"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысы: 7 айдық қорытындыда өсім бар, ауыл шаруашылығы санағы жүріп жатыр

26.08.2025
Абай облысы: 7 айдық қорытындыда өсім бар, ауыл шаруашылығы санағы жүріп жатыр
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысында аймақ басшысы Берік Уәлідің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттің орындалуы талқыланып, ауыл шаруашылығы санағына дайындық пысықталды.

Абай облысы: 7 айдық қорытындыда өсім бар, ауыл шаруашылығы санағы жүріп жатыр

Жиында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы мен Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Думанқызы баяндама жасады. Биылғы 7 айда әлеуметтік-экономикалық дамудың 12 көрсеткішінің 8-і бойынша өсім тіркелді. Өнеркәсіптің аймақ экономикасындағы үлесі – 40%: 17 ірі, 23 орта және 260 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл басынан бері 1,5 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай түрде 373,6 млрд теңгеге көп. Ауыл шаруашылығында 164,7 млрд теңгенің өнімі шығарылып, 2024 жылмен салыстырғанда 104,2% деңгейінде өсім көрсетілді.

Сонымен қатар тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде, жеке инвестиция тарту мен тұрғын үйді пайдалануға беру бағыттарында төмендеу байқалды. Берік Уәлі нысаналы индикаторларға қол жеткізу, биыл іске қосылуы тиіс инвестициялық жобаларды жоспарлы қуатына шығаруды жеделдету және бюджет қаржысын толық игеру жөнінде тапсырма берді.

Ұлттық статистика бюросының департаменті Абай облысында ауыл шаруашылығы санағының өтіп жатқанын хабарлады. Санақ екі кезеңнен тұрады: 1–31 тамыз – онлайн, 20 қыркүйек–20 қазан – офлайн. Оған ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар мен олардың бөлімшелері, шаруа және фермер қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтары бар үй шаруашылықтары қатысады. Санақ объектілеріне жер алқаптары, мал мен құс, техника және жабдық, өндірістік әрі сақтау нысандары кіреді.

1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz порталында онлайн сауалнама толтырылады. Жүйеге ЭЦҚ, QR-код немесе СМС арқылы кіру қарастырылған. 1–19 қыркүйекте деректер өңделеді, одан кейін интервьюерлер планшетпен үй аралап, офлайн сауалнама жүргізеді. Облыс бойынша 35 учаскеде 148 интервьюер жұмыс істейді. Жалпы 10 703 субъект есепке алынған, оның 8 131-і онлайн кезеңде тіркелді.

Аймақ басшысы көрсеткіші төмен қалалар мен аудандарға жұмысты күшейтіп, ауыл шаруашылығы санағының маңызын түсіндіру бойынша ақпараттандыруды жандандыруды тапсырды.

Мақалада: sanaq.gov.kzАБАЙ ОБЛЫСЫауыл шаруашылығы санағыәлеуметтік-экономикалық дамуБерік Уәли

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС