"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕКЕМЕНШЩІК БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

10.02.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жылдың басында Үржар ауданында «Ер Төстік» балабақшасы ашылса, игілікті істің ізі суымай тұрып, «Болашақ» атты бүлдіршіндердің тағы бір көрікті ордасы пайдалануға берілді.

{jcomments on}Айта кетерлігі, аудан тарихында бұл балалар бақшасы —  алғашқы жекеменшік балабақша. Мекеменің ашылуына кәсіпкер Сәуле Тұрлыбекова мұрындық болған. Балғындарға есігін айқара ашқан балабақшаның салтанатты ашылуына аудан басшысы Серік Зайнулдин, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Серік Зайнулдин аймақ басшысы Даниал Ахметовтің балғындарды балабақшамен қамту мақсатында ауданда тек қана мемлекеттік емес, жекеменшік балабақшалардың да болу керектігін айтқанын жеткізді. Тапсырманы жүзеге асыру үшін аудан басшылығы кәсіпкер Сәуле Сұлтанбекқызына ұсыныс жасап, нәтижесінде «Ер Төстік» балабақшасының бұрынғы бос қалған ғимаратында жаңа балабақша ашу ісі қолға алынған.

 

— Балабақшаның ашылуымен аудан әкімдігі атынан, аудандық мәслихат атынан  құттықтаймын. Ауданда 1500-ден артық бала 31 балабақшада тәрбиеленуде. Үржардың тарихында бірінші рет жекеменшік балабақша ашылып отыр. Балабақшаның іші күлкіге толсын, — дей келе, балабақша ашу ісінде Үржардан шыққан бірінші кәсіпкер ана  Сәуле Солтанбекқызына алғыс айтып, еңбегіне жеміс тіледі.

 

Аудан әкімінің ақжарма тілегінен соң балабақша ғимараты салтанатты түрде ашылып, лента қию құрметі облыстық маслихаттың депутаты Р.Жанкүшікова мен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сандыбаевқа бұйырды.

Балабақша жекеменшік болғанымен, мемлекет тарапынан қолдау жоқ емес. Ғимараттың жылуына, мамандар ұстауға, қажетті құрал-жабдықтар алуға арнайы қаржы бөлінеді екен. Бөлмелері де кең, жалпы, балғындарға барлық жағдай жасалған. 27 маман жұмыспен қамтылыпты.

— Жаңа балабақшамыз 50 балаға арналған. «Қарлығаш» және «Айгөлек» атты екі топтан тұрады. Бүгінгі таңда әр баланың тамағына айына 10 мың теңге жұмсалады. Алғашқы күннен бастап-ақ сұраныс көп, — дейді Сәуле Тұрлыбекова балабақша жайлы.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

23 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС