Семейде мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Semeytany.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Теміржан Окпенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жәрмеңке тамыздың 20-21 күндері орталық Арбатта өтеді. Саудада кеңсе тауарлары, мектеп формасы және аяқ киім болады.
«Арбатта бұрыннан бар металл павильондарда киім сататын нүктелер орналастырылады, ал кеңсе тауарлары үшін қосымша шатырлар орнатылады», – деп бөлісті ақпаратпен бөлім басшысының орынбасары.
Теміржан Окпеновтың нақтылауынша, әкімдік тауарларға өз бетінше баға қоюға құқылы емес, бірақ кәсіпкерлерге бағаларды қала тұрғындары үшін қолайлы әрі тартымды етуге кеңес береді.