"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

16.09.2025
Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Бүгін Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыс әкімі Берік Уәли жергілікті бюджет есебінен бөлінген білім беру гранттарының иегерлерімен кездесті. Жиынға өңірдің жоғары оқу орындарының ректорлары, колледж және мектеп директорлары, басқарма басшылары мен студенттер қатысты.

Облыс әкімдігі биыл еңбек нарығында сұранысы жоғары 32 мамандық бойынша 200 грант қарастырды. Қаржы педагогика, экономика, техника және құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы және IT салаларына бағытталды. Биыл алғашқы рет «Журналистика» және «Стоматология» мамандықтарына да грант бөліп, жаңа кадр даярлауға жол ашылды. Өңір 200 грантпен республика бойынша алдыңғы алтылыққа енді. Бағдарлама 2023 жылдан бері жүзеге асып келеді.

Абай облысында 32 бағыт бойынша 200 өңірлік грант тағайындалды

Берік Уәли грант иегерлерін құттықтап, білімді жастардың елге қызмет етуі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, гранттарды бөлу кезінде оқу үлгерімі жоғары, пәндік олимпиада мен спорт жарыстарының жүлдегерлері, сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, ауыл мектептерінің түлектері басымдықпен қолдау тапты. «Әділетті қоғам құрудың бастауы — білім мен ғылым. Биыл әкім гранттарының әділ бөлінуін өзім қадағаладым», — деді аймақ басшысы.

Кездесуде студенттер де сөз сөйлеп, көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. Семей медицина университетінің «Стоматология» мамандығында оқитын Жібек Теміржанова гранттың білімін тереңдетуге және алдағы мақсаттарына жетуге серпін бергенін айтып, алған білімді ел игілігіне жұмсауға уәде етті.

Қазір өңірдің үш ірі жоғары оқу орнында — Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University және Семей медицина университетінде — 20 мыңға жуық студент білім алуда. Жергілікті гранттар жүйесі аудан-ауылдардағы кадр тапшылығын азайтып, өңір экономикасына қажет мамандарды даярлауға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

5 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

7 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

7 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

7 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС