"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Зәуреш Исабаева: МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕРДІ ӨТКІЗУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАР БАР

10.02.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында атап өткендей, 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы Абайдың 170 жылдығы сияқты мерейлі мезеттер дәл биылғы жылы аталып өтілетіндігі бастапқы сөзімізге дәлел болмақ. Ал Семей қаласы – Ұлылардың мекені, еліміздің рухани орталығы болғандықтан, қалада аталмыш мерейлі мерекелерге арнал-ған ауқымды шаралардың көптеп ұйымдастырылатыны айтпаса да түсінікті. Ел көлеміндегі елеулі мерекелердің Семей қаласында өтуі, ұйымдастырылуы тұрғысында арнайы жұмыс тобы құрылып, жылдық жоспарлар әзірленіп, жұмыс басталып кетті. Осы ретте Семей қаласында атқарылатын ауқымды шаралардың өту барысы жайында Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы Исабаевамен сұхбаттасқан едік.

{jcomments on}- Зәуреш Рамазанқызы, биылғы жылы аталып өтілетін басты мерекелерге арнайы жұмыс тобы құрылып, осы уақытқа дейін бірнеше мәрте бас қосып, жұмыс кеңестерін өткіздіңіздер. Жалпы, Семей қаласында Елбасы Жолдауында айтылған басты мерекелерді атап өтуде қандай шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде?

— Дұрыс айтасыз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылы қараша айында жариялаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында бірнеше тарихи-идеологиялық маңызы бар даталарды атап өтті. Олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конститу-циясының 20 жылдығы және Ұлы Абайдың 170 жылдығы.

Бұл мерейтойлар еліміз бен қаламыз үшін аса маңызды, сондықтан олардың лайықты деңгейде аталуы үшін қала әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, үш кездесу өтті. Күн тәртібінде мерейтойға қатысты іс-шаралар пысықталды. Бір айта кетерлігі, іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында жергілікті телеарналар арқылы хабарламалар беріліп, халықтың пікірлері мен тілектері де ескерілді. Нәтижесінде бес атаулы датаға байланысты тиісті іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, бүгінгі күні іске асырылуда.

Жалпы, жоспарланған шаралар қала, ауылдық елдімекендерді, облыс, республика және іргелес жатқан Ресей Федерациясының қалаларын қамтуды көздейді. Негізгі бағыттары рухани-танымдық және мәдени-бұқаралық сипатқа ие. Жыл көлемінде республика, халықаралық деңгейде конференциялар, тақырыптық  дөңгелек үстелдер, кездесулер, мерекелік концерттер мен    театрландырылған қойылымдар, жастардың патриоттық акцияларын, шығармашылық байқаулар, танымдық кештер өткізу жоспарланды.

Іс-шаралардың барлығы мәдени-көпшілік орындарда өтетіндіктен, қала халқының бос уақытын тиімді пайдалануға зор септігін   тигізетін болады.

— Осы аталған шараларға дайындық  барысы қалай? Бұл тек Семей қаласы әкімдігінің ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, жастар, қала тұрғындарының бірлесе атқаратын шаруасы емес пе?

 

—  Әрине, мерейтойлық даталарды       тойлаудағы жұмыстың нәтижелілігі олардың мәні мен мазмұнын терең түсінуге байланысты. Біз, ең алдымен, бұл даталардың жан-жақты насихатталуына, жастардың рухани-адамгершілік тұрғысынан дұрыс тәрбие алуына баса назар аударамыз. Осы ретте, мерекенің жалпыұлттық сипатқа ие болуы үшін оны халық болып атап өтудің  маңыздылығына тоқталғым келеді. Бір қуантарлығы — қалада өткізілетін кез келген мәдени бұқаралық іс-шараларға, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні, Жаңа жыл сынды мерекелерде қала тұрғындары мен қонақтары көптеп қатысып, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп жатады.

Әрбір мерекелік дата назардан тыс қалмауы тиіс. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан арнайы ұсынымдар әзірленіп, қаладағы мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға жолданды. Бұған сәйкес, барлық еңбек ұжымдарында мерейтойлық даталардың мазмұнын ашатын іс-шаралар өткізілетін болады.

— Зәуреш Рамазанқызы, биылғы жылды Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жылы деп жариялады. Жалпы, Семей қаласындағы мәдени-танымдық іс-шаралардың барлығында ұлттық мәдени орталықтардың белсенді түрде атсалысып жүргенін анық аңғарамыз. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», қашан да бір атаның баласындай ынтымақта Семей қаласының мәдениетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген этномәдени орталықтардың жұмысына тоқталып өтсеңіз?

— Рахмет! Еліміз Тәуелсіздігін алған тұстағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған мақсаты — елдегі ұлт-аралық және дінаралық қатынасты нығайту. Семей  елімізді мекен еткен көптеген ұлттардың басын қосқан қала болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар назардан тыс қалған жоқ. Қоғамдық негізде жұмыс істеп келген «Кіші Ассамблея» 2011 жылдың наурыз айында қала әкімінің өкімімен «Семей қалалық Достық үйі» болып ресми ста-   тусқа ие болды. Бұл ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысын жүйелеуге, олардың қаржылық-шаруашылық шығындарын өтеуге, Қазақстан халықының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілі мен әдет-ғұрыптарын насихаттауға тың серпін берді. Бүгінгі күні Достық үйі шаңырағының астында 16 ұлттық орталық жұмыс істейді. Олар қалада, облыс пен республикада, тіпті халық-аралық деңгейде өткізілетін іс-шаралардан қалыс қалмай, өздерінің өнері мен мәдениетін дәріптеп, бағасын алуда. 5 орталықтың жанынан құрылған ансамбльдердің «Халықтық» атағы бар.

Жалпы, біздің орталықтардың тікелей араласуымен және ұйымдастыруымен қалада жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күні, Масленица, Наурыз мейрмамдары, Бал-фестивалі, Қазақстан наны фестивалі, «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» фестивалі, халықаралық «Ертіс әуендері» фестивалі жоғары деңгейде өткізілді.

Қалалық Достық үйінде әртүрлі ұлттық орталықтардың қолөнер үйірмелері бар, олар: орыс әлеуметтік-мәдени орталығындағы «Рукоделие»; татар қоғамдық орталығындағы «Аккалфак»; «Айша Бибі» мәдени орталығындағы «Алтын оймақ»; «Буюк келажак» атты өзбек мәдени орталығындағы «Шебер қолдар» және «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің қолөнер үйірмелері. Аталған үйірмелер жетекшілері мен мүшелерінің ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында қала аумағындағы білім ордаларына көшпелі көрмелер ұйымдастырылады.

Бүгінгі өскелең ұрпақ үшін тағылымды шаралардың ұйытқысы, өнегелі істердің көшбасшысы болып жүрген ұлттық мәдени орталық мүшелерінің қоғам игілігі үшін    жасап жатқан жұмыстарының көкжиегі     Ассамблея жылын тойлау барысында бұдан әрі кеңейе түсері анық.

—  Жаңа жыл қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен соғыс ардагерлерін жалпыұлттық қолдау акциясы өтіп, майдангерлерге ерекше сый-сияпат жасалып, құттықтау хаттар жолданды. Осы ретте Жеңістің 70 жылдығында қалалықтарды не күтуде?

— Биылғы атаулы даталарды бірі – ол, әрине, Жеңістің 70 жылдығы. Посткеңестік кеңістікте осы мерейтойды атауды Қазақстан бастап кетті. Ол — жаңағы өзіңіз айтып өткен Президентіміздің арнайы құттықтаулары.

Жеңістің 70 жылдығы аясында қалада   ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, батыр   бабаларымызға тағзым жасауға бағыттал-ған іс-шаралар легі өте көп. Ең алдымен, ұйымдастыру шаралары қабылдану үстінде. Қала мен ауылдық елдімекендердегі мемориалдар мен ескерткіштердің, ескерткіш тақталарының техникалық жай-күйі қаралып, жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге баулу үшін түрлі акциялар, қамқорлық шаралары, танымдық кештер мен әскери-патриоттық ойындардан жарыстар, елжандылыққа бағыттайтын байқаулар өткізу жоспарланды. Бұл бағытта қаланың оқу орындарында орналасқан мұражайлардың белсенді жұмыс істеуінің маңызы ерекше.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демей ме халқымыз. Бүгінгі күні қалада 112 ардагер бар. Олардың әрқайсысының біздер үшін орны ерекше. Сондықтан біз арагерлердің әлеуетін пайдаланып, оқушылармен кездесулер өткізуді, жастарымыздың ардагерлердің үйлеріне барып көмек көрсетулерін ұйымдастырудамыз.

Қалалықтардың тарихи танымын кеңейту мақсатында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған көшелерде «Көше мерекесін» өткізу жоспарланды. Бүгінгі күні олардың саны — 12. Жаз айларында бұл көшелердің бойында халықтық тойлаулар, мерекелік сауда-саттық, концерттер, спорттық жарыстар өткізіледі. Осы ретте батыр бабаларымыздың көшелерінің бойында тұратын жерлестерімізді белсенділік танытып, мерекеге қатысуға шақырамыз.

Мерекеге орай әрбір ардагерге қала, облыс және республикалық бюджет есебінен 250 мың теңге қаржы қарастырылған. Бұдан өзге соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табысталатын болады.

9 мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша мерекелік шеру, орталық саябаққа гүл шоқтарын қою рәсімі, концерттік бағдарламалар ұсынылып, от шашу болады.

— Биылғы жылы Ата заңымыз – Конституцияның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Мерейтойға байланысты қандай жоспарларыңыз бар?

— Қалалық жоспарға сәйкес, Конституцияның жиырма жылдығына арналып, ғалымдардың қатысуымен қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдер, семинарлар, патриоттық форумдар, дебат сайыстары, заң саласында білім алып жүрген республикалық магистрлік жұмыстар байқауы, халықаралық велошеру ұйымдастырылмақ. Конституция күні қарсаңында салтанатты жиын өткізу жоспарланды.

— Қой жылындағы тағы бір атаулы дата, әсіресе Семей қаласы үшін ерекше маңызы бар, бұл — Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы. Зәуреш Рамазанқызы, хакімнің мерейтойын атап өтуге жоспар бекітіліп, кешенді жұмыстар басталып кеткен болар?

— Дұрыс айтасыз! Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мерейтойлық датасы республика халқы, оның ішінде Семей қаласының тұрғындары үшін, үлкен идеологиялық және мәдени маңызға ие. Абайдың рухани-мәдени құндылықтары мен шығармашылық мұраларын дәріптеу мақсатында қалада ақынның мерейтойын мерекелеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. 300-ге жуық ірілі-ұсақты іс-шаралар қарастырылған, солардың ішінен қалалық жоспарға маңызды деген елуін қосып отырмыз. Оның ішінде қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін іс-шаралар да бар. Ең негізгілеріне тоқталар болсақ, олар: қазан айына жоспарланған «Абай Құнанбайұлы: шығармашылық мұрасы және абайтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция; РФ Алтай аймағының Рубцовск қаласында өтетін «Абай және Пушкин: екі елдің қос данышпаны» атты әдеби-мәдени онкүндік; қалалық, облыстық және республикалық Абай оқулары; Өскемен, Павлодар, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында өтетін «Абайдың алып айдыны» атты көрме-концерттері; Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы мен «Нұр Отан» партиясының бірлескен жобасының аясында «Абайды танып, біл!» атты дөңгелек үстелдер мен семинарлар топтамасы; «Абай» спектаклі мен «Құнанбай» фильмдерінің тұсаукесері, танымдық кештер мен кездесулер, абайтанушылар конференциясы және сол сияқты басқа да шаралар.

Тамыз айында Абай театрында қаланың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өтіп, классикалық музыкадан «Кемел ойдың кемеңгері…» атты концерттік бағдарлама ұсынылатын болады.

— Осы шағын сұхбатты қорытындылай келе, биылғы жылғы атқарылатын жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! Рахмет!

— Рахмет!

Сұхбаттасқан

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ.

Ұқсас жаңалықтар

Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

12.07.2025
Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

Semeytany.kz – Курчатов қаласындағы «Компания Балапан Көлігі» ЖШС-нің өндірістік базасы өңірлік теміржол тасымалының маңызды нүктесіне айналған. Облыс әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

12.07.2025
Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

Semeytany.kz – Курчатов қалалық ауруханасының материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Өңір басшысы Берік Уәли емдеу мекемесіне арнайы барып, жүргізілген жөндеу...

Толығырақ...Details

Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

12.07.2025
Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

Semeytany.kz – Курчатов қаласында бос тұрған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли шаһарға жұмыс...

Толығырақ...Details

Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

12.07.2025
Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуге келгендер жылу мен ауыз су...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

12.07.2025
Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы қаладағы әлеуметтік-экономикалық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

12.07.2025
Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

Semeytany.kz – Абай облысында 13 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толықтай бас тартқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

2 дня бұрын

Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

2 дня бұрын

Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

2 дня бұрын

Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

2 дня бұрын

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

2 дня бұрын

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

2 дня бұрын

Абай облысында орман және дала өрттеріне қарсы шаралар күшейтілді

2 дня бұрын

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 дня бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

2 дня бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС