"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аягөздегі ауыл баласы армандаған мектеп

25.08.2025
Аягөздегі ауыл баласы армандаған мектеп
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аягөз қаласындағы 2022 жылы тірек мектептер қатарына қосылған көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы аз уақыттың ішінде үлкен жетістіктерге жетіп, ауыл мектебінің де заманауи талапқа сай білім бере алатынын дәлелдеді. Мектеп директоры Айнұр Қанапянова осы жетістіктер жайында Қарағанды облысының Осакаров ауылында өткен тамыз саммитінде мектебіндегі өзгерістер мен жетістіктер жайлы айтып берді.

Қазақ мектеп-гимназиясында бүгінде 1300-ге жуық оқушы білім алады. 2022 жылы білім ордасы AITAS холдингі, Назарбаев зияткерлік мектептері мен «Қазақстан халқына» қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасына қатысушы ретінде таңдап  алынды.  Бұл ауыл мектебі үшін үлкен мүмкіндік болды.

Айнұр Әулейісқызы сол жылы ротация тәртібімен көпбейінді мектеп-гимназияға директор болып тағайындалды. Ол сол кезде-ақ білім ордасын тірек мектептер желісіне қосуды мақсат еткен екен. Мектеп басшысы бұл бастама ұстаздар ғана емес, ата-аналар тарапынан да зор қолдау тапқанын айтады.

– Тірек мектептер желісіне қосылу мектеп қана емес, аймақ үшін де үлкен серпіліс болды. Ата-аналарда үлкен сенім пайда болды. Жоба аясында алғаш рет мектепке құрал-жабдықтар жеткізілгенде ауыл тұрғындары, ата-аналар күні бойы жүріп, оларды кабинеттерге кіргізуге қуана көмектесті, – дейді мектеп директоры Айнұр Әулейісқызы.

Жоба аясында мұғалімдер үш жыл бойы Назарбаев зияткерлік мектептерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2022 жылы мектеп педагогтерінің жартысына жуығының кәсіби санаты болмаса, бүгінде олардың 79 пайызы модератор, сарапшы, зерттеуші деңгейінде.

– Біздің мектеп биыл «100 үздік мектеп» байқауының жеңімпазы атанды, сондай-ақ Абай облысының «Үздік орта білім беру ұйымы» номинациясына ие болып, грант ұтып алды. Ал оқушыларымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған STEM Skills Hackathon байқауында жеңіске жетіп, 3000 доллар көлемінде сыйақы алды, – дейді мектеп басшысы.

Аягөз мектеп-гимназиясының оқушылары бүгінде облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарға белсенді қатысып жүр. ҰБТ нәтижесі де 71 балдан 82-ге дейін өскен. Бұдан бөлек, тірек мектеп ұстаздары шағын жинақталған ауыл мектептерімен де тұрақты байланыс орнатып, тәжірибелерін бөлісіп келеді. Бұл мектептердің көрсеткіштері де жақсарған. Мысалы, халықаралық ғылыми робототехника байқауында Ақшәулі мектебі 3-орын, республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысында Майлин мектебі 3-орын, республикалық «Мұқағали оқуларында» Мыңбұлақ мектебі 2-орын иеленді.

— Мектебіміз — өзгерісті қабылдап қана қоймай, оны іске асыра алатын, дамуға ұмтылатын білім ордасына айналды. Бұл — ұжымның жаңашылдығының, ата-аналардың сенім көрсетуі мен оқушыларымыздың ізденімпаздығының, ең бастысы, барлық жағдайды жасап берген серіктестердің арқасы. Бұл жоба арқылы біз мектеппен бірге тұтас ауылдың да дамитынын көріп отырмыз, – дейді Айнұр Қанапянова.

Еске сала кетсек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2019 жылы ауыл мектептерін қолдау және озық тәжірибені тарату мақсатында «Ауыл мектебі powered by NIS» жобасын қолға алған. 2022 жылдан бастап ұйым «Қазақстан халқына» қоры және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, «Ауылдық аймақтағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасын сәтті іске асыруда. Жобаға еліміздің әр өңірінен 192 тірек мектеп қамтылып, жалпы көлемі 50 млрд теңгеге жуық қайырымдылық қаражаты бөлінген.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 час бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

2 часа бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

2 часа бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

18 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

19 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС