"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

28.08.2025
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру.

Елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып келеді. Аулаларын, көшелерін, саябақтарын таза ұстап, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және қоршаған орта мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысатын қазақстандықтар көбейіп келеді. Бастама іске қосылғалы бері 10,4 млн-нан астам адам экологиялық акцияға қатысты.

Мемлекеттік шаралар және заңнамалық өзгерістер

Үкімет қоғамдық бастамалармен қатар, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында экологиялық саясатты жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Басым бағыттардың бірі – экологиялық бақылауды цифрландыру, озық табиғатты қорғау технологияларын енгізу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жаңарту.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылдың қазан айында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Үкімет қаулысы қабылданды. Бұл құжат қоғамда экологиялық құндылықтар қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттары

Тұжырымдама экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған. Негізгі бағыттар арасында:

  • халықтың экологиялық санасы мен тәртібін дамыту;
  • экологиялық жауапкершілікке құрылған өмір салтына ынталандыру жүйесін құру;
  • экологиялық ағартушылық және білім беру;
  • экология мәселелерін ақпараттық тұрғыда кеңінен жариялау.

«Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған», — деп атап өтті экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Мұндағы бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылып отыр –  олар табиғатты қорғау бастамаларын жүзеге асыруда маңызды серіктестер ретінде қарастырылады. Қазақстандағы көптеген компаниялар қазірдің өзінде-ақ «Таза Қазақстан» аясындағы іс-шараларға қатысып, орнықты технологияларды енгізуде және өздері орналасқан өңірлердегі экожобаларды қолдауда.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін аумақтарды көгалдандыру, эковолонтерлік қозғалысты дамыту, экологиялық конкурстар өткізу және орнықты даму мәселелері бойынша халықпен белсенді жұмыс істеу жөніндегі нақты іс-шараларды қамтитын іс-қимыл жоспары әзірленді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар өңірлік жоспарларын бекітті, бұл бастаманы еліміздің әрбір өңірінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.

Көпшіліктің қатысуы және аймақтық акциялар

2025 жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында бүкіл ел бойынша 767-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың ішінде дәстүрге айналған белгілі экологиялық акциялар бар:

  • «Таза кәсіп – таза аймақ» – таза өндіріс құру,
  • «Киелі мекен» – табиғи және қасиетті жерлерді қорғау,
  • «Таза өлке» – аумақтарды көпшілікпен тазалау,
  • «Мөлдір бұлақ» – бұлақтар мен су айдындарының тазалығын сақтау.

Бұл акциялардың әрқайсысы қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосады және қоғамның әртүрлі топтарының: азаматтардың, бизнестің, студенттердің, мектеп оқушыларының және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіреді.

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Қалдықтарды басқару  – проблемадан шешімге жасалған қадам

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» шарасы аясында бірнеше айдың ішінде жүздеген мың үй ауласы тазартылып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өтті. Осындай игі шаралардың арқасында елімізде жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қалдықтармен жауапты жұмыс істеу. Ресми деректер бойынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық шығады, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі 25,8% ғана болды, демек әрі қарай да инфрақұрылымды дамытып, халықты хабардар ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Осы мақсатта еліміздің қалаларында қайта өңделетін шикізат қабылдайтын әрі тұрғындарды тапсырған пластик пен алюминий үшін бонуспен ынталандыратын экобокстар мен фандоматтар белсенді түрде орнатылып жатыр. Бүгінде жеке бизнес Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.

«Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғандағы 129 мектепте қоқысты бөлек жинауға арналған мыңнан астам экобокс орнатылды», — деді Ерлан Нысанбаев.

Министр бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтып, әрі өскелең ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Жасыл экономика және табиғатты қайта қалпына келтіру 

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек екенін атап өтті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, орман алқаптарының аумағы ұлғайып келеді.

«Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді», — деп мәлімдеді Ерлан Нысанбаев.

Былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет беретін орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Агротехникалық талаптар ескеріле отырып, питомниктегі 10 га алаңға сексеуіл тұқымы егілді.

Биыл ауданы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлер үшін өндірістік контейнерлер (модульдер) жеткізілді.

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Экологияға көмектесетін цифрлық құралдар

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде республикада өмірдің барлық салаларын цифрландыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі заманғы технологиялар экологиялық сын-қатерлерге жедел ден қою үшін де белсенді қолданылады. 2024 жылдан бастап Қазақстанда @TazaQazBot телеграм-боты жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар өз елді мекендерінде экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы хабарлай алады.

Платформа жұмысының нәтижесінде:

  • 2025 жылдың басынан бастап порталға 16,5 мың өтінім келіп түсті;
  • оның ішінде 15 мыңнан астам өтініш орындалды;
  • өтініштердің ең көп тараған тақырыптары: аумақтарды жинау (4 965 хабарлама), қоқыстарды шығару (1181 өтінім), тротуарларды күтіп ұстау және көшелерді абаттандыру (1 232 хабарлама).

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бот өтініштерді 21 санат бойынша бөледі, сондай-ақ сұрауларды автоматты түрде тиісті қызметтерге жібереді. Бұл мәселелерді жою үдерісін жеделдетуге және биліктің халықпен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Таза ел – ортақ игілік

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері бүкіл республика бойынша 1,1 мың экологиялық акция өткізілді, оған 10,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 586 мың ерікті қатысты.

«Жалпы күш – жігермен 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың гектар аумақ тазартылды», — деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.

Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» бастамасы жүйелі тәсіл, саяси ерік-жігер мен азаматтардың белсенді қатысуы нақты нәтиже бере алатынын көрсететті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытында айқындады, бұл бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.

Экологиялық қозғалысқа кез келген адам қосыла алады: сенбіліктерге қатысу, қоқыстарды сұрыптау, ағаш отырғызу, балаларды экологиялық әдеттерге үйрету – мұның бәрі Қазақстанның таза, қауіпсіз және жасыл болашағына қосқан үлесі.

Ұқсас жаңалықтар

Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

25.05.2026
Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округінде бой көтеріп жатқан «Eurasia Agro Semey» ЖШС-нің ет...

Толығырақ...Details

Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

25.05.2026
Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданы Жиенәлі ауылдық округіне қарасты Бөкенші ауылында жаңадан салынған өрт сөндіру пунктінің...

Толығырақ...Details

Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

25.05.2026
Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына жұмыс сапары барысында Талица ауылындағы ауыз су құбырының іске қосылу рәсіміне...

Толығырақ...Details

Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

25.05.2026
Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалық еткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі өрт қаупі бар маусымның өтуі, сауда нысандарының...

Толығырақ...Details

Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ

25.05.2026
Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ

Semeytany.kz – Семей қаласындағы сауда базарларын жаңғырту және олардың сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл мәселе...

Толығырақ...Details

Құрбан айт мерекесі 27 мамырда атап өтіледі

25.05.2026
Құрбан айт мерекесі 27 мамырда атап өтіледі

Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі. Осыған байланысты өңірде мерекені ұйымдастыру, құрбандық шалу рәсімдерін талапқа сай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

6 часов бұрын

Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

6 часов бұрын

Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

6 часов бұрын

Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

6 часов бұрын

Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ

6 часов бұрын

Құрбан айт мерекесі 27 мамырда атап өтіледі

7 часов бұрын

Құрбан айт кезінде арнайы орындарда ғана мал союға рұқсат етіледі

7 часов бұрын

Облыс әкімі жастармен бірге көшет отырғызды

7 часов бұрын

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

4 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС