"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

26.05.2026
Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды
99
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Шәкәрім университетінде үшінші жыл кезекті рет «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты шарасы өтті. Балалық шақпен қоштасып, болашаққа қадам басқан Shakarim High School мектебінің «Алтын белгіге» үміткерлер, білім үздіктерінің жүзі балбұл жайнап, айналаны шуаққа бөледі.

Маңызы ерекше мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, мемлекеттік Ту әкелінді. Ел ертеңіне деген сенімді еселеген көріністің куәсі болған ұстазар да, ата-аналар мен түлектер де бүгінгі күннің әсерін айқын сезінді.

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков көпшілікті соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай келе, университет базасынан ашылған Shakarim High School мектебінің басқа білім беру нысандарынан айырмашылығына тоқталды.

– Біздің Shakarim High School мектебі – заманауи талаптарға сай құрылған, болашаққа бағытталған жаңа форматтағы білім ордасы. Мектебіміздің алғашқы оқу жылы қазақтың бес арысының бірі, ұлы ойшыл, философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі біз үшін ерекше тарихи әрі рухани мәнге ие болды. Сондықтан мектебіміз тек білім беру мекемесі ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухани орталыққа айналып отыр. Қазіргі таңда мектебіміз үшінші оқу жылын табысты жалғастырып келеді. Бүгінде 10-11 сыныптарда 136 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында бірнеше оқушымыз «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Бұл – ұстаздар мен оқушылардың жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Біздің басты мақсатымыз – әлемдік деңгейде ойлайтын, көптілді, білімді, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыру. Бүгінгі таңда мектеп тек білім беретін орын ғана емес, оқушының қабілетін ашатын, өмірге бейімдейтін орта болуы тиіс. Сондықтан біз балаларға академиялық біліммен қатар сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, зерттеушілік, көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға басымдық береміз,- деді Д. Орынбеков.

Бұл замануи талаптарға толықтай сай мектепте 10-11-сыныптағы 136 оқушылары білім алуда. 2025-2026 оқу жылында Shakarim High School мектебінің «Алтын белгі» белгісіне 7 оқушы, үздік аттестатқа  оқушы лайық болып отыр.

— Мектебіміздің басты ерекшелігі – университет базасында құрылуы. Бұл оқушыларға ғылыммен ерте жастан айналысуға мүмкіндік береді. Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдары мен PhD докторлары арнайы дәрістер өткізіп, ғылыми зертханаларда практикалық сабақтар ұйымдастырады. Осы арқылы оқушылар ғылым мен білімнің байланысын терең түсінеді. 2024 жылы Абай облысы бойынша  221 білім үздігіне «Шәкәрім білім гранты» сертификаты берілсе,  биыл облысымыздағы  «Алтын белгіге» үміткер 434 түлекке сертификат табысталды. Биылғы соңғы қоңырауда 68 түлек мектеп қабырғасынан қанат қаққалы отыр. Оның 7-і — «Алтын белгіге»,  7-і —  үздік аттестатқа үміткер,- дейді мектеп директоры Бақыт Сейітқалиева.

 

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

58 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС