"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

11.09.2025
Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірде жүзеге асыру бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, партия филиалдарының, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық мәслихат өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Жиынды ашқан аймақ басшысы Жолдауда айтылған жасанды интеллект, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын дамыту бағытында өңірдің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды

«Бұл – еліміздің жаңа даму кезеңіндегі стратегиялық бағыттарды айқындайтын аса маңызды құжат. Президент айқындаған бастамалар біз үшін бағдаршам болуы тиіс» деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Президент Жолдауына сәйкес өңір алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып, аудан-қала әкімдеріне және жауапты басқармаларға бірқатар тапсырма жүктеді. Ең алдымен, цифрландыру бағытын күшейту үшін жасанды интеллект пен жаңа технологияларды ауыл шаруашылығы, білім, медицина және су ресурстарын басқаруда қолдану тапсырылды. Сондай-ақ инвестиция тарту ісінде әкімдердің жеке жауапкершілігі айқындалатыны айтылып, инвесторлармен нақты нәтижеге бағытталған жұмысты ұйымдастыру міндеті қойылды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығында үздік агрокәсіпорындардың тәжірибесін енгізу, мемлекетке қайтарылған жерлерді тұрақты айналымға қосу – басым бағыттар ретінде белгіленді.

Көлік және логистика саласында «Бақты-Аягөз» теміржолы, Семейдегі жаңа көпір құрылысы мен қалаға айналма жол салу жобалары ерекше назарда. Туризм бағытында Алакөл жағалауын абаттандыру жұмыстары жалғасады. Кәсіпкерлікті дамытуда өнім өндіретін бизнес субъектілерінің үлесін арттыру, білім саласында жасанды интеллектпен жұмыс істеу құзыретін мектептен қалыптастыру, денсаулық сақтау жүйесінде ұлттық жобаларды іске асыру, сондай-ақ құрылыс саласында жасанды интеллект элементтерін қолдануды ұйымдастыру тапсырылды.

Кеңесте цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы өңірді цифрлық трансформациялаудың жеті бағытын таныстырды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім, аграрлық сектор және қоғамдық қауіпсіздік салаларына жасанды интеллект енгізу, мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа көшуі, өңірлік деректерді өңдеу орталығын салу, Семей қаласында Smart City жобасын іске қосу және су ресурстарын басқаруда жасанды интеллект жүйесін қолдану жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков өңірде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған инвестициялық жобалар туралы баяндады.

Жыл басынан бері өңірде инвестициялық жобалардың саны 29-дан 86-ға дейін өскен, 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы құны 423,1 млрд теңгені құрайтын өңірлік инвестициялық пул жасақталды. Сондай-ақ 3,2 трлн теңгеге 41 жобаны қамтитын жалпыұлттық цифрлық пул жаңартылды. Алдағы жылдары облыста мыс балқыту зауыты, тау-кен байыту комбинаты, Аягөз-Бақты теміржолы, катодты мыс өндіретін кешен және ет өндіру кәсіпорындары сияқты ірі жобалар жүзеге аспақ. 2025 жылдың өзінде ғана 27,1 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылып, 667 жаңа жұмыс орны құрылады.

Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде инвестициялық бағдарлама бекітіліп, азық-түлік өнеркәсібі, туризм және көлік-логистика салаларын қамтитын жаңа жобалар айқындалды. «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағын кеңейту жұмыстары басталып, арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда.

«Абай облысында инвесторлармен атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны жаман емес. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек. Алайда инвесторлармен жұмыс дегеніміз – олармен жай ғана кездесіп, танысу емес. Бізге келетін инвестор көп, бірақ олардың қайсысымен нақты нәтижелі жұмыс жүргізіп жатырмыз? Бірінші кезекте осыны қадағалауымыз қажет» деді облыс әкімі.

Кеңесте облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков сөз сөйлеп, Жолдаудағы бастамаларды жүзеге асыруға депутаттық корпус белсене қатысатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

9 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

9 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

17 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС