Semeytany.kz — Абай облысына «Талдау мектебі» жобасының түлектері келіп, Семей қаласының белсенді жастары, жас мемлекеттік қызметшілер және оқытушылармен жүздесті.
Кездесуге Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов пен Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Бейсенбай қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды әрі спикерлерге сәттілік тіледі.
Шарада спикерлер заманауи әрі өзекті тақырыптарды көтерді: Жасұланбек Майлыбай — мемлекеттік басқарудағы сараптаманың рөлі, Искандер Ақылбаев — жеке тұлғалық даму, Саят Набиев — қаржылық сауаттылық, Жаннұр Қалиғожин — менталды денсаулық, Әлия Қанатова — жасанды интеллектпен жұмыс істеу, Жасұлан Қуандық — кәсіби қалыптасу жолы туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, жастар мен сарапшылар еркін форматта пікір алмасты. Мұндай алаңдар жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби байланыс орнатуына мүмкіндік береді.