"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШОҚАН БЕЙНЕСІ СОМДАЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ

14.02.2015

Жексенбі күні Абай театрының сахнасында жаңа спектакльдің тұсаукесері өтті. Қойылымда қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы сәттері көрсетілді. Пьесадағы айтар ой басты кейіпкердің өзінің ішкі жан дүниесімен сырласуы, жақындарының, туыстарының, достарының бейнелерімен сұхбаттасуы арқылы берілді.

{jcomments on}Жерлесіміз, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен бішкектік режиссер Шамиль Джапаровтың қосавторлығымен жазылған драмалық қойылым ағымдағы жылы аталып өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты мерейтойлық даталарға арналған. Сонымен қатар биыл Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толып отыр. Пьесаның сахналауына Достоевский және Абай атындағы театрлардың актерлері қатысты.

 

Бірактілі драманы тамашалау барысында көрермен айықпас сырқатқа душар   болған бас кейіпкердің өзінің өміріндегі жақын адамдарының бейнелерімен диалогының куәсі болды. Ақтық демі таусылуға шақ қалған Шоқан жұртының адал перзенті ретінде тындырған істерін ой елегінен өткізіп, өз-өзіне есеп береді. Жасап кеткен дүниелері жайлы түрлі сұрақтар қойып, соларға жауап іздейді. Бірде өзінің жан дүниесіне үңіледі. Бірде көкейін-дегі ойларын әкесі Шыңғыстың, достары Достоевскийдің, Потаниннің бейнелерімен диалог барысында ақтарады.

 

Спектакль соңында қала әкімі аппаратының басшысы Шаған Жұмақсанов пен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінінің Жоғары педагогика мектебінің  директоры, профессор Арап Еспенбетов қойылымға қатысқан шығармашылық топқа көрермендер атынан алғыстарын айтты. Алдағы уақытта еңбектерінің табысты    болуына тілектестіктерін жеткізді. Өз кезе-гінде қойылымның режиссері Шамиль Джапаров та драманы сахналауға қатысқан актерлерге алғысын білдіріп, барша халықты Қазақстанның өсіп-өркендеп, дамуына үлес қосуға шақырды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

14 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

14 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

14 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

18 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС