"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тамақ өнімдерін таңдауда мұқият болу керек

19.08.2025
Тамақ өнімдерін таңдауда мұқият болу керек
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаз мезгілі — жеміс-жидек пен бақша өнімдеріне деген сұраныстың артатын уақыты. Алайда мамандар бұл өнімдерді тұтынуда сақ болуға шақырып отыр. Бақша дақылдарын сатып аларда олардың пісу уақыты мен сапасына ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айгерім Мусатаеваның қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Гүлім ЗАМАНБЕКҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Өңірімізде соңғы екі жылда бақша өнімдерінен улану жағдайлары тіркелмеген. Дегенмен бұл — қауіп жоқ деген сөз емес. Департамент мамандары жоспарлы түрде зертханалық тексерулер жүргізіп отырады. Мысалы, өткен шілде айында 14 түрлі бақша өнімі тексеріліп, барлығының сынамасы талапқа сай болып шыққан.

– Көкөніс пен жеміс-жидекті тек пісу маусымына сай таңдаған дұрыс. Сонымен қатар оларды арнайы рұқсаты бар, сертификатталған сауда орындарынан алу қажет. Жол жиегінде бейберекет сатылып тұрған өнімдердің сапасына ешкім кепілдік бере алмайды, – деді Айгерім Ардаққызы.

Маман жеміс-жидек сатып аларда уланып қалмас үшін сертификаты бар дүкендерден ғана алуға кеңес берді. Көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият жуу керек. Сақтау шарттарына мән беру қажет.

— Бақша өнімдерін күн көзінен қорғалған, салқын жерде сақтау қажет. Бақша өнімдерін дұрыс термиялық өңдеуден өткізіңіз. Әсіресе ерте піскен өнімдерде нитрат мөлшері жоғары болуы мүмкін,- дейді Айгерім Ардаққызы.

Бөлім басшысы қарбыз бен қауынның пісетін уақыты шілде мен қыркүйек айлары аралығы екенін ескертті. Бұл өнімдерді арнайы бақша павильондарынан немесе супермаркеттегі жабық сөрелерден сатып алған жөн. Ең бастысы, кесілген қарбыз бен қауынды сатып алуға болмайды. Қабығы бүлінген немесе жаншылған болса да қауын мен қарбызды  сатып алмаған жөн. Бұл санитариялық талаптарға қайшы және бактериялық ластануға себеп болуы мүмкін.

— Жеміс-жидек пен бақша өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұратуға құқықтарыңыз бар. Қарбыз бен қауынды тұтынар алдында сабынмен мұқият жуып, қайнаған сумен шаю керек. Қарбыз бен қауынды тамақ ішкеннен кейін ғана тұтынған жөн. Себебі олардың құрамында глюкоза мен талшық көп болғандықтан, аш қарынға ауыр тиюі мүмкін. Қауынның құрамындағы темір, кальций, магний мен А, В, С дәрумендері  жүрек-қантамыр жүйесін нығайтып, асқазан жұмысын реттейді, сонымен қатар ағзаны токсиндерден тазартады. Ал қарбыздағы фолий қышқылы (В9 дәрумені) иммунитетті көтереді, әсіресе жүктілік кезінде аса пайдалы.

– Тамақ өнімдерін таңдауда мұқият болыңыздар. Бұл  өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығы үшін маңызды. Халықтың денсаулығы – басты құндылық. Сапалы өнім тұтынып, санитариялық талаптарды естен шығармайық,– деп түйіндеді сөзін Айгерім Ардаққызы.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

5 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

5 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

6 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

22 часа бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

22 часа бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС