"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Суицидтің алдын алу — ортақ міндет

15.08.2025
Суицидтің алдын алу — ортақ міндет
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид деректері алаңдатарлық деңгейде. Еліміз суицид жағдайлары бойынша әлемде алғашқы жиырмалыққа еніп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға әкелетін себептер әр түрлі. Отбасындағы мәселелер, ата-ананың ұрыс-керісі, зорлық-зомбылық, сыныптастары арасындағы қарым-қатынас — бәрі де бала психикасына кері әсер етіп, суицидке апаруы ықтимал.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы суицидтің 800-ден астам себебі бар. Соның ішінде 41 пайызы – нақты себепсіз, анықталмаған; 19 пайызы – жазадан қорқу; 18 пайызы – психикалық дерттер; 16 пайызы – отбасындағы жағдай; қалғаны – тұрмыстық қиындықтар мен әлеуметтік қысымға байланысты.

Жасөспірімдер көбінесе ішкі күйзелісін сыртқа шығара алмай, жалғыздық пен үмітсіздікке бой алдырады. Дәл осындай сәттерде олар айналасынан қолдау тапса, мәселені шешудің басқа жолы бар екенін түсінсе, қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Суицидтің себептері әр түрлі болғанымен, оның алдын алуға бағытталған нақты шаралар, дер кезінде көрсетілген психологиялық көмек пен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қауіптің алдын алуда шешуші рөл атқарады. Осы орайда біздің облысымызда да жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіретін факторларды анықтап, оны болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірімізде 13 суицидтік оқиға тіркелген. Бұл — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға төмен көрсеткіш.

Облыстық білім басқармасының  мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бері өңірімізде 65 мыңнан астам адамды қамтыған 1500-ден астам іс-шара өткізіліпті.

Білім беру ұйымдарындағы психологтер «Birge: uaqyt.kz» платформасы арқылы оқушылар мен ата-аналарға тұрақты түрде психологиялық қолдау көрсетуде. Сонымен қатар өткен жылдың қараша айында облыста психологиялық қолдау орталықтарын ашу және антибуллингтік бағдарламаларды енгізу мақсатында арнайы жобалық кеңсе жұмысын бастады. Оған Оқу-ағарту министрлігі ұсынған критерийлер бойынша 10 білім беру мекемесі — 7 қалалық, 3 ауылдық мектеп іріктеліп алыныпты.

Суицидтің алдын алу мақсатында өңірде бірнеше халықаралық және отандық бағдарламалар енгізілуде. Соның бірі –  «KiVa» бағдарламасы. Бұл жоба облыстағы төрт мектепте (Ақсуат ауданындағы Қожакелді батыр атындағы мектеп, Аягөз қаласындағы көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы, Жарма ауданындағы Маяковский атындағы мектеп және Семей қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі) пилоттық негізде іске қосылған.

Сондай-ақ «Komek Stop Bullying» жобасы аясында өңіріміздегі 4 ауданнан (Аягөз, Курчатов, Жарма, Бесқарағай) 44 мектеп осы пилоттық бағдарламаға қатысуда.

Тағы бір тың жоба — «ДосболLIKE» бағдарламасы. Өткен оқу жылында бұл бағдарлама Семей қаласындағы №№17, 18, 35 мектептер мен Жарма ауданындағы екі ауылдық мектепте апробациядан өтті.

Сондай-ақ 2024 жылдың қазан айында 59 мектепте «HR+» автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі (ППМАЖ) енгізілген. Бұл жүйеге тағы 10 мектеп қосылмақ. ППМАЖ аясында 5–11 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргізіліп, сенім жәшіктері мен сенім телефондары орнатылған.

Семей қаласындағы №48 мектепте 13 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан психолог Еркегүл Сәтиева суицидтің алдын алуда  ата-ана, мұғалім және психологтің бірлесе жұмыс істеуі маңызды екенін айтады.

— Кейбір ата-аналар баланың ішкі дүниесін сезінбей, қателігін бетіне басып отырады. Бұл баланың психологиялық жағдайына кері әсер етіп, тұйықталуына себеп болады. Сондықтан ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына үнемі назар аударып, қажет жерінде сырласып, сөзге тартып тұрулары тиіс екенін ескертіп отырамыз. Сенім жәшіктері арқылы балалардың ойымен, ішкі сезімімен танысып, жеке қолдау көрсетуге тырысамыз. Бұл жерде ата-ана, мұғалім мен психологтің бірлесе жұмыс істеуі өте маңызды. Мектепте жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: ата-аналармен дөңгелек үстелдер, оқушылармен «Көңіл-күйің қалай?» тақырыбында ашық әңгімелер мен тренингтер ұйымдастырылады. Барлық жұмыс ата-ананың келісімімен жүзеге асырылады,— дейді маман.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуда тиімді тәсілдердің бірі — халықты ақпараттандыру және қауіпті факторлар туралы білімін арттыру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынып отырған стратегиялардың ішінде ақпараттық науқандар суицидтің алдын алудағы ең нәтижелі құралдардың бірі ретінде қарастырылады. Осы ретте облыста суицидтің алдын алу шаралары тек мектеп ішінде ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да жүзеге асырылып келеді. Облыстық телеарнада 5 рет өзекті тақырыптар талқыланып, республикалық және өңірлік басылымдарда 6 сұхбат жарияланған. Мұндай ақпараттық жұмыстар қоғамды суицид мәселесіне селқос қарамай, оны терең түсініп, ой түюге, айналасындағы жандарға көмектесуге ынталандырады. Әсіресе суицидке итермелеуі мүмкін факторлар жайлы ақпарат беру адамдардың бойында сақтық пен сезімталдық қасиеттерді қалыптастырады.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу —  ата-ана, мұғалім және қоғамның әрбір мүшесінің ортақ жауапкершілігі.

Әйгерім ҚАЛИАҚПАР

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

12 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

13 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

13 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС