"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаппай цифрландыру, жасанды интеллект Жолдаудың негізгі арқауы болды – Руслан Желдібай

09.09.2025
Жаппай цифрландыру, жасанды интеллект Жолдаудың негізгі арқауы болды – Руслан Желдібай
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында жазды.

— Мемлекет басшысы Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде цифрлық ел болуы керек деген міндет қойды, — деп жазды ол.

Осыған орай бірнеше маңызды бастама көтерді:

Цифрлық кодексті тезірек қабылдау. «Заңда жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс»;

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру;

Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыру

Цифрлық теңгенің қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет.

Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құрған жөн.

Alatau City қаласын аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналдыру.

«Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек»;

Мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу.

Президент тапсырмасымен қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісі жасалады;

Бұдан бөлек, ол Мемлекет басшысы ЖИ технологиясы мен цифрлық құралдарды геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, кеден және логистика, құрылыс, су ресурстарын басқару секілді бірнеше бағытта кеңінен қолданудың маңызына тоқталғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Жолдауда инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлерді ынталандыру және олардың құқығын қорғау жөнінде бірқатар маңызды ұсыныс айтты.

Бас прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгереді.

Жалпы, Бас прокуратура жұмысының нәтижесінде қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Қаржы 10 мектеп, 4 спорт ғимараты, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына жұмсалды;

Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретінде рөлін қайта қарау қажет. «Қорды қосымша инвестиция көзі ретінде қолдану үшін ел ішіндегі болашағы зор және нарықтағы әлеуеті жоғары болатын жобаларға қаржы бөлуге болады»;

Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы керек.

Арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады.

Кәсіпкерлер — елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші;

Жаңа Салық кодексі салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруға тиіс;

Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс. Бұл – азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіліп, инфрақұрылым салынып, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы қажет деген сөз.

Өнеркәсіп, энергетика саласындағы жетістерді еселей түсу қажет:

Соңғы бес жылда өңдеу өнеркәсібінде бірқатар жетістік бар.

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды.

Ең маңызды бағыттар: металлургия, автокөлік өндірісі, газ-химия кешені т.б.

Экономиканы тұрақты дамыту үшін бір АЭС жеткіліксіз. Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек;

ҚХР-мен атом саласындағы стратегиялық серіктестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді;

Геология барлау жұмыстарын күшйтіп, жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет.

Президент жолдауда ауыл шаруашылығын жаңа деңгейде көтеру жолдарына тоқталды.

Атап айтқанда Үкіметке және Ауыл шаруашылығы министрлігіне:

Үздік агро холдингтердің тәжірибесін жаппай тарату;

Агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту;

Мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын бастау;

Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту;

Аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу;

ЕАЭО аясында отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау;

Ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту тапсырылды.

— Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көлік-логистика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, су ресурстарын басқару, білім, ғылым және инновацияны дамыту секілді маңызды бағыттардағы стратегиялық мақсаттарды айқындады,-деді Қазақстан Президентінің кеңесшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

10 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

10 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

18 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС