"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жолдау жолдарын оқығаннан кейін

09.09.2025
Жолдау жолдарын оқығаннан кейін
88
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа даму бағытын айқындап берген аса маңызды құжат. Бұл жолы Мемлекет басшысы заманауи технологиядан бастап, экономика, әлеуметтік жағдай, саясат, қоғам өміріне дейінгі барлық негізгі салаларды қамтыды.

Әсіресе, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға ерекше тоқталды. Бүгінгі заманның басты талабы да осы. Жаңа технологияларды меңгеру – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады, экономиканы жаңа деңгейге көтереді. Бұл – еліміздің болашағына жасалып отырған инвестиция.

Сонымен қатар, Президент заң мен тәртіпті сақтау мәселесін де ерекше атап өтті. Қоғам әділдікке сүйенгенде ғана тұрақты дамиды. Әр азамат өзін қорғалған сезінсе, мемлекеттің де іргесі берік болады. Заң үстемдігі – кез келген өркениетті елдің басты тірегі.

Экономика тақырыбында көтерілген басты мәселе – инфляция. Бұл халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Сол себепті Үкімет пен Ұлттық банктің күш біріктіріп, тиімді шешім қабылдауы – уақыт талабы. Инфляцияны ауыздықтау – әрбір отбасының тұрмыс жағдайын жақсартудың кепілі.

Энергетика саласында айтылған бастамалар да ел үшін стратегиялық маңызға ие. Ядролық қуат көзін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақты даму кепілі. Әрине, бұл ретте қауіпсіздік мәселесі бірінші орында тұруы қажет.

Саяси салада Парламент құрылымын қайта қарау бастамасы көтерілді. Бұл – батыл шешім. Мұндай маңызды өзгерістерді қоғам болып талқылап, әр азаматтың пікірін ескеру – демократиялық қадам.

Жолдауда ерекше мән берілген тағы бір маңызды тақырып – «Қарызсыз қоғам» жобасы. Бұл бастама әр отбасының жүрегіне жақын деп ойлаймын. Өйткені қарыздан құтылып, қаржылық сауатты болу – адамдардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, болашаққа деген сенімін нығайтады.

Мен халықпен кездескен сайын осы мәселенің қаншалықты өзекті екенін көремін. Азаматтар қарыздан арылып, дұрыс қаржылық шешім қабылдауға үйренгісі келеді. Қуаныштысы – бұл жоба нақты нәтижесін беріп жатыр. Былтыр республика бойынша 845 мыңнан астам азамат кеңес алып, білімін жетілдірсе, тек біздің Абай облысының өзінде биылғы 8 айдың ішінде 11 497 тұрғын арнайы оқудан өтті. Бұл – халықтың үлкен ынтасы бар екенін және біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды дәлелдейді.

Қаржылық сауаттылық – тек есеп-қисап қана емес. Бұл – отбасының тыныштығы, болашаққа деген сенім, өз өмірін дұрыс жоспарлау мәдениеті. Президенттің бұл бастаманы қолдауы біз үшін үлкен демеу әрі зор жауапкершілік. Сондықтан қаржылық сауатты азаматтарды қалыптастыру – барлығымыздың ортақ міндетіміз.

Жалпы алғанда, Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын бағдаршам іспетті. Онда қойылған әрбір бастама халықтың тұрмысын жақсартуға, мемлекетімізді жаңа белеске шығаруға бағытталған. Ең бастысы – бұл жолғы Жолдау әрбір қазақстандықтың өміріне тікелей әсер ететін нақты шешімдермен ерекшеленді.

Айдар Садырбаев
Аманат партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

4 часа бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

4 часа бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

4 часа бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

4 часа бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

16 часов бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

21 час бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

22 часа бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

1 день бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

1 день бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС