"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өнерімен өрнек құрған шебер

19.08.2025
Өнерімен өрнек құрған шебер
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ажырамас бір бөлігі – қолөнері. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл өнер – қазақ халқының эстетикалық талғамының, дүниетанымының көрінісі. Бүгінде ежелгі өнерді заман талабына сай етіп жаңғыртып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасап жүрген шеберлер аз емес. Солардың бірі – Үржар ауданының тумасы Ерлан Тұрдахұнов.

Ерлан Тұрдахұнов – тек қолөнермен айналысатын шебер ғана емес, сонымен қатар ұрпаққа ұлттық өнерді үйретіп жүрген ұстаз. Оның айтуынша, бұл өнер оның бойына әкесінен дарыған.
– Әкем ұста адам болатын. Мектеп қабырғасында жүрген кезімнен-ақ қолөнерге қызығып, әр түрлі заттар жасай бастадым. Кейін Семейдегі Шәкәрім атындағы университетке түсіп, еңбек және сызу пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым, қазір осы салада еңбек етіп келемін. Бос уақытымда қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, машықтандым, – дейді ол.

Кейіпкеріміз 2011 жылдан бері Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейді. Шебердің айтуынша, мұндай балалардың бойында өнерге деген ерекше ынта бар. Қолөнермен айналысу олардың өмірге деген құлшынысын оятып,  ізденіске жетелейді, баланы төзімділікке тәрбиелеп, ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бос уақытында ағаш пен сүйектен, киізден түрлі бұйымдар жасайтын қолөнерші облыстық деңгейдегі көрмелерге жиі қатысады. Ерлан ағаның ерекше жетістігі — 2013 жылы Астанада өткен «Разные равные» байқауындағы  жеңісі. Осы байқауға ұстаз шәкірттері Әлібек Төлегенов пен Роман Құрмановпен бірге қатысыпты. Әлібекпен бірге жасаған «Тауыс» атты туындысы Гран-приге ие болып, шәкірті 300 мың теңге сыйақы  алып қайтыпты. Сол байқауға апарған төрт қолөнер бұйымын төрт министр өздеріне естелікке алып қалған екен. Бұл — ұстаз бен шәкірттің алғашқы үлкен жеңісі.

Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан қолөнер түрінің бірі — сүйектен жасалатын бұйымдар. Кейіпкеріміз осы өнер түрін де қолға алып, ерекше туындылар жасауда. Оның қолынан шыққан бұйымдарға қызығушылар көп. Ерлан аға өз қолымен жасаған бұйымдарын ауданның құрметті азаматтарына тарту етеді екен. Оның туындыларын Ресей мен Қытайдан келген қонақтар да қызығып сатыпты.

Шебердің мақсаты – қолөнер бұйымдарын сатып, пайда табу емес, ұлттық мұраны жас ұрпаққа насихаттау. Ол қолөнер бұйымдардың жасалу жолдарын жастарға үйретуді өз парызы санайды. Ерлан Тұрдахұнов ұлттық ойындарда қолданылатын заттарды да жасайды.

Он саусағынан өнер тамған қолөнершінің еңбегі елеусіз қалған жоқ. 2023 жылы Астана қаласындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, 2024 жылы облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жақында ғана Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында өткен көрмеде «Көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алды.

Қолөнер – халықтың жүрегінен шыққан өнер. Ұлттық мұраны дәріптеп, шәкірттерін қолөнерге баулып жүрген Ерлан сынды шеберлердің еңбегі құрметке лайық.

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

4 часа бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

5 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

5 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

22 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

22 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС