"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ

17.02.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Жарма ауданында «Қазақстан Студенттерінің Альянсы» РСҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдерімен кездесу өтіп, жүздесу аясында ұйымның Жарма ауданындағы филиалы құрылды.

{jcomments on}Бұған дейін Үржар, Аягөз аудандарында жастармен кездесу ұйымдастырған арнайы топтың негізгі мақсаты – қазіргі таңда республика көлемінде 4 мыңға жуық мүшесі бар ұйымның тыныс-тіршілігімен жастарды таныстыру, аудандарда Студенттер                Альянсының филиалдарын ашу.

Альянстықтардың Жармадағы жүздесуі аудандық Жастар үйінде өтті. Оған мектеп оқушылары мен жармалық жастар қатысты.  Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аманжол Кикбаев шараның маңызы мен мақсатына тоқталып, кіріспе сөз сөйледі.

Алғашқы танысудан соң арнайы топ мүшелері ұйымның бүгінгі сәтке дейін облыс көлемінде ұйымдастырған маңызды және ауқымды іс-шаралары жайында бейнеролик көрсетіп, көпшілік шараларды қалай ұйымдастыру керектігін, іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, демеушілерді тарту, дебат клубтарының жұмысын жандандыру жолдарын түсіндірді. Республика көлемінде көптеген оқу орындарын қамтып отырған ұйымның жұмысындағы тағы бір ерекшелік —  өздерінің өткізетін шараларына Қазақстанның өнер жұлдыздарын, қоғамдағы әр саланың қызметкерлерін белсене араласуға шақырулары екендігін тілге тиек етті, жастардың өмірлік бағыт-бағдарын айқындап, өз жолдарын табуларына ықпал ететіндіктеріне тоқталды.

 

Кездесу барысында ұйымның атқарған жұмыс нәтижелеріне қарап, альянстықтар тек мәдени шараларды ғана емес, рухани, сауабы мол игі істерге де мұрындық болатындықтарына көз жеткіздік. Атап айтсақ, «жетім көрсең, жебей жүр» деген халық даналығын әрдайым есте сақтаған жастардың Семей қаласындағы балалар үйінде өткізген игі шарасы көпшіліктен қолдау тапқаны анық.

 

Шара аясында ағымдағы жылы Семей қаласында Студенттер Альянсының слеті өтетіндігі айтылды. Бұл мәлімет оқушыларды қызықтыра түсті. Ұйым жұмысына қызығушылық танытқан кездесуге қатысушылар сауалдарын жолдап, жауап алды.

Жүздесу соңында аудан бойынша аталған ұйымның бөлімшесі құрылып, оның мүшелері тағайындалды.  Филиал басшысының міндетін уақытша атқару В.Маяковский атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аяулым Тургамбаеваға, ал көмекшісі қызметі аталған мектептің оқушысы Нурмухамбет Калиевке тапсырылды.

Ел ертеңі саналатын жастардың қоғамдық өзгерістер мен мемлекеттік жастар саясатын дамытуға деген көзқарастары жиын барысында анық байқалды. Өз өмірін Қазақ Елінің ертеңімен сабақтастыра білетін әрбір қазақстандықтың шынайы патриот болуы осы сәттен басталарына кәміл сенеміз.

Аманжол КИКБАЕВ,

Жарма аудандық ішкі саясат

бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС