"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰТЫРМА — ҚАУІПТІ АУРУ

15.08.2025
ҚҰТЫРМА — ҚАУІПТІ АУРУ
59
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құтырма — адамдар мен жануарларда кездесетін өте қауіпті вирустық ауру. Жүйке жүйесіне ауыр зақым келтіріп, ақыры өлімге әкеліп соғатын аса қауіпті дерт.

Дегенмен бұл аурудың алдын алуға болады. Құтырма вирусының негізгі көзі — иттер мен мысықтар және жабайы аңдар. Адамдарға бұл ауру көбіне үй жануарлары арқылы жұғады, әсіресе қаңғыбас иттер мен мысықтар және жабайы жануарлар қауіп төндіреді.

Ауру қалай жұғады

Құтырма вирусы жануар тістегенде; сілекей жараға түскенде; тырнау кезінде немесе сілекейлі терімен жанасқанда жұғады.

Вирус ағзаға енген соң, жүйке талшықтарына бекініп, жұлын мен миға жетіп, сол жерде көбейеді. Ауру белгілері тістелген жерге байланысты 20 күннен 6–12 айға дейін байқалмауы мүмкін. Әсіресе жануар бас, бет, мойын, алақан мен саусақтарды тістеген болса, өте қауіпті. Бұл жерлерде вирус миға тез жетіп, белгілері жылдам білінеді.

Алғашқы көмек

Жануар тістеп алған жағдайда: жараны сабынды сумен жақсылап жуып, 20 пайыздық сабын немесе йод ерітіндісімен өңдеңіз — вирус 1 минут ішінде жойылады; дереу медициналық көмекке жүгініңіз; дәрігер белгілеген екпелерді толық және үзіліссіз қабылдаңыз; жануар иесінің аты-жөнін, мекенжайын біліп алыңыз. Жануарды өлтіруге болмайды — оны 10 күн бойы ветеринарлық бақылауға қою қажет.

Құтырма ауруының алдын алу іс-шаралары

Үйде ұстайтын иттер мен мысықтарды жыл сайын құтырма ауруына қарсы еккізіп отыру керек, серуендету жөніндегі ережені сақтау қажет. Кез келген адам жаңадан сатып алған итті тіркеуден өткізіп, ектіруге міндетті. Кешкі уақытта итті тек жабық аулаға жіберу керек. Жалпы ортақ аулаға немесе серуендету үшін көшеге итті тек қысқа қарғыбаумен және мұрындықпен шығару керек. Үй жануарларын қаңғыбас және жабайы жануарларының шабуылынан қорғау қажет.

Жануарлардағы құтырма ауруының белгілері

Құтырма ауруына шалдыққан иттер аурудың алғашқы күндері иесі шақырғанда дыбыс бермей үнсіз жатады, қараңғы жерге тығылуға ұмтылады, тәбеті бұзылады, кей кезде кенеттен адамдарға тап береді, жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды (жаңқа, шүберек және т.б.).

Ауруға шалдыққан мысықтар агрессияшыл болады, көмей, жұтқыншақ бұлшық еттерінің сал болып қалуына байланысты дауысы өзгереді (қарлығу). Тамақты жұта алмайды, соңы өліммен аяқталады. Кей кезде құтырма ең басынан сал түрінде болады: ауру жануар тыныш жатады, тамағын жұта алмайды, содан соң өледі.

Ал құтырма вирусын жұқтырған жылқылар, ірі қара малдар басқа жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды.

 

Б.КАЙМБАЕВА,

Жаңасемей ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

20 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

21 час бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС