Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевпен кездесті.
Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар қаралды. Әкім өндіріс, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жұмысты баяндап, жаңа инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу, жол және тұрғын үй құрылысы жөнінде мәлімет берді.
Азат Перуашев Абай облысындағы оң өзгерістерге назар аударып, партия тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Ол жастарды кәсіпкерлікке тарту, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсарту және әлеуметтік жобаларды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстарын ұсынды.
Кездесу қорытындысында жауапты бөлімдерге ұсыныстарды пысықтап, бірлескен жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.