Semeytany.kz — Павлодар облысында Байет ауылының маңында Toyota жеңіл көлігі жүк көлігімен соқтығысып, отқа оранып, бес адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйекте болған. Алдын ала дерек бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін сақтамай, қашықтық режимін бұзған. Соққыдан кейін автокөлік өртеніп, іштегі жүргізуші мен төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, апаттың нақты себептері анықталып жатыр.