"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей қаласында 10 спорт түрінен жалпы 100-ге жуық іс – шара жоспарланған

03.09.2025
Семей қаласында 10 спорт түрінен жалпы 100-ге жуық іс – шара жоспарланған
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл қала тұрғындарын дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту үшін арнайы жоспар бекітіліп, қалалық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрболат Рахымғажинов баяндады.

— Аталған жоспарға сәйкес қалада адам көп шоғырланатын қоғамдық кеңістіктер белгіленіп, барлық жастағы азаматтар үшін «Баршаға арналған спорт» тегін жобасы іске асырылатын болады. Яғни, келесі спорт түрлері бойынша сауықтыру іс – шаралары өткізіледі: CrossFit, Yoga, Zumba, Street Workout, шахмат, садақ ату, скандинавиялық серуендеу, бадминтон, жағажай волейболы, жүгіру. Сонымен қатар, қыркүйек айында спорттың 10 түрінен барлығы 100 іс – шара өтеді. Бүгінгі күні аталған жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, жаттығу кестесі құрылуда, — деп атап өтті спикер.

Бас маманның айтуынша, Семей қаласының 9 спортшысы әртүрлі спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

— 6 қыркүйек күні орталық «Арбат» алаңында күштік экстримнен «Қажымұқан жолы» спорттық іс-шарасы өтеді. Бұл жарыс республикалық «Қажымұқан жолы» турниріне іріктеу кезеңі болып табылады. Сондай-ақ, Қала күні мерекесі қарсаңында тұрғындарға арналған бірқатар ауқымды спорттық шараларды өткізу жоспарлануда, — деді Нұрболат Рахымғажинов.

Елімізде «Кекушинкай каратэ бойынша Барлық Қазақстандық ұйым» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Ұйымның алдағы жоспарлары жайлы Абай облысы бойынша директоры Гүлнар Жақаева атап өтті.

— Біздің ұйым облыстық және қалалық спорт басқармаларының қолдауымен жұмыс істеп келеді. Филиалдың спортшылары Азия және Қазақстан чемпионаттарының, халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпаздары атанып, Жапония, Грузия, Ресей, Өзбекстан сияқты елдерде ел намысын қорғап жүр. Қазіргі таңда өңірде 10 мыңнан астам спортшы тұрақты түрде айналысады. 2024 жылы «Абай Аренада» «Еуразия Кубогы – 2024» өткізілсе, «Ояма Кубогы» турнирі және 15-тен астам спорттық шара ұйымдастырылды. Бүгінде филиалдың қоржынында – 5 спорт шебері, 50 спорт шеберіне үміткер, 100-ден астам бірінші разрядты спортшы, 25 төреші және 3 жаттықтырушы санаты бар. Балаларға арналған тегін және жеңілдікпен сабақтар қарастырылған. Біз алдағы мақсаттарға үлкен команда ретінде бірге жетуге дайынбыз! — деп түйіндеді Гүлнар Жақаева.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

14 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

14 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

21 час бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС