағдай жасау – барша әлеуметтік институттардың ортақ жауапкершілігі. Жұдырықтай жұмылған қоғам ғана болашағын қауіптен қорғай алады.

Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдарға қарсы тұру үшін ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау қажет. Бұл – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның, дін өкілдерінің, білім беру ұйымдарының және әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Әлібек КЕМЕЛХАН

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

1 день бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС