"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде Конституцияның 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

29.08.2025
Семейде Конституцияның 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Конституция – еліміздің басты саяси-құқықтық құжаты, мемлекеттіліктің іргетасы. Биыл Ата заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Конституция тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы басты бағдаршамға айналды.

Семейде Конституцияның 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген төлқұжат 2022 жылдың 5 маусымында өткен жалпыұлттық референдумда толық реформадан өтіп, Ата Заңымыздың 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Шын мәнінде, Президентіміздің саяси ерік-жігерінің арқасында жүргізілген конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерістері басталды, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалды. Құқық қорғау институттарының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтеріліп, Конституциялық Сот құрылды. Кешегі Күлтөбенің басындағы келелі кеңестерден туған «Әз-Тәукенің жеті жарғысы» аталатын жаңа мизамда жазылған «Әділетті қоғам», Абай жазған кешегі «Қарамола ережесінде» қамтылған «Әділдік», Алаш арыстары аңсаған «Теңдік» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидасына негізделген «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында бір арнаға тоғысты. Осы ұлы құндылықтармен үндесіп жатқан «Әділдік бар жерде ынтымақтың туы жығылмас» деген халық даналығы бүгінгі Конституцияның рухымен ұштасып, мемлекетіміздің жарқын болашағына жол сілтеп тұр. Біз Ата Заңымызды ардақтап, елдігімізді нығайтып, әділет пен бірлікті сақтасақ, мемлекетіміздің мерейі үстем, болашағымыз жарқын болатыны сөзсіз», – деді аймақ басшысы.

Салтанатты шара барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Конституция тарихы мен оның қоғамдағы маңызын айшықтайтын сахналық қойылым жұртшылық назарына ұсынылды. Белгілі айтыскер Аспанбек Шұғатай арнау айтып, Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, Гүлдана Ноғайбаева, Мапруза Утуленова сынды әншілер партриоттық әндерді орындады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

15 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

16 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

23 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС