Диляра мен Ілияс опера театрында танысты. Олар бір-біріне бірден ғашық болды: жас қызға кеудесіне орден таққан бұрынғы офицер қалай ұнамаушы еді? Ілияс Есенберлин аяғынан ауыр жарақат алғандықтан, таяққа сүйеніп ақсап жүрген.Ілияс Есенберлиннің болашақ жары Диляра Жүсіпбекованың әкесі Хамза Жүсіпбеков — Қазақстан Әділет Министрлігінің министрі. Хамза Жүсіпбеков репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілген.Диляра Жүсіпбекова өз Отанына опасыздық жасаған тұлғаның отбасы мүшесі — «Халық жауының қызы» ретінде тізімде тұрды. Мұндай адамдардың тағдыры ауыр еді. Диляра қуғын-сүргінге ұшыраған адамның қызы екендігін жасырмай, Ілиясқа бірден айтты. Әдетте осы сөздерден кейін Диляраны ұнатқан жігіттер қас қағымда көзден ғайып болатын, ал Ілияс Есенберлин: «Мен сені сүйемін, менің жарым болғаныңды қалаймын», — деді. Ілияс өз жарын құрметтей білген. Диляра да осындай көзқарасқа лайық болып шықты.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу тәртібі, төлеу мерзімі және салықтық жеңілдіктер туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік...
Толығырақ...Details





