"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тазалық табалдырықтан басталады  

19.08.2025
Тазалық табалдырықтан басталады  
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржар ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбіліктер жалғасуда. Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған іс-шараларға жастар, белсенді тұрғындар қатысуда.

— «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктемде бастау алған тазалық жұмыстары аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасуда. Аудан тұрғындары ағаш отырғызуға, өзен арналарын, жағалауларын, арықтарды тазартуға, қоқыс жинауға және қоғамдық орындарды абаттандыруға белсенді қатысты. Бұл – өңірдің тазалығына деген тұрғындардың жанашырлығы мен ортақ жауапкершілігінің нақты көрінісі. Акция басталғанда ауылдар арасында байқау жарияланып, аудандық штаб, арнайы комиссия құрылған болатын. Қазіргі таңда байқау жеңімпаздарын анықтау үшін комиссия мүшелері ауылдарды аралап жүр. Көшенің, ауылдың тазалығы әрбірімізден басталады. Мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындарды өз көшелерінің, аулаларының, елді мекендерінің тазалығына қамқорлық жасауға үндеу,- дейді «AMANAT» партиясының Үржар аудандық филиалының атқарушы  хатшысы Елдос Бейсенов.

Апта сайын ауданға қарасты 35 елді мекеннен шамамен 2500-ге жуық тұрғын сенбіліктерге қатысып, 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылған. Сенбілік жұмыстары барысында көшелер мен саябақтар тазартылып, 7 мың тоннадан астам қатты қоқыс шығарылған. Көгалдандыру жұмыстары барысында 7 мың түптен астам ағаш көшеттері отырғызылып, 432 шаршы метр жабын материалдары ауыстырылды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы мен саябақтарда сенбіліктер өткізіліп, 58 шақырым болатын арықтар қоқыстан тазартылыпты.

Акция басталған күннен бастап әлеуметтік желілерде 2200-ден астам фото, бейнетүсірілімдер жарияланып, халық арасында кең қолдау тапты. Акция аясындағы сенбілік жұмыстары «Хабар 24» телеарнасы арқылы да көрсетіліп, оң баға берілді. Аудан орталығындағы LED экрандарда бейнероликтер жүйелі түрде көрсетіліп, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары қатар жүріп жатыр.

Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа байланысты Үржар аудандық полиция бөлімі тарапынан 211 әкімшілік хаттама толтырылып, 41 адамға айыппұл салыныпты.

Табиғатқа деген жанашырлық, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр адамның бойында болуы тиіс қасиет.  «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары экологияны сақтауға, тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге ықпал етуде.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

5 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

5 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

22 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

22 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС